Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың қатысуымен білім басқармасының бастамасымен «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» диалог алаңы ұйымдастырылды. Көкейтесті мәселелерді талқылауға білім басқармасының басшысы Айман Елеманқызы Ибраева, облыстағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Сәрсенбайқызы Мальгаева, облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Зариванқызы Басенова, сонымен бірге республикалық оқушылар олимпиадасының және жобалар конкурсының жүлдегерлері, олардың педагогтері мен ғылыми басшылары қатысты. – Мемлекет басшысы көтерген қауіпсіздік мәселелері еліміздің әрбір мектебінің тіршілік қарекетінің мәселелерінде маңызды болуы тиіс. Жас өрендерді тәрбиелеу мен оқыту үшін қаншалықты қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалған кезде, біз әр баланың табысты дамуына барлық жағдай жасалды деп айта аламыз, – деді Бақытжан Хаберұлы. Жиналғандар ашық диалогта қауіпсіз орта және сапалы жағдайлар жасау оқушы
Қостанай облысы: Қауіпсіз мектеп – бақытты бала
3 июня 20253 июн 2025
1 мин