Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Жетісу облысында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына "Шоқан Уәлиханов:тарих және тұлға" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті

10 қазан Жетісу облысында Қазақ халқының көрнекті ағартушы ғалымы, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай халықаралық тәжірибелік конференция болып өтті. Халықаралық конференцияға шетелден Шоқантанушы ғалымдар шақырылып, Алтынемелден басталған шара Талдықорған қаласында аяқталды. Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында басталған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны түсіру үшін жергілікті арналар мен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүруі - бұл маңызды іс-шараның маңыздылығын көрсеткендей болды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға көрермен болып келген әрбір тыңдарманға іс-шараның бағдарламалық парақшасы үлестірілді. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы кітаптың таныстырылымы болып өтті. Халықаралық ғылыми конференцияға Қазақстаннан басқа - көршілес Қырғызстан, Өзбекстан тарихшыларынан басқа алыстағы Ұлыбританиядан келген ғалымда өз баяндамасын таныстырды. Өзім тікелей баяндамашы болып қатыспасамда, бая

10 қазан Жетісу облысында Қазақ халқының көрнекті ағартушы ғалымы, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай халықаралық тәжірибелік конференция болып өтті.

Халықаралық конференцияға шетелден Шоқантанушы ғалымдар шақырылып, Алтынемелден басталған шара Талдықорған қаласында аяқталды.

Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында басталған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны түсіру үшін жергілікті арналар мен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүруі - бұл маңызды іс-шараның маңыздылығын көрсеткендей болды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға көрермен болып келген әрбір тыңдарманға іс-шараның бағдарламалық парақшасы үлестірілді.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы кітаптың таныстырылымы болып өтті.

Халықаралық ғылыми конференцияға Қазақстаннан басқа - көршілес Қырғызстан, Өзбекстан тарихшыларынан басқа алыстағы Ұлыбританиядан келген ғалымда өз баяндамасын таныстырды.

Өзім тікелей баяндамашы болып қатыспасамда, баяндамашылардың тақырыптың баяндамаларын жылы қабылдадым.

Кәсіби тарихшы болғанымдықтан - тақырып аясында қозғалған мәселелер маған өте қызық болды.

Қырғызстан мен Ұлыбритания елдерінде - қазақ ғалымының зерттеулері әліде зерттеліп жатқандығы мені таңғалдырды.

Жалпы, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ізденістері бірнеше бағытта, әрі этнографиялық зерттеулері сан қырлы болғандықтан - әліде зерттеуді қажет етеді.

Баяндамашылардың арасында:

Қырғызстаннан келген - Чолпан Джапарбековнаның

Ұлыбританиядан келген - Ник Филдің

және Қазақстандық Шоқантанушы Дулат Серғалиұлының баяндамалары өте қызықты болды.

  • Чолпан Джапарбековнаның айтуы бойынша Қырғызстану саласының басында Шоқан Уәлиханов тұр деуі - конференция барысында айтылған үлкен баға десек болады.
  • Ал Ұлыбританиялық зерттеуші Ник Филдің Шоқан Шыңғысұлы Кәлихановтың шығармаларын ағылшын тіліне аударып, Ұлыбритания азаматтары мен ғылыми ортасына таныстыру - алғыс айтуға тұрарлық.
  • Қазақстандық Шоқантанушы - Дулат Серғалиұлының осы конференция аясында айтқан сөздері мен пайымдары - конференциядағы ең бір жаңашылдық әрі сенсация десек болады.

Әрине, конференция аясында сөз алып Шоқан Уәлиханов жәйлі пікір қозғаған

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының сарапшысы тарих ғ.к қауымдастырылған профессор Ә. Қ. Шашаев пен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ф. М. Шамшиденованың мақалалық баяндамалары Шоқантану мәселесінде жаңаша пікірлер алып келді десек болады.

-2

Конференция аясында пікірлер әліде ғылыми ортаның талқысына түсіп, ғылыми еңбектер мен ізденістерге арқау болып, сараптауларды қажет етеді деген сенімдемін.

Біз әліде Шоқан Уәлихановтың шығармаларын әлі зерттеп біткен жоқпыз. Қырғызстаннан келген тарих ғылымының докторы Чолпан Джапарбекованың айтуынша Ресейдің Омбы қаласының мұрағат қорында - Шоқан Уәлихановқа қатысты еш жерде жарияланбаған деректер қоры жетерлік.

Менің ойымша Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың еңбектерін зерттеу әліде талай магистранттар мен докторанттарға жұмыстарына жетерлік ізденіс болады.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы жаңаша ізденістер мен пайымдар - алыпқашқа әрі нақтыланбаған әңгімелердің шығуына нүкте қояды деген ойдамын.

  • Мысалы:

- 1870 жылдардың ортасында Орыс саяхатшыларының бірі Англия мемлекетінің астанасы Лондон қаласында Шоқан Уәлихановты кездестіргендігі жәйлі дерек бар.

- Шоқан Уәлихановтың өлімінің кездесоқ болмағандығы туралы көптеген жорамалдар мен әңгімелер бар.

- ... Шоқан Уәлихановтың үрім-бұтағы Қытайда тұрады. Шөпшегімен таныстым деген әңгімелер бір жылдары ғаламтор беттерінде желдей ескен.

Бәлкім, мүмкін Шоқан Уәлиханов сынды ғаламдық тұлғаны артында қосымша әңгімелер мен біреулердің қосқан нұсқаларының шығуы заңды шығар. Зерттеу керек