Найти в Дзене

Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? Араб халифатының факторы

Қарахандықтардың ислам дінін қабылдауы бойынша - ортағасырлық деректер: 1. Тазхира-и Сатұқ Боғра хан 2. Тарих-и Қашғар нақты мәлімет бергенімен, Мұса ханның дәуіріндегі қарахандықтардың ислам дінін мемлекеттік деңгейде қабылдауын ортағасырлық тарихшы Ибн әл-Асир өзінің «аль-Камиль фи-т-тарих» еңбегінде көрсетіп жазады. Тарихышлар Қарахандықтардың ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялану уақытын осы Ибн әл-Асирдің жазбасына сүйенеді. Жоғарыда екі шығарма көбіне-көп Сатұқ Боғра ханның билікке келуіне ислам дінінің ғұламаларының әсері мен сәуегейшілік әңгімесі төңірегінде өрбиді. 955-998 жж. Қарахан мемлекетін басқарған Сатұқ Боғра ханның ұлы - Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауына - ішкі және сыртқы фактор жатқаны белгілі. Шығыстағы Ұйғыр идиқұт мемлекетінің мемлекеттік деңгейде - манихейстік дінді қабылдауы - қарлұқтарды ойландырғаны белгілі. Ортағасырлық Қарлұқ мемлекеті - діни төзімділік ұстанып, Араб халифатынан қудалау көрген шиіттерді қабылдағандығы тарихи дерект

Қарахандықтардың ислам дінін қабылдауы бойынша - ортағасырлық деректер:

1. Тазхира-и Сатұқ Боғра хан

2. Тарих-и Қашғар

нақты мәлімет бергенімен, Мұса ханның дәуіріндегі қарахандықтардың ислам дінін мемлекеттік деңгейде қабылдауын ортағасырлық тарихшы Ибн әл-Асир өзінің «аль-Камиль фи-т-тарих» еңбегінде көрсетіп жазады.

Тарихышлар Қарахандықтардың ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялану уақытын осы Ибн әл-Асирдің жазбасына сүйенеді.

Жоғарыда екі шығарма көбіне-көп Сатұқ Боғра ханның билікке келуіне ислам дінінің ғұламаларының әсері мен сәуегейшілік әңгімесі төңірегінде өрбиді.

955-998 жж. Қарахан мемлекетін басқарған Сатұқ Боғра ханның ұлы - Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауына - ішкі және сыртқы фактор жатқаны белгілі.

Шығыстағы Ұйғыр идиқұт мемлекетінің мемлекеттік деңгейде - манихейстік дінді қабылдауы - қарлұқтарды ойландырғаны белгілі.

Ортағасырлық Қарлұқ мемлекеті - діни төзімділік ұстанып, Араб халифатынан қудалау көрген шиіттерді қабылдағандығы тарихи деректерде айтылады.

Тараз қаласында - несториандық шіркеудің болғандығын тарихи деректерде баяндайды.

Бірақ Қарлұқтарды Жетісудағы билікке әкелген араб факторы екендігін - Атлах шайқасынан білеміз.

Тарихта Махди есімін қабылдаған қарлұқ жабғуының болғандығыда айтылады.

Қарлұқ мемлекетінің - Қарахан кезеңіне ауысқанда халықтың біршама бөлігі ислам дінімен танысып үлгерген болуы керек.

Қарахан мемлекетінің билеушілері өз билігін нығайту үшін ислам дінін кең пайдаланғаны белгілі.

960 жылы Мұса хан исламды мемлекеттік дін деп жариялауында - Араб халифатымен оның Орталық Азиядағы саясатын жүргізуші Сомани мемлекетінің ықпалын ескерсе керек.

Қарахандықтардың Соманиліктерге қарсы тұруы осы Мұса ханның кезеңінде аяқталып, Қарахандықтар - Сомани мемлекетін толық күйреуіне әсер етті.

Мұса хан - өз мемлекетін дамыту үшін сыртқы факторды ескере отырып, халықаралық жағдайды да назарға алса керек.

Араб халифатының саяси-экономикалық дамуына жақындау - Мұса ханның алдына қойған стратегиялық мақсаттарының бірі болды деп ойлаймын.

Мұса хан - Қарахандықтардың Орталық Азиядағы Соманиліктердің орнын басып, бейорталықтанған болса да саяси ықпалын сақтап тұрған Араб халифатымен байланысқа түскенін қалады.

Сондықтанда ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған болуы мүмкін

-2

Сурет ғаламтордан алынды