Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?

Ортағасырлық кезең - феодалдық құрылыспен ерекшеленетіндігі белгілі. Бірақ, Феодализм - құл иеленушіліктен жағымды болғанымен өте қарама-қайшылыққа негізделген жүйе. Жоғарғы феодалдан алған жерді - уақытша ала отырып, арықарай сенімгерлікпен тапсырып отыру. Сенімгерлік жойылған жерде - иелікте жойылады. Үздіксіз соғыс жағдайында - жоғарғы басшылық/ қожайын тапсырған сенімділікті ақтау оңай емес. Алайда, қалалы елді-мекендердің тірлігі - сырттағы шаруалардың борышқорлығына байланысты болғанымен, қала тұрғындары ішіндегі сауда байланысын - цех қызметкерлері (қолөнершілер) мен саудагерлер жасайды. Егер көрші мемлекеттермен соғыс бастала қалған жағдайда - негізгі ауыртпашылық төмеңгі феодалдық топтар мен шаруаларға түседі. Соғыс жеңіспен аяқталса - экономикалық кіріс өтемақы арқылы көбейеді. Сауда керуен жолдары мемлекет аумағы арқылы өтетін болса - халықтың басым бөлігі саудаға бейімделіп, экономикасы осы сауда арқылы дамиды. Мысалы: Ұлы Жібек жолы. Бірақ көшпелі салтпен, қауымдасып өмір

Ортағасырлық кезең - феодалдық құрылыспен ерекшеленетіндігі белгілі.

Бірақ, Феодализм - құл иеленушіліктен жағымды болғанымен өте қарама-қайшылыққа негізделген жүйе.

Жоғарғы феодалдан алған жерді - уақытша ала отырып, арықарай сенімгерлікпен тапсырып отыру.

Сенімгерлік жойылған жерде - иелікте жойылады. Үздіксіз соғыс жағдайында - жоғарғы басшылық/ қожайын тапсырған сенімділікті ақтау оңай емес.

  • Өнім өндіруші жер өңдеуші шаруаларда еріктіліктің жоқтығы - бейбіт уақытта тұрақтылыққа кепіл болады.

Алайда, қалалы елді-мекендердің тірлігі - сырттағы шаруалардың борышқорлығына байланысты болғанымен, қала тұрғындары ішіндегі сауда байланысын - цех қызметкерлері (қолөнершілер) мен саудагерлер жасайды.

Егер көрші мемлекеттермен соғыс бастала қалған жағдайда - негізгі ауыртпашылық төмеңгі феодалдық топтар мен шаруаларға түседі.

Соғыс жеңіспен аяқталса - экономикалық кіріс өтемақы арқылы көбейеді.

Сауда керуен жолдары мемлекет аумағы арқылы өтетін болса - халықтың басым бөлігі саудаға бейімделіп, экономикасы осы сауда арқылы дамиды.

Мысалы: Ұлы Жібек жолы.

Бірақ көшпелі салтпен, қауымдасып өмір сүретін ортағасырлық мемлекеттерде - ішкі сауда басым түрде натуралдық дамуы мүмкін. Қалалы елді-мекендері болса - мемлекеттің экономикалық драйвері болады. Негізгі қорғаныс соғыстары осы қалалы елді-мекендерді қорғау үшін болады.

Негізгі байлық көзі - жер. Отырықшылық не көшпелі өмір сүрмесін.

Яғни, феодалдық экономика – бұл жерге негізделген, шаруалардың феодалға тәуелділігімен сипатталатын, натуралды шаруашылық үстемдік еткен, техникалық жағынан артта қалған экономикалық жүйе.

-2

Суреттер ғаламтордан алынды