Найти в Дзене

Танака меморандумы қаншалықты қауіпті болды?

ХХ ғасырдың екінші ширегінен бастап, бірінші дүниежүзілік соғыстың салдарын жоюдың бірнеше қадамдары жасалды. Жеңуші мемлекеттер, әлемдік қаржылық дағдарысқа - жеңілген мемлекеттердің репарациялық өтемақысы арқылы оңай қарсы тұра білді. Отарлық ресурстар арқылы әлемдік қаржы дағдарысын еңсерген мемлекеттерде болды. Алайда, соғыста жеңген мемлекеттер қатарында болса да - өзіне уәде етілген жерлерді иемдене алмай, ішкі және сыртқы қысымға төте бере алмаған мемлекеттерде болды. 1922 жылы Италияда фашистердің билікке келуімен - бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін қайта қарастыруға бағытталған реваншистер бас көтерді. Халықтың көбеюіде ресурстарға таласты қайта туғыза бастады. КСРО мемлекетінің халықаралық қатынастарда арандатушылық әрекетіде - тыныштық бермей, көптеген елдердің ішкі жағдайының тұрақсыздануына себепкер бола бастады. ХХ ғасырдың баскезінен бастап, Қиыр Шығыста өзін орнықтыруға бағытталған Жапонияның әрекеті де қарама-қайшылыққа тап болды. Әрине, оған жоғарыда айтып өтке

ХХ ғасырдың екінші ширегінен бастап, бірінші дүниежүзілік соғыстың салдарын жоюдың бірнеше қадамдары жасалды. Жеңуші мемлекеттер, әлемдік қаржылық дағдарысқа - жеңілген мемлекеттердің репарациялық өтемақысы арқылы оңай қарсы тұра білді. Отарлық ресурстар арқылы әлемдік қаржы дағдарысын еңсерген мемлекеттерде болды.

Алайда, соғыста жеңген мемлекеттер қатарында болса да - өзіне уәде етілген жерлерді иемдене алмай, ішкі және сыртқы қысымға төте бере алмаған мемлекеттерде болды.

  • Соғыста жеңіліп қалған мемлекеттердің дағдарысты еңсеруі өте қиынға соқты

1922 жылы Италияда фашистердің билікке келуімен - бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін қайта қарастыруға бағытталған реваншистер бас көтерді.

Халықтың көбеюіде ресурстарға таласты қайта туғыза бастады.

КСРО мемлекетінің халықаралық қатынастарда арандатушылық әрекетіде - тыныштық бермей, көптеген елдердің ішкі жағдайының тұрақсыздануына себепкер бола бастады.

ХХ ғасырдың баскезінен бастап, Қиыр Шығыста өзін орнықтыруға бағытталған Жапонияның әрекеті де қарама-қайшылыққа тап болды. Әрине, оған жоғарыда айтып өткен бірінші дүниежүзілік соғыстың әсерімен, ресурстардың аздығы, халықтың ұдайы өсуі және КСРО мемлекетінің идеологиялық әрекетіде өз әсерін бергені сөзсіз.

Бірақ Жапонияның өзін орнықтыруға жасалған қадамы ХІХ ғасырдың аяғында-ақ басталып кеткен болатын. Ал ХХ ғасырдың бірінші ширегінде біресе қарқынды, біресе баяу жүрді.

ХХ ғасырдың 30 жылдары Еуропалық миллитаристік блок елдерімен одақ құруы бұл үрдісті қарқындатып жіберді.

Жапонияның көршілес елдерге жасаған озбырлық саясатын 1925-1929 жж. үкімет басшысы қызметін атқарған Гийти Танака есімімен байланыстыратындар бар. Тіпті осы аталмыш тұлғаның Жапонияның екінші дүниежүзілік соғысқа кіруіне жасап еткен идеологиялық бағдарламасы болды-дейтіндер жетіп артылады.

Гийти Танака жасады дейтін жоспар посткеңестік елдер мен Еуропаның біраз елдерімен Шығыс Азияның біраз елдерінің ресми тарихында - "Танака меморандумы" деп аталады.

Алайда, бұл жоспардың болғандығын Жапонияның ресми билігі мен тарихшылары ешқашан мойындамаған. Бұл жоспарды көзбен көрдім дегендер некен саяқ. Көзбен көрдім деген Қытайлық біраз азаматтардың есімі айтылады.

Бірақ Жапония билігі бұл әрекетті Қытай билігінің ХХ ғасырдың 20 жылдары жасаған жалған насихаты дейді. Тіпті Танака мемарандумы түсінігін КСРО тарапы ойлап тапты деген жорамал бар. Бұл жорамалды 1995 жылы КСРО мемлекетінің бұрыңғы әскери қызметкері Виталий Павлов "Барлау және қарсы барлау" журналында Танака мемарандумына қатысты мақаласында мәлімдеген.

Виталий Павлов мәлімдемесіне дейін "Танака мемарандумы" түсінігі әжептеуір орнығып, академиялық түсінікке ие болған.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО мен Қытай сарапшыларының айтуы бойынша "Танака мемарандумы" Жапония империясының көрші мемлекеттерге бағытталған озбырлық саясаты.

Бұл мемарандумда Жапония тарапының Шығыс Азия елдерін отарлауға бағытталған әрекеті қадамдардан жазылған делінеді.

Осы мемарандумға сәйкес Жапония тарапы Кореяға орнығып, Қытайдың солтүстік-шығысындағы - Маньчжурияны иемденіп, Моңғолияға енуі керек болды. Бұл жоспарға сәйкес Қытай мемлекеті бөлшектеніп, отарға айналуы тиіс еді.

Жалпы, Гийти Танака үкіметнің сыртқы саясаты Қиыр Шығыстағы КСРО-ның сыртқы саясатын жүзеге асыратын Коминтерн ұйымы мен Қытай ұлтшылдарының әрекетін бәсеңдетуге бағытталған болатын.

"Танака меморандумы" - дәлелдейде, жоққа шығара алмайтын құжат.

Құжат болды десек - Жапония мемлекетінің Қиыр Шығысты отарлауы мен Екінші дүниежүзілік соғысқа кірігуі нақты дәлелденеді.

Егер құжат қолдан жасалған десек - КСРО мен Қытай тарапының Жапония үкіметін халықаралық тұрғыда оқшаулауы, жағымсыз ой тудыруы мен беделін түсіруі анық көрінеді

-2

-3

-4

Суреттер ғаламтордан алынды