Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Израиль - Иран қақтығысында қай тарап жеңді?

Тарихқа "12 күндік соғыс"-деп еңгелі жатқан Израиль, АҚШ және Иран қақтығысында кім жеңгендігін әліде сарапшылар зерттей жатар. Қазіргі таңда қақтығысқа араласушылар тараптар - "жеңісті" меншіктеп өздерінің жеңгендігін, алдыға қойған мақсаттарының орындалғандығын жарыса жазуда. Иә, қай тарап жеңісті меншіктесе де, бұл жанжал - тарихта алғашқы құрлық әскері қолданылмаған, құрлық әскері соғыс жүргізбеген соғыстардың бірі болып қалмақ. Соғыс қимылдары - тікелей шекаралық сызығы тиіп тұрмаған елдер арасында болды. Иә, әр тараптың соғыс қимылдарына кірігудегі алдыға қойған мақсаттары болды. 1. Израиль - Иранның атом электр станцияларын істен шығарып, діни билікті - халық алдындағы абыройын түсіргісі келді. Егер мүмкіндік болса - Ирандағы билікті ауыстырып, елді ұзақ жылдарға азамат соғысына түсіріп, зайырлы билікпен ауыстыруды көздеді. 2. АҚШ - Израильге араша түсе отырып, өңірдегі беделін сақтап, Ирандағы билікті ауыстыруды көздеді. 3. Иран - Израиль мен Иранның соққысына төтеп бере отыр

Тарихқа "12 күндік соғыс"-деп еңгелі жатқан Израиль, АҚШ және Иран қақтығысында кім жеңгендігін әліде сарапшылар зерттей жатар.

Қазіргі таңда қақтығысқа араласушылар тараптар - "жеңісті" меншіктеп өздерінің жеңгендігін, алдыға қойған мақсаттарының орындалғандығын жарыса жазуда.

  • Израиль - Иранның атом жобасы бірнеше онжылдыққа шегеріліп, ондаған әскерилері өлтіріліп, теократиялық жүйеге орасан зор шығын келтірілді-дейді.
  • АҚШ - Иранның атом станциялары жойылып, атом қаруының иеленуге деген ұмтылысы бірнеше онжылдыққа шегерілді-дейді.
  • Ал Иран - Израиль ойланатындай соққы алды. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ықпалына сызат түсірілді-дейді.

Иә, қай тарап жеңісті меншіктесе де, бұл жанжал - тарихта алғашқы құрлық әскері қолданылмаған, құрлық әскері соғыс жүргізбеген соғыстардың бірі болып қалмақ.

Соғыс қимылдары - тікелей шекаралық сызығы тиіп тұрмаған елдер арасында болды.

Иә, әр тараптың соғыс қимылдарына кірігудегі алдыға қойған мақсаттары болды.

1. Израиль - Иранның атом электр станцияларын істен шығарып, діни билікті - халық алдындағы абыройын түсіргісі келді. Егер мүмкіндік болса - Ирандағы билікті ауыстырып, елді ұзақ жылдарға азамат соғысына түсіріп, зайырлы билікпен ауыстыруды көздеді.

2. АҚШ - Израильге араша түсе отырып, өңірдегі беделін сақтап, Ирандағы билікті ауыстыруды көздеді.

3. Иран - Израиль мен Иранның соққысына төтеп бере отырып, ішкі бірлікті сақтап, Израильге ұмытылмастай соққы беруді көздеді. Мүмкіндік болып жатса - Израиль халқын қоныстанып жатқан жерлерінен көшіп кетуге әсер еткісі келді.

Соғыс қимылдары барысында әр тарап, өздігінше ақпараттық шабуыл жасап - халықаралық қауымдастыққа әсер етпек болды.

  • Израиль - Иран Таяу Шығыстағы дүрбелең туғызушы басты күш. Израильді - мемлекет есебінде мойындамай, жойып жібергісі келеді-деді.
  • АҚШ - Иран атом қаруына иеленуге ұмтыла отырып, Таяу Шығысқа дүрбелең туғызады-деді.
  • Иран - Израиль мен АҚШ-тың әрекеті Халықаралық норма тұрғысынан басқыншылық, Иранның Егемендік әрекетіне қол сұғып, Халықаралық құқықты бұзып отыр-деді.

Израильдің - Хамас пен Хезболлах ұйымдарын қайта түрегеліп кетпес бұрын, қаржылай қолдап отырған Иран мемлекетіндегі саяси жүйені ауыстыру әрекеті жүзеге аспай қалды.

Израиль мен АҚШ мемлекеттерінің әрекетінен -

  • Иранның атом станциялары толық қирамай, байытылған уранның біраз мөлшері сақталып қалды.
  • Ирандағы аятолла билігінің абыройы түспей, керісінше - жеңісті өзіне меншіктеп алуы мүмкін.
  • Иран қарулы күштері әлсіремей, керісінше - өңірдегі көршілері өзінің күш-қуатын көрсетті.
  • Ирандағы батысшыл диверсанттық топтар өздерін көрсетіп - талқандалды.

Иран - Израиль мемлекетіне жауап бере отырып -

  • әскери инфрақұрылымдарды жойғанымен, толық істен шығармады.
  • Палестиналықтардың мүмкінді пайдаланып қалады деген жоспары іске аспай - израильдіктер Палестиналықтардың аймағында құрлықты әскери операциясын тоқтатпады.
  • Израильдіктер өздерінің қоныстанған жерін тастап, ішкі миграция туғызған жоқ. Тек 10% жетпейтін бөлігі - Израильді тастап кетуге тырысты.

Шамасы, соғыс қимылдарында - 60% Иран жеңіп, 40% Израиль жеңген сияқты.

Еш тарап, өздерінің алдыға қойған мақсатына жетпеді.

Соғыстың салқыны - алдыңғы 10 жылдықтарға әсер етуі мүмкін.

Израильде - соғысты бастап, өз мақсатына жете алмаған премьер-министр Б. Натаньяху отставкаға кетіп, қаржылық мәселеге байланысты сотталып кетуі мүмкін. Израильде премьер-министрге қатысты бірнеше қаржылық істер әлі жабылған жоқ. Кейбір сарапшылар Б. Натаньяху осы істерді жабу үшін соғыс қимылдарын үдетіп, Иранға қарсы әскери операция бастады-дейді.

АҚШ болашақта Таяу Шығыстағы өз саясатында жүргізуші Израиль мемлекетін рөлін ауыстыруы мүмкін.

АҚШ пен Израильге қарсы тұра алған Иран мемлекеті мен оның рухани көсемі аятолла Әли Хаманеидің беделі артқаны соншалықты - алдыңғы 5 жылдықта саяси топтардың бағытын ауыстыруы ықтимал.

Соғыс қимылдарына қатысушы тараптар өздерінің сыртқы саясаттағы ұстанымдарын қорғай алатын білдірді. Қарсыластар тағы да соғыса ма? Ол жағы белгісіз? Қазір, қарсыластар соғыс қимылдарының зардаптарын жойып, жеңісті өзіне бекітіп, инфрақұрылымдарды қайтадан салу керек болады. Бұған біраз жылдар керек болатыны анық

-2

-3

-4

Суреттер ғаламтордан алынды