Найти в Дзене

Непалдағы - "әлеуметтік желі" төңкерісі. Z толқыны

Сөзсіз, қазіргі революциялар мен саяси тұлғалар - парақшалар таратып, ел аралап, жылдар бойы дайындалып жүзеге аспайды.

Түрткі оқиға жантүршігершілік не эмоцианалды болса болғаны. Қалғанын әлеуметтік желілер арқылы ескен үндеулер мен ақпараттар өз нәтижесіне жеткізеді.

Ұялы телефондағы мессенджер арқылы тараған үндеулер - дамыған мемлекеттер мен енді ғана дағдарыстан шығып жатқан мемлекеттердің ірі қалаларын лезде толтырады.

Аса бір қару асынып - билікке қарсы шығып, әкімшілік ғимараттарды басып алудың қажеті жоқ.

Дер кезінде - халыққа ақпарат жеткізе алсаң болғаны.

Алып кететін - белсенділер мен белсендісымақтар табыла кетеді. Әрине, олардың арасында - әлеуметтік ортадан өз орнын таба алмай, біреулердің сүйегі арқылы билікке талпынатындарда болады.

Үкімет әлсіздік танытса не тиімсіз әрекет жасаса болғаны.

Осындай әрекеттердің бірі күні кеше ғана 30 миллиондық Непал мемлекетінде орын алды.

Азамат соғысын әрең еңсеріп, монархиядан - Республика басқару жүйесіне көшкен непал халқы жаңа заман өзгерістеріне ілесе алмаған сияқты.

Гималай тауының оңтүстік бөктерін мекендеген Непал халқы туризм саласымен күн көреді. Азиядағы ең кедей елдердің бірі.

Аграрлық сала - тіршілік ету деңгейінен аспайды.

Әлемдік теңізге шығу жолдары жоқ.

Бірақ Гималай тауы мен оның шыңдарына өрмелеу үшін жыл сайын жүздеп-мыңдап келетін альпинизм саласының туризмі жақсы дамыған.

Халықтың көпшілігі - сырттан келетін альпинистерге жүк тасумен оларға қызмет етуге бейімделген. Тіпті шыңдарға альпинистерге жүк көтеруді әулеттік жағынан кәсіп еткен отбасылар жүздеп-мыңдап саналады.

Кәсіби түрде - альпинистерге көмектесетін шерп халқы да бар.

Шерптер мен туристерге қызмет ететін адамдардың қызметі - әлеуметтік желілер арқылы мықтап жарнамаланған. Альпинистерге қызмет ететін қонақ үйлердің барлығы - әлеуметтік желідегі жарнамалар арқылы табыс табады.

Әлеуметтік желі - непал қоғамы үшін тіршілік етудің құралы ғана емес өмір сүруінің негізі десек қателеспегеніміз болады

  • Төңкеріс арқылы билікке орнығып және олардың аяғын басып келетін жаңа толқын өкілдерінің отбасылық байлығын - әлеуметтік желі арқылы паш еткен көріністер - халық наразылығының шығуына негіз болды.

Халық наразылығын басу үшін - әлеуметтік желілерді өшіріп, қайта рәсімдеу әрекеті - туризм саласында жан бағып отырған адамдар мен жастардың наразылығын туғызып, революция арқылы үкіметтің отставкаға кетуіне алып келді.

Республикаға жариялаған бері - арагідік үкіметті басқарып тұрған коммунистік билік ауысты.

  • Наразылыққа шығушылар - үкімет үйі мен парламентті өртеп жіберді.

Өмірлік төзімділікті насихаттайтын буддизмде, азамат соғысын енді ғана еңсергені де - халық толқынын басуға әсер етпеді

-2

-3

-4

-5

Суреттер ғаламтордан алынды