Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Неге Израиль - Иранға қарсы әскери операциясын "оянған Арыстан"-деп атады?

Тарихтағы әрбір әскери операцияның өзіндік мәні бар. Бұл мән-мағына мемлекеттің алдыға қойған мақсаты мен бірге діни, ұлттық түсінікке байланысты пайда болады. 13 маусымдағы Израиль мемлекетінің Иранға жасаған әскери операциясының өзіндік мәні бар. "Оянған Арыстан"-деп не себепті аталды десеңіздер - 1. Еврейлердің қасиетті жазбаларында Израиль аталған Жақып пайғамбардың өз ұлы Иудаға берген бағасында - өз ұрпағын, яғни еврей халқын арыстанға теңеген болатын. 2. Еврейлердің қасиетті қаласы Израиль мемлекетінің көне астанасы, қазіргі Иерусалим қаласының нышаны - арыстан жануары болып табылады. 3. Еврейлердің қасиетті жазбаларында Дәуіт патшаның әулетін - арыстанға теңеген, еврейлердің түсінігі бойынша - құтқарушы осы әулеттен келеді-мыс. Әсіре діншіл еврей қауымы әлі осы құтқарушыны күтеді және еврейлерді қиыншылықтан құтқарады деп сенеді. Яғни, "Арыстанның оянуы" дегеніміз - еврейлерді ұзақ қиыншылықтан құтқару дегенді білдірсе керекті. Соңғы кездері Израиль мен Иран арасындағы жағдай

Тарихтағы әрбір әскери операцияның өзіндік мәні бар. Бұл мән-мағына мемлекеттің алдыға қойған мақсаты мен бірге діни, ұлттық түсінікке байланысты пайда болады.

13 маусымдағы Израиль мемлекетінің Иранға жасаған әскери операциясының өзіндік мәні бар.

"Оянған Арыстан"-деп не себепті аталды десеңіздер -

1. Еврейлердің қасиетті жазбаларында Израиль аталған Жақып пайғамбардың өз ұлы Иудаға берген бағасында - өз ұрпағын, яғни еврей халқын арыстанға теңеген болатын.

2. Еврейлердің қасиетті қаласы Израиль мемлекетінің көне астанасы, қазіргі Иерусалим қаласының нышаны - арыстан жануары болып табылады.

3. Еврейлердің қасиетті жазбаларында Дәуіт патшаның әулетін - арыстанға теңеген, еврейлердің түсінігі бойынша - құтқарушы осы әулеттен келеді-мыс. Әсіре діншіл еврей қауымы әлі осы құтқарушыны күтеді және еврейлерді қиыншылықтан құтқарады деп сенеді.

Яғни, "Арыстанның оянуы" дегеніміз - еврейлерді ұзақ қиыншылықтан құтқару дегенді білдірсе керекті. Соңғы кездері Израиль мен Иран арасындағы жағдайдың шиеленіскенің күнделікті ақпарат құралдарынан біліп жатқанымызбен - бұл шиеленістің тарихы тым тереңде. Израиль мен Иран арасындағы қарым-қатынас 1979 жылдан бері үзілген. 80 жылдардан бері Израиль мен Иран бір-біріне гибридтік соғыс жүргізеді.

Израильді - Иранның ықпалындағы күштері шабуыл жасап тұратындығы белгілі. Израиль - Ливандағы Иран ықпалындағы "Хезболлах" ұйымымен 30 жылдан астам соғысса, соңғы кездері Йемендегі "Хуситтер" билігімен бейресми соғысып жатқандығы белгілі.

Израиль - Иран ықпалындағы күштердің қысымында десек болады.

Израиль мемлекеті - "Оянған арыстан" операциясын бастай отырып, Иран мемлекетінің әскери күш-қуатын мейлінше әлсіретіп, біраз уақытқа, мүмкіндік болса - ұзақ уақытқа өңірдегі геосаяси ықпалын түсіруді жоспарлап отыр. Израильге - Иранның әлеуметін әлсірету үшін әскери операцияның уақыты шектелмей, ұзақ болу керек сияқты. Себебі, әзірше Иранның әскери шенділері қаза тауып, атом электр станциялары зардап шеккенімен жапа шеккен бейбіт тұрғындарда бар. Осы себеппен Иран өзінің қарымта шабуылын бастағаны белгілі.

Әрине, иврит тілінен аударып жатқан мамандар Израиль мемлекетінің әскери операциясын "оянған Арыстан"-нан бөлек - "қайратты Арыстан,", "Арыстанның ұмтылысы"-деп аударып жатыр. Әскери операцияның "Арыстанды халық (эрец Ариель)"-деген жанама атауы да бар.

Әскери операция атауының әртүрлі аударылуында - иврит тілінің ерекшелігі әр елдің тілдік - аудиториясына жеткізілу ерекшелігі жатса керек

Сурет ғаламтордан алынды