Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Шыңғыс хан - қазақ па? Қазақ рулары Темучинді(Шыңғыс ханды) хан сайлау құрылтайына қатысқан ба?

Қазақ халқының қалыптасу кезеңі - Ерте темір дәуірінен басталып, географиялық Қазақстан аумағында жүргені белгілі. Географиялық Қазақстан аумағынан тыс жерде қазақ атауына ұқсас этникалық бірлестіктер (казактар, Кавказдық қазақ/газах) болғанымен - қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына әсер ете алмады. Иә, Қазақ халқы этникалық тұрғыда - ру-тайпалардан құралғанымен, өзге географиялық аумақтағы не ортағасырлық кезеңде өмір сүрген ру-тайпаларды қазақ деп айту қиын. Бірақ олардың біразы тарихи кезеңдерде географиялық Қазақстан аумағына қоныстанып, қазақ халқының ұлт қалыптасуына әсер еткенін мойындағанымыз жөн. Бұл факт. Бірақ керісінше емес. Яғни, ХІІІ ғасырдағы Моңғол империясының құрылуы кезінде - қазақ рулары Шыңғыс ханға көмектесіп не яки хан сайлану құрылтайына қатысуы мүмкін емес. Әлеуметтік желіде, тарихқа әуесқой тұрғыда қызығып тик-токта әлеуметтік желісі арқылы Шыңғыс ханды - қазаққылдыру үрдісі аясында қазақ ру-тайпалары 1206 жылғы құрылтай жиналысына қатысқан. Құрылтай деген қ

Қазақ халқының қалыптасу кезеңі - Ерте темір дәуірінен басталып, географиялық Қазақстан аумағында жүргені белгілі.

Географиялық Қазақстан аумағынан тыс жерде қазақ атауына ұқсас этникалық бірлестіктер (казактар, Кавказдық қазақ/газах) болғанымен - қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына әсер ете алмады.

Иә, Қазақ халқы этникалық тұрғыда - ру-тайпалардан құралғанымен, өзге географиялық аумақтағы не ортағасырлық кезеңде өмір сүрген ру-тайпаларды қазақ деп айту қиын. Бірақ олардың біразы тарихи кезеңдерде географиялық Қазақстан аумағына қоныстанып, қазақ халқының ұлт қалыптасуына әсер еткенін мойындағанымыз жөн.

Бұл факт. Бірақ керісінше емес.

Яғни, ХІІІ ғасырдағы Моңғол империясының құрылуы кезінде - қазақ рулары Шыңғыс ханға көмектесіп не яки хан сайлану құрылтайына қатысуы мүмкін емес.

Әлеуметтік желіде, тарихқа әуесқой тұрғыда қызығып тик-токта әлеуметтік желісі арқылы Шыңғыс ханды - қазаққылдыру үрдісі аясында қазақ ру-тайпалары 1206 жылғы құрылтай жиналысына қатысқан. Құрылтай деген қазақ не түркінің атауы, моңғолдарда жоқ деген дәйексіз, сын көтермейтін уәждер айтылып қалып жатады.

Әлбетте, тарихқа әуесқой тұрғыда қызығатын азаматтардың Шыңғыс ханды - қазаққылдыру әңгімесі ұзаққа бармайтындығы анық.

1. XV ғасырда қазақ атауына бірігіп ру болып қалыптасқан, қазақ-рулары ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс ханды - хан деп жариялау құрылтайына қатысуы мүмкін емес. Тек қазақ ру-тайпаларының Моңғолия даласын мекендеген прото түркі-моңғолдық ата-бабалары қатысуы мүмкін. Яғни, Қазақ даласында мекендеген жалайыр, қоңырат, керейт тайпалары емес - Моңғолияны мекендеген жалайыр, қоңырат, керейт тайпалары қатысқан.

  • Күшілік хан басқарған наймандар - Шыңғыс қарсы соғысып жүрген. Қыпшақтар мен Қаңлылар Хорезм шах пен Қарақытай мемлекеттерінің құрамында болған.

2. Құрылтай - моңғолдық Хурал, яғни - жиын, шақыру, шақырылым сөзінің түркі-моңғолдық баламасы болып келеді. Құрылтай тек қазақ атауы деп айту қате - башқұрт және қырғыз халықтарында жиынды білдіреді.

3. ХІІ-ХІІІ ғасырларда Шыңғыс ханға бағынышты болған көптеген рулары тек қазақ халқының ғана емес, қырғыздың, ноғайдың, башқұрт, қазақтардың және қырым татарларының құрамында бар. Бірақ көршілер даурығып, ата-бабаларымыз бен біздің халықтың құрамындағы ру-тайпалар Шыңғыс ханды - хан сайлау рәсіміне қатысты деп Шыңғыс ханды өзіне меншіктеп жатқан жоқ.

Шыңғыс хан - әлем мойындаған, ғылыми академиялық тұрғыда дәлелденген моңғол.

Бірақ, Шыңғыс хан - қазақ даласындағы оқиғаларға әсер етіп, ұрпақтары - қазақ халқының мемлекеттілігі мен этникалық бірігуіне әсер еткен

Сурет ғаламтордан алынды