1917 жылы шілдесінде құрылған буржуазиялық ұлттық либерал-демократиялық "Алаш" партиясы құрылған мезеттен бастап - бүкіл қазақ халқының мұң-мұқтажын арқалай отырып, бүкіл халықтың қолдауына ие болды.
Алаш партиясымен бір мезеттен құрылған социалистік "Үш жүз" партиясы оппоненттік көзқарас білдіргенімен облыстық сайлауларда межеден аса алмай, тіпті кейбір облыстарда өз бөлімшілерін құра алмай - Ресейдегі құрылтай жиналысына делегат ұсына алмады.
Бұның өзі "Алаш" партиясының жалпыхалықтық партия екендігін білдіреді.
"Алаш" партиясының бүкіл халықтың қолдауына ие болуына 1905-1907 жж. Ресей империясында өрбіген революциялық өзгерістердің ықпалымен және оған дейіңгі аграрлық саясатты әшкерелей барысында танылған тұлғалардың саяси ағартушылық қозғалысы жатыр.
"Алаш" партиясы - "Үш жүз"-бен, Қазақ большевиктеріне қарағанда - ұлттық өзін-өз басқару идеясын қалың жұртшылыққа таныта білді.
1917 жылы желтоқсан айында "Алаш" партиясы өкілдерінің ешбір саяси күштермен бірігіп коалиция құрмай-ақ, жалпықазақ құрылтай жиналысын шақырып, ұлттық үкімет құруы - бүкілхалықтың сеніміне ие болғандығын білдіреді.
1918-1920 жж. азамат соғысында - Қазақ даласындағы тұрғылықты халықтың ұлттық партиясы құрған үкіметі есебінде елді саяси анархиядан қорғап қалудың алғашқы қадамдарын жасады.
Сол кездегі "Алаш" партиясы қатарындағы азаматтардың зиялы қауым өкілдерінен болуы - студенттік жастар мен қалың көпшіліктің қызығушылығын туғызды.
Сурет ғаламтордан алынды