Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Палестиналықтардың 1948 жылғы "ан-нахба" (апат) оқиғасына қандай жағдайлар себепкер болды?

Жыл сайын 15 мамырда Таяу Шығыс елдерінің Палестиналықтар тұратын аймақтарында "Апат" оқиғасын еске алу шарасы өткізіліп тұрады. Бұл күн 1948 жылы араб-израиль бірінші соғысынан бассауғалаған арабтардың жаңадан құрылған Израиль мемлекеті мен құрылуы жоспарланған Палестина мемлекетінің аймағынан этникалық арабтардың көршілес елдердің аумағына босу үрдісінен өз баспанасын тастап кетіп, өз мемлекетін құра алмай қалған халықтың "аза" күні есебінде атап өтіледі. 1948-1949 жж. бірінші араб-израиль соғысынан ресми дерек бойынша 700 мыңнан астам адам өз баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған делінеді. Бейресми дерек бойынша бірінші араб-израиль соғысынан өз баспанасын тастап кеткен этникалық арабтардың саны миллионнан асады делінеді. Осы оқиғаны басынан кешкен отбасылар әлікүнге дейін 80 жыл бұрыңғы тастап кеткен үйлерінің кілттерін сақтап қалған. Бұл кілттер сырттағы Палестиналықтардың үйіне қайтып оралу нышаны іспеттес. Осыншама халықтың өз жерінен кетуіне қандай оқиғалар себепші? Кімдер кі

Жыл сайын 15 мамырда Таяу Шығыс елдерінің Палестиналықтар тұратын аймақтарында "Апат" оқиғасын еске алу шарасы өткізіліп тұрады.

Бұл күн 1948 жылы араб-израиль бірінші соғысынан бассауғалаған арабтардың жаңадан құрылған Израиль мемлекеті мен құрылуы жоспарланған Палестина мемлекетінің аймағынан этникалық арабтардың көршілес елдердің аумағына босу үрдісінен өз баспанасын тастап кетіп, өз мемлекетін құра алмай қалған халықтың "аза" күні есебінде атап өтіледі.

1948-1949 жж. бірінші араб-израиль соғысынан ресми дерек бойынша 700 мыңнан астам адам өз баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған делінеді.

Бейресми дерек бойынша бірінші араб-израиль соғысынан өз баспанасын тастап кеткен этникалық арабтардың саны миллионнан асады делінеді.

Осы оқиғаны басынан кешкен отбасылар әлікүнге дейін 80 жыл бұрыңғы тастап кеткен үйлерінің кілттерін сақтап қалған.

Бұл кілттер сырттағы Палестиналықтардың үйіне қайтып оралу нышаны іспеттес.

-2

Осыншама халықтың өз жерінен кетуіне қандай оқиғалар себепші? Кімдер кінәлі?

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік қауымдастық - Еуропадағы фашистік идеологияның құрбаны болған еврей халқына БҰҰ шеңберінде аумақ пен мемлекет құруға шешім қабылдағаны белгілі.

Осы шешім негізінде 1948 жылы Палестина аумағында екі мемлекет құрылуы керек болды.

  • еврей халқының ұлттық мемлекеті - Израиль.
  • христандар мен мұсылмандар қоныстанған аймақта - Палестина мемлекеті.

Алайда

  • Палестиналық арабтардың жаңадан құрылар Еврейлердің - Израиль мемлекетін мойындамауы мен өз мемлекетін құруға асықпауы мәселені ушықтырып жіберді.
  • Жанжалға көрші мемлекеттердің араласуы - Палестиналықтар арасында мүдде қайшылығын туғызды.
  • Этникалық әскери топтар - өз бақылауындағы аймақта өзге этникалық топтарға қысым жасаумен болды.
  • Палестиналық арабтар - еврейлерге қарағанда ұлттық мемлекет құруда баяу қимылдады.

БҰҰ жарғысы негізінде өздері тығыз қоныстанған аймақта этникалық мемлекетінің құрылғандығын жариялап үлгерген еврейлер - өз аумағын қорғауды ие екендігін білдіре отырып, өз аумағын кеңейтумен болды. Этникалық еврей мемлекетінің аумағында құруды қаламаған арабтар өздері қоныстанған аймақтардан көшуге мәжбүр болды.

Соғыс қимылдарының аумақ таңдамай жүруі де - арабтардың бейбіт жер іздеуге мәжбүрледі.

Палестиналық арабтардың саяси бірікпеуі де - көшті стихиялық түрде жүзеге асырды. Ешкім көшке бақылау жасамады.

  • Жаңадан құрылып жатқан Израиль мемлекетінің қоныстанушылары - Палестиналық арабтардың өз жерін тастап кетуіне мүдделі болды. Израиль мемлекеті - этникалық арабтар халқымен саяси байланыс орнатуға асыға қоймады.

Соғыс қимылдары - еврей халқының жеңісімен аяқталып, жаңа жерлерді қосып алуы - арабтардың саяси-құқықтық жағдайын ауырлатып жіберді.

Израиль мемлекетінің қарулы күштері мен еврей қоныстанушыларының өзін-өзі қорғау жасақтарының әрекеттерінің әсерімен - Палестиналықтар БҰҰ шеңберінде өздеріне берілген жерде мемлекет құра алмай қалды.

Палестиналықтардың БҰҰ жарғысын мойындамай, өз құқығын пайдаланбауы - этникалық жанжалды күрделендіріп жіберді.

  • Палестиналық жасақтардың саяси орталыққа бірікпей құрылуы да - арабтардың шашыраңқы түрде қарсыласуына әсер етті. Тіпті көрші мемлекеттердің туымен қимылдап жүрген палестиналықтар - ортақ мемлекет құруға асыға қоймады.

1948 жылғы Палестиналық арабтардың өз жерін тастап босып кетуін зерттеп жүрген сарапшылар - көптеген қарулы қақтығыстарды сөз ете отырып, палестиналық өз жерін тастап кетуін геноцид, этникалық тазалау, халықаралық қылмыс деп бағалайды. Алайда, Израиль зерттеушілер - өз жерін тастап кетуге мәжбүр болған арабтарға Израиль мемлекеті еш қысым жасаған жоқ. Босқындардың саны аз-дейді

Суреттер ғаламтордан алынды