ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық деңгейін бақылау үшін өңірлерге жұмыс топтары жіберілді. 2025–2026 оқу жылында шамамен 300 мың оқушы орнына арналған 200-ден астам жаңа мектеп ашу жоспарланған. Оның ішінде 206 мың орындық 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынады. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 15 апатты мектеп жойылып, үш ауысымды оқыту тоқтатылады, шамамен 150 мың орын тапшылығы қысқарады, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі оқу жағдайы қалалық стандарттарға жақындайды. Сонымен қатар 245 мектепте ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға шатырды ауыстыру, қасбеттер мен терезелерді жаңарту, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізу, мектеп ауласын абаттандыру және көгалдандыру кіреді. Қосымша 1000 ауылдық мектепте жөндеу жұмыстары жүруде. Кітапханалар, асханалар, қауіпсіздік жүйелері жаңғыртылуда, жиһаздар жаңартылуда. Химия, физика, биолог
Өңірлерде білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылына дайындығы тексеріледі
11 августа 202511 авг 2025
1 мин