Соңғы кездері әлемдік жаңалық беттерінен өткен апталарда басталған Үнді-Пәкістан қарсыласуы алдыңғы ретте шыққаны белгілі.
Соғысушы тараптарды әлемдік ірі державалар өз делдалдығын ұсынып бітістіруге тырыспаса да - сабырлыққа шақыруда.
Жағдайдың ушығуына екі ел ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бері бөліске сала алмай жатқан Кашмир мәселесі себепкер болғаны белгілі.
Үндістан тарапы Пахалгама қаласындағы әсіре діншіл "Қарсыласу" ұйымы ұйымдастырған лаңкестіктің жауапкершілігін Пәкістанға артып, өзен суларын жауып, "Синдур" операциясын бастағаны белгілі.
Жалпы, Кашмир аймағында Исламад қолдауымен әрекет ететін бірнеше әскериленген, лаңкестік ұйымдар бар. Соның бірі осы "Қарсыласу" ұйымы.
Үндістан тарапы өзінің бақылайтын Кашмир аймағында саяси тұрақтылықты сақтап қалу үшін "Синдур" операциясы шеңберінде Пәкістан бақылауындағы Кашмирде әрекет етуші "Қарсыласу" ұйымының әскери лагерьлерін бомбының астына алған болатын.
Пәкістан бақылауындағы Кашмирде Тәуелсіз делінген Азат Кашмир квази мемлекеттік бірлестік бар. Үндістан бақылауындағы Кашмир аймағына осы бірлестік жасақтары шабуыл жасап отырады.
Үндістан тарапы шыдамы таусылған болса керек - "Синдур" әскери операциясын Кашмир аймағына шектемей, Пәкістан аумағына да соққы жасап үлгерді.
- Пәкістан тарапы, Кашмир аймағындағы Хахамгаме қаласындағы қанды қырғынға қатысымыз жоқ. Үндістан тарапы бізді негіссіз айыптауда деуде.
Үндістан әскерінің соққысынан "Қарсыласу" ұйымының лагерлерінен өзге Пәкістан әскери казармалары мен оған жақын орналасқан бейбіт тұрғындар жапа шекті.
Екі елдің шекарасында әуе шайқастарыда болып өтті.
Үндістанның соққысынан Пәкістан аумағында
- Белуджистан содырлары бой көрсетіп, елді-мекендерді басып алып, жол қатынасына кедергі жасауға тырысты
- Тайпалар мекендейтін аймақта Ауғанстандық содырларда өздерін көрсетіп қалды.
- Пәкістанның ірі қалаларында Үндістанға жауап беруге талап еткен шерулер болып өтті.
- Үндістандағы әсіреұлшыл ақпарат құралдары Пәкістан деген мемлекеттің тарихи негізі жоқ, ол қолдан жасалынған деген мәліметтер таратты.
6-7 мамыр аралығында басталған әскери операцияға Пәкістан тарапы 10 мамыр күні жауап қатып, Үндістанға қарсы "Буньян ум-Марсус" әскери операциясының басталғанын жариялады.
Пәкістан қорғаныс министрлігінің бас штабының ресми өкілінің айтуы бойынша Үндістанға қарсы бағытталған әскери операция тек қорғаныс сипатында делінді.
Жалпы, Пәкістан тарапының Үндістанға қарсы бағытталған әскери операциясының атауы қандай мағына береді десеңіздер - бұл атауы ислам дінін ұстанатын мұсылман халықтарының қасиетті кітабы Құраннан алынды деген жорамал бар.
"Буньян ум-марсус" атауының бірнеше мағынасы бар
1. берік қабырға
2. қорғаныш сипатында тұрғызылған қабырға
3. Жаратушы Алланың өз жауынгерін қорғау үшін тұрғызған қабырғасы
4. Қорғасыннан тұрғызылған қабырға
5. Мызғымайтын, құламайтын қабырға
Бұданда басқа мағыналары бар.
Сарапшылардың айтынша "Буньян ум-марсус" атауы Қасиетті Құранның 61-шы әл-Сафф (Саптар) аятының 4 сүресінде айтылатын сөз.
Пәкістан тарапы "Буньян ум-Марсус" әскери операциясының аясында Үндістан аумағындағы әскери әуежайлар мен гарнизондарға шабуыл жасап үлгерді.
Неліктен Пәкістан тарапы Үндістанға қарсы бағытталған әскери операциясына Қасиетті Құран кітабындағы мағыналық сөзді алды дегенге келсек
1. Пәкістан мемлекеті зайырлы-батыстық басқару формасы негізінде демократиялық тұрғыда басқарылады делінгенмен - өз Конституциясына ислам дінін еңгізген мемлекет. Яғни, Пәкістан мемлекеті дін ықпалы басым мемлекет.
Тіпті, Пәкістан мемлекетінің құрылуында ислам діні жатыр десек қателеспейміз. 1947 жылы Ағылшындар бақылауында Үнді Одағы Тәуелсіз екі мемлекетке бөлінгенде - мұсылмандар тығыз қоныстанған аймақ Пәкістан атауына ие болған еді. Пәкістан атауының өзін Қасиетті Құран кітабынан шығаратын сарапшыларда бар (провинциялардың бастапқы әріптерінен құралған атау деген жорамалда бар). Діни түсінік басым елге - саясатты тек ғана діни түсінік арқылы ғана жеткізе аласың.
2. Пәкістан билігі діншіл қоғамды біріктіру үшін әскери операцияға Құран кітабындағы мағыналық атау алынған делінеді.
3. Діншіл оппозициялық топтарды билік өз мағына топтастырып, Үндістанға қарсы бағыттау үшін Құран кітабындағы мағыналық сөз алынды делінеді.
4. Үндістан тарапының әскери операциясына діни "Синдур" атауына жауап беру үшін - "Буньян ум-Марсус" атауы алынды деген жорамал бар.
5. Өз өмірін дінмен байланыстырған халыққа - мемлекеттің қорғаныс саясатын жеткізу үшін діни сөз алынды деген жорамал бар.
Әскери операциялар мұндай атаулардың берілуі - ішкі аудиторияға бағытталған болса керек. Әзірше, сырттағы әсіре діншіл топтар жауап бере қойған жоқ. Әлем елдері мен жаһандық сарапшылар екі мемлекеттің де ядролық қаруға ие екендігіне ғана алаңдаулы. Соғыс қимылдары ұзаққа созылмауы мүмкін