Найти в Дзене

🕌 ⚛️⏳📚 Әбу Насыр әл-Фараби 📚⏳⚛️ 🕌

Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен ә
Оглавление

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала).

Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.

Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.

-2

Рахматы күшті Раббымның атынан, бұл зерттеудегі біздің мақсатымыз – тұнық ой маржанын сүзіп, онымен танысқандарға философтың поэзия туралы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді. Алайда біз аталмыш өнерге байланысты белгілі жайларды шиырлап, тәптіштеп жатпаймыз. Өйткені философтың өзі де софистика өнері, әсіресе поэзия өнері хақындағы тұжырымдарын аяқтаған жоқ.

Бұның бір ғана себебі бар,  оның өзі софистика өнері туралы толғамдарының соңында айтқандай, өзінен бұрынғылардан негізге алып, қағидаға айналдырып, жүйемен әсіре бағалайтын еш нәрсе таппаған.

Сондықтан да сонша таудай талантымен дарқан дарынды бола тұрып философтың өзі де ширатып, пісірмеген нәрсені тәмәмдау талабы ақталар ма? Біз тек қана осы өнерді зерттегенде септігі тиер-ау деген қағида, сана салиқалылығын танытатын сөздерді атап өтудің дәл қазір мүмкіндігі туды деп есептейміз.

-3

Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы яки мағынасыз болмағы шарт. Алғашқысының ішінде кейі қарапайым, басқалары күрделі келмекші. Күрделі сөздің жай айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін; әуелгісінің кейбірі көкейден шығады да,  кейбірі олай емес. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады.

Жалған айтылғанның ішіндегі кейбірі сөз барысында тыңдаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, басқалары бейнеленетін затқа байланысты ойда еліктеу туғызады, соңғысы жай поэтикалық қуаттың әсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып  зерттеу ақындар мен поэзия білімпаздарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіде бұл хақында әр түрлі шығармалар жазылған.

Бұдан әрі ешкім «софистика» мен «еліктеу» екеуін төркіндес санамауы тиіс. Керісінше, олар кейбір арақатыста ерекшеленеді. Ең алдымен олардың мүддесі әр түрлі: софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады; сондықтан, ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы еліктеуші тыңдаушысына  үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді.

Мамыражай күйдегі адам кейде қиялға  шомып, серуендеп жүргендей, жағадағы жапырлаған тынығушыларға қарағандай немесе жерде тұрып көктемгі бұлттардың жөңкіген көшін, қарабарқын аспандағы ай мен жұлдыздарды көргендей бір түрлі күй кешеді. Сезімді сиқырлайтын болмыс сондай. Егер адам айнаға, яки соған ұқсас жалтыр затқа қараса, онда жағдай оны сол затқа ұқсас нәрсені көріп тұрғандай топшылауға мәжбүр етеді.

Тұжырымды да басқаша, келесідегідей бөлген ғанибет. Ол да құптарлықтай, яғни, оған керісінші болуы мүмкін. Егер пайымдау діттеген жерден шығып жатса, үйлесімді не оған кері болады. Егер ол үйлесімді болса, онда болмыстағыдай қисынды болса ол не қорытынды, не еліктеу. Еліктеу дағдыдағыдай поэзия өнерінде қолданылады. Поэтикалық пайымдау дегеніміз – еліктеудің өзі.

Үйлестікті де басқа пайымдау тәрізді, өз бетінше  бөлуге болады. Пайымдау не толық шынайы, не толық жалған, не шынайылау, бірақ ішінара жалған, не керісінше шынайы мен жалған барабар келеді. Егер көбісі шынайы болса, пайымдау басым да, шынайылық пен жалғандық тепе-тең болса даулы болады, көбісі жалған болса,  көпірме, толық жалған поэтикалық софистика болып шығады. Бұл талдау поэтикалық пайымдау не басым, не дәлелдемелі, не көпірме желбуаз, не софистикалық болмайтынын көрсетеді. Сөйтсе де, ол силлогизмнің немесе пост-силлогизмнің түрі деп есептелінеді

(«Пост-силлогизм» дегенде мен түйінділік, бейнелілік, түйсік, үйлестік, т.б. секілді әсер күші бар нәрсені айтамын. – Әбу Нәсір әл-Фарабидің өз түсініктемесі).

Біздің жазбамыздың осы жеріне жеткенде  ақындық түйіндеудің әр қилы түрін белгілеу ләзім. Ақындық түйіндеуді өлшеміне, яки мазмұнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау әуенділікке немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де қатысты. Мазмұнына қарай ғылыми тұжырымдау тап басып болжау, поэзияны талдаушының, поэтикалық мәнді зерттеушінің, әр түрлі халық поэзиясы мен  оның  әрбір мектебін білетіндердің характеріне кіреді.

Ондай араб пен парсы  поэзиясын бүге-шігесіне дейін білетін білімдарлар біздің кезімізде де өмір сүріп отыр. Кітап та жазып жүр. Олар поэзияны сатира, поэтика, айтыс, комедия, газел, жұмбақ және басқаларға бөледі. Сөйтіп, өз кітаптарында әр түрлі топты келтіреді, оған көз жеткізу онша қиын  емес, демек, біз мүлдем кең көсіліп, негізгі нысанадан ауа жайылмаймыз.

Басқа мысал келтіреміз. Біз білетін қазіргі және ежелгі халықтардың көптеген ақыны фабула мен өлшем арасын шектемейді, сонымен қатар ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қоймайды. Бұдан тек ежелгі гректер ғана тыс тұр. Олар әрбір ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. Оларда пэонның өлшемі сатира өлшемінен, ал ол комедия өлшемінен тіптен өзгеше. Соған қарамастан басқа халықтар мен тайпалар пэон үшін де сатираға, т.б. қолданатын өлшем түрін қолданады, сөйтіп, өлшемнің көпшілігі жалпы болып есептеледі және олар әрбір топты ежелгі гректер сияқты мұқият топқа бөлмейді.

-4

Енді біз грек поэзиясы түрлеріне тоқталамыз.

Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында келтірген топтауына сәйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы мен сипаттағандай, төмендегі топқа бөлінеді:

1. Трагедия

2. Дифирамб

3. Комедия

4. Ямб

5. Драма

6. Эпос

7. Диаграмма

8. Сатира

9. Поэма

10. Эпос

11. Риторика

12. Амфигеноссос (космогония)

13. Акустика

Трагедия дегеніміз – арнайы өлшемі бар, бәріне тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар; онда билеушілер мен шаһар манаптары мараптатталады. Орындаушылар әдетте оны патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе,  олар трагедияның орнына кейбір әуен қосып, марқұмды жоқтайды.

Дифирамб – трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады. Дифирамбыда да көбіне қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ, негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі.

Комедия болса ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға  тән құлықтың, сонымен қатар сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді.

Ямб – ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мәселен, мақалдар. Жырдың бұл түрі тайталас бәсеке мен соғыста, ашу мен беймазалық үстінде қолданылады.

Драма алдыңғы түр сияқты, оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді.

Эпос – мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі.

Диаграмма – заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп тұрған бақи бқытсыздық бейнеленеді (егер олар бейәдеп һәм шектен шыққан болса).

Эпика мен риторика – ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Бұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жайттары айтылады.

Сатира дегеніміз – музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі. Осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады.

Поэма да – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелілік пен бейберекеттілікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда  әр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа – сұлулық пен әдемілікке, келістілік пен ұсқынсыздыққа сәйкес келеді.

Амфигеноссос – жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыстылар ойлап тапқан  поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дәл келетін сәттісі осы.

Акустика – шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның пайдалылығы осымен шектеледі, өзгеше онша қажеті жоқ.

Поэзия білгірлерінен алып Фемистияға бағыштаған философ Аристотельдің тұжырымдарынан оқығанымызды, сонымен қатар бұрынғы жазушылар мен олардың еңбегін түсіндіретіндерден түйгенімізді топшылағанымызда грек поэзиясының кейбір түрлері осындай. Және бұл түрлердің тізіміне қатысты тұжырымдарымызға қосымша пайымдауларымыз айтылады. Енді біз оны жөн  санағандықтан да сол күйінде мазмұндар береміз.

Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады.

Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатпайды; тек олардың жалпы поэзиямен айналысатынына қарап, екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді.

Екінші топтағы ақындар — өлең өнерімен толық таныс: қай тәсілді таңдамасын, олар қағиданы да, бейнелеу құралының да қайсысына болсын жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапына толық  жатқызуға болады.

Үшіншілердің қатарына ақындар мен алғашқы екі топтағының  шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар бейнелеу мен теңеуде  әлгілердің ізденістерін дамытып отырса да, поэзияның қағидаларына онша қанық емес. Осындай ақындарда қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады.

Үш топқа жататын ақындар шығармалары табиғи дарынмен немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы ләзім. Жоқтау жазуға икемделіп, төселген адамды кейде жағдай сатира немесе басқа поэзия түрлерін де жазуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын жанды, ерекше себептерге байланысты — өзі білмейтін түрде жазуға сыртқы не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ.

Одан әрі ақындар өлең жазуда кемелденгендігімен не балаңдығымен айрықшаланады: бұл құбылыс шайыр ойының әсерімен, не оқиға өрбітумен, не өлең  тақырыбына байланысты пайда болады.

Ал алғашқылармен салыстырғанда ақын идеясы өте-мөте пайдалы, кейде залалды болуы мүмкін, өйткені қажетті психологиялық шарт кейде басым, кейде тіпті жоқ болмақ: дегенмен, аталмыш тұжырымда бұған қатысты уақ-түйекке іркілгеніміз дұрыс: қалай болғанда да, бұл этика мен физиологиялық жай-күй, оның жеке салдары туралы кітаптарда айқын келтірілген. Зады, өлең тақырыбына аялдағанда, кейде ұқсас заттарды өзара теңегенде, ұзақ сонарға түсіп кетеміз, ал басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр ғой. Бұндай сәтте ақын кемелділігі мен  балаңдығының темірқазығы – заттардың ұқсастығының түр-түсіне қатысы бар.

Кейде қайдағы бір әрі-сәрі дәлдүріштердің нағыз шебердің туындысына бергісіз керемет өлең шығаруы таң қаларлық емес. Бірақ оның себебі тек сәйкестік пен кездейсоқтықтан деп білген дұрыс, ондайларды екі  қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтындардың сапына жатқызуға  әсте болмайды.

Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың – тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дәл келе ме, жоқ, жуықтай ма немесе бір-бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән тәсілмен ұқсастыру – әрбір ақынның шеберлігіне байланысты. Мәселен, ақын А мен В, В мен С-ны айқын көрініп тұрғандай салыстырады, өйткені, А мен В арасында ұқсастық белгілері мен сәйкестігі, В мен С-ға да барабар.

Сонымен ол А мен С бір-бірімен соншама алыс бола тұрса да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дәл мұндай әсерді тек өнер кемелдігі ғана шақыра алатыны кәміл. Бұған ұқсас мысалды қазіргі ақындар тәжірибесінен мол ұшырастырамыз; олар жыр жолының соңына ұйқас үшін сөз қоярда тіркес алдына соның мәнін ашатын сөз таңдайды. Онысы шынында да шұғылалы сезімге бөлейді.

Енді осы өнер біліктері мен суретші арасында кейбір сәйкестік бар екенін еске сала кетеміз. Өлең өнері сөзбен, ал сурет (жанды жазу) өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек; ал іс жүзінде екеуі де ұқсас; екекуі де адам сезімі мен ойына еліктеудің көмегімен әсер етеді.

 Сонымен өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осыларды жеріне жеткізе талдауға да болар еді; тек ондай қаракет аталмыш өнерде басқа өнердің есесінен бір жақсы мамандануға ұрындырады; сол себепті  ол бұл тұжырымның үлесіне жатпайды. Осымен, Әбу Нәсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тарханның өлең өнерінің қағидалары туралы жазған трактаты тәмам болады.

-5

Әлемнің екінші ұстазы

Әл-Фарабидің толық есімі кім? Әл-Фарабидің толық есімі – Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки. Оның есіміндегі "тархан" сөзі ғұламаның дәулетті отбасынан шыққанын білдіреді.

Әл-Фараби дүниеге келген Фараб қаласы IX-X ғасырларда саяхатшылар мен саудагерлерді қызықтырған ұлы Жібек жолының бойындағы ірі саяси, мәдени және рухани орталық, керуен жолдарының торабы болған еді. Әбу Насыр 20 жасына дейін өзі өмір сүрген Фараб қаласында ғылыми білімнің негізін алды.

Ол Отырар кітапханасындағы философиялық және ғылыми еңбектермен танысты. Отырар кітапханасы кейбір ғалымдардың пікірінше сол кездегі атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең бай және кітап пен қолжазбалар санының қоры бойынша әлемдегі екінші кітапхана болған деседі.

-6

Әл-Фараби есейген шағында Бұқараға, Самарқандқа, Шаш қалаларына барып біраз уақыт оқып, еңбек етеді. Білімін әрі қарай жетілдіру үшін Бағдат қаласына барады. Дәл осы жерде әйгілі аудармашылар мектебі жұмыс істеген еді. Әл-Фараби ол жердегі тәлімгерлерінен бірнеше тілді меңгереді. Ол түрік, араб, грек, парсы тілдерін жетік білген. Мұның дәлелі ретінде ғалымның жазған еңбектерін айтуға болады.

Әбу Насыр Әл-Фараби Аристотельдің және Платонның еңбектеріне жазылған түсіндірмелердің авторы, сондықтан да Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған. Шығыс ғұламасы Аристотельдің "Риторика", "Логика", "Поэтика" секілді еңбектеріне түсіндірме жазған.

-7

Әл-Фарабидің мінез-құлыққа, адамгершілікке қатысты нақыл сөздері

Әл-Фарабидің мінез-құлық, болмыс, адамгершілікке қатысты қандай нақыл сөздері бар? Шығыс ойшылы адамның мінез-құлқына байланысты мынадай нақыл сөздер айтқан:

  • Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
  • Ғаламда әр адамның өз орны бар.
  • Шыншылдық адалдықпен ағалас.
  • Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
  • Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.
  • Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.
  • Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
  • Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.
  • Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.
  • Мінез – жанның айнасы.
  • Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
  • Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
  • Сұлу саз жан сергітеді.
  • Тән ауырса, жан да ауырады.
  • Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.
  • Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
  • Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
  • Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді.
  • Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.
  • Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.

Әл-Фарабидің білім-ғылым, өнерге қатысты нақыл сөздері

  • Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
  • Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
  • Шын білім – ақиқат, анық білім.
  • Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
  • Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.
  • Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.
  • Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек.
  • Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
  • Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да, игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
  • Әсіре көп не кем еңбек ету күшке күш қоспайды, қайта қалжырата түседі.
  • Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі.
  • Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
  • Өнер біткеннің бәрі бірдей бір адамның құшағына сыймайды.
  • Дұрыс әрекет мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.
  • Талпыныс тәжі – табандылық.
  • Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

Ғақлия көзбен қарасаң,

Дүние – ғажап, сен – есік.

Жаһлы көзбен қарасаң,

Дүние – қоқыс, сен – меншік.

***

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

***

Жүргендер көп достық атын малданып,

Қалмағайсың сен де бірде алданып.

***

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Кезде дағы әзәзілдер азғырған.

***

Даналар талай нысан тапқанымен,

Тапқан жоқ тектің тегін әлі бірі.

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

Әл-Фараби энциклопедиялық дарынының арқасында философиялық, әлеуметтік, саяси және этика-эстетикалық мәселелерді, сонымен қатар жаратылыстану, математика салаларындағы ауқымды дүниелерді шешімін тапқан ғалым.

Шығыстың ұлы ойшылының адамзат пен табиғат арасындағы құштарлықты арттыруға зор ықпалын тигізуі әлемдік ғылымның даму тарихында өзіндік бағасын алды.