Найти в Дзене

КСРО - дағы - Ленин мен Кировқа жасалған қастандықтың ұқсастығы мен салдары

1917 жылы қазанда билікті басып алып өз билігін орнықтырған большевиктер құрған мемлекетте спиральды түрде дамыған оқиғалар көп болғаны белгілі. Әрине, сол оқиғалардың біразы саяси жүйенің ырқынан тыс басталғандықтан - оған реакция берумен, өз мақсатына пайдалану үшін саяси билік бар күшін жұмсады. Сол оқиғалардың ішіндегі ең бір құпиялығы әлі ашылмаған, әлікүнге талқыланатын, балама көзқарастарға бай, тым көп сұрақтар қойылатын - 1. 1918 жылы 1 қаңтардағы Фани Каплан жүзеге асырған В. И. У. Ленинге жасалған қастандық. 2. 1934 жылы 1 желтоқсанда Леонид Николаев жүзеге асырған С. М. Кировқа жасалған қастандық. Екі оқиғаның арасында 26 жыл аралық болғанымен Кеңес қоғамы үшін айтарлықтай із қалдырды. Әрине, екі оқиғаның мотиві, ұйымдастырушылары екі түрлі болған. Ленинге жасалған қастандық ұйымдастырушы Ф. Капланның - РКФСР ОАК төрағасы, кеңес билігінің екінші адамы Я. Свердловтың жұбайымен құрбы болған делінеді. Осы жорамал аясындағы әңгімелер Ленинге жасалған қастандықты Свердлов ұйымд

1917 жылы қазанда билікті басып алып өз билігін орнықтырған большевиктер құрған мемлекетте спиральды түрде дамыған оқиғалар көп болғаны белгілі. Әрине, сол оқиғалардың біразы саяси жүйенің ырқынан тыс басталғандықтан - оған реакция берумен, өз мақсатына пайдалану үшін саяси билік бар күшін жұмсады.

Сол оқиғалардың ішіндегі ең бір құпиялығы әлі ашылмаған, әлікүнге талқыланатын, балама көзқарастарға бай, тым көп сұрақтар қойылатын -

1. 1918 жылы 1 қаңтардағы Фани Каплан жүзеге асырған В. И. У. Ленинге жасалған қастандық.

2. 1934 жылы 1 желтоқсанда Леонид Николаев жүзеге асырған С. М. Кировқа жасалған қастандық.

Екі оқиғаның арасында 26 жыл аралық болғанымен Кеңес қоғамы үшін айтарлықтай із қалдырды.

  • Екі қастандық екі қалада болғанымен, кеңестік жүйе басшылығына қарсы ұйымдастырылды.

Әрине, екі оқиғаның мотиві, ұйымдастырушылары екі түрлі болған.

  • РКФСР үкімет басшысы В. И. У. Ленинге жасалған қастандықта - саяси мотив байқалғанымен, ұйымдастырушының саяси ұстанымының өзгешелігі анық байқалғанымен - тапсырыс берушілер анықталмай қалды.

Ленинге жасалған қастандық ұйымдастырушы Ф. Капланның - РКФСР ОАК төрағасы, кеңес билігінің екінші адамы Я. Свердловтың жұбайымен құрбы болған делінеді. Осы жорамал аясындағы әңгімелер Ленинге жасалған қастандықты Свердлов ұйымдастыруы мүмкін делінеді.

  • Ленинге жасалған қастандық Ресейде большевиктер тарапынан революцияға қарсы күштерге "қызыл террор" саясатын ұйымдастыруға әкелді. Осы саясат аясында миллиондаған адам жапа шекті.

1934 жылы Ленинград (Петроград, Санкт-Петербург) қаласында 1 қаңтарында - кеңестік жүйеге кіріге алмаған, жұмыссыз қалған, аштықтан жапа шеккен Леонид Николаев - отбасылық мотив аясында Ленинград облыстық партия ұйымының басшысын атып өлтірген болатын.

  • Осы қылмыстың аясында КСРО Партия хатшысы И. Сталин өзінің саяси оппоненттеріне қарсы "үлкен террор"-ды бастап кеткен болатын.

"Үлкен террор" аясында миллиондаған кеңес отбасы жапа шегіп, жүз мыңдаған адам атылған болатын.

"Жылымық" уақытында айтылған нұсқалар - С. Кировқа қарсы қастандықты И. Сталин ұйымдастырған.

  • Екі оқиғада - Кеңес одағында тоталитарлық жүйенің орнығуын тездетіп, жеке адамның билігіне әкелді.

В. И. Ленин - Ф. Каплан жүзеге асырған қастандықтан көз жұмбаса да - өмір сүру ұзақтығын біраз қысқартты.

Кеңестік билік өзі құрған жүйені және оны орнықтырған адамдар, әсіресе саяси тұлғаларды мейлінше қорғауға тырысты. Ленин мен Кировқа жасалған қастандық ішкі саяси тартыстан туған қайшылық, билік үшін тартыс болмаса да - саяси жүйенің өзін-өзі қорғап қалуға әсер етті.

Қастандыққа жауап беру үшін - большевиктік билік іле шала митингілер ұйымдастырып, кек қайтару ұранын таныстыра бастады. Осылайша, террорға - террормен жауап беру талабы төменнен шықты делініп, билік жоғарыдан жауап беріп, өз билігін тұрақтандырды

-2

-3
-4

-5

Суреттер ғаламтордан алынды