Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Құжат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы аясында әзірленіп, білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды. Алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді. Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Ол жасанды интеллектке арналған арнайы тақырыптарды оқу процесіне енгізуді, заманауи цифрлық оқулықтар шығаруды, оқушылардың ЖИ бойынша сауаттылығын қалыптастыруды және олардың жобалық қабілеттерін дамытуға жағдай
Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті
18 сентября 202518 сен 2025
2 мин