Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған Республикалық слет басталды. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінен келген 100-ден астам белсенді және болашағынан зор үміт күттіретін жас мамандар өз дағдыларын шыңдап, келешекке шабыт алу үшін жиналды. Іс-шараның ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев слет қатысушыларына сәттілік тілей отырып, жұмысшы мамандықтарының ел дамуына қосар үлесінің ерекше екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл — тек бір салаға маман дайындау емес, ел экономикасының тірегі саналатын мамандықтардың маңызын қайта бағалау. Бірнеше жылдар бойы жұмысшы мамандықтарына деген көзқарас біржақты стереотиптер арқылы қалыптасты. Алайда, бүгінгі күні жағдай өзгерді. Жұмысшы — бұл заманауи технологияны меңгерген
Жұмысшы мамандықтар жылы: колледждермен дуальды форматта әріптестік орнатқан кәсіпорындар саны екі есеге артты
23 июля 202523 июл 2025
2 мин