Найти в Дзене

Не себепті Еуразия даласы «Дешті Қыпшақ» деп аталды?

Х ғасырдан бастап Еуразия құрлығының Орталық Азия мен Шығыс Еуропа аймағы парсы және араб жазбаларында дешти не сахра деп атала бастады. Бұл жердегі дешті сөзі парсы тілінен аударғанда - дала, аумақ, ареал деген мағына береді. Х-ХІІ ғғ. жазба деректерінде дешті - оғыз, дешті-қыпшақ атаулары жиі кездеседі. Дамыған ортағасырларда оғыздардың тарих сахнасынан жойылуына байланысты оғыздардың орнын қыпшақтар басып, олар мекендеген жер Дешті-қыпшақ деп аталды. Неге Еуразия құрлығының далалы аймақтарын Дешті-қыпшақ деп атады дегенге келсек - оғыздарға қарағанда бытырай қоныстанған қыпшақтардың саны жағынан көп болып, шашыраңқы қоныстанған болды. Шашыраңқы қоныстанған қыпшақтар Днестр өзенінен Ертіске дейінгі аралықты мекендеді. Қыпшақтарды шашыраңқы түрде орналасып Днестр өзеніне дейінгі жерді мекендеуіне - қыпшақтардың саны жағынан көп болып, ірі түркі мемлекеттерінің қарамағында болуы әсер еткен болар. Мысалы: Оғыз, Қимақ, Хазар мемлекеттерінің. Ортағасырлық қыпшақтар ХІІІ ғасырға дейін бірн

Х ғасырдан бастап Еуразия құрлығының Орталық Азия мен Шығыс Еуропа аймағы парсы және араб жазбаларында дешти не сахра деп атала бастады. Бұл жердегі дешті сөзі парсы тілінен аударғанда - дала, аумақ, ареал деген мағына береді.

Х-ХІІ ғғ. жазба деректерінде дешті - оғыз, дешті-қыпшақ атаулары жиі кездеседі. Дамыған ортағасырларда оғыздардың тарих сахнасынан жойылуына байланысты оғыздардың орнын қыпшақтар басып, олар мекендеген жер Дешті-қыпшақ деп аталды.

Неге Еуразия құрлығының далалы аймақтарын Дешті-қыпшақ деп атады дегенге келсек - оғыздарға қарағанда бытырай қоныстанған қыпшақтардың саны жағынан көп болып, шашыраңқы қоныстанған болды.

Шашыраңқы қоныстанған қыпшақтар Днестр өзенінен Ертіске дейінгі аралықты мекендеді.

Қыпшақтарды шашыраңқы түрде орналасып Днестр өзеніне дейінгі жерді мекендеуіне - қыпшақтардың саны жағынан көп болып, ірі түркі мемлекеттерінің қарамағында болуы әсер еткен болар. Мысалы: Оғыз, Қимақ, Хазар мемлекеттерінің.

Ортағасырлық қыпшақтар ХІІІ ғасырға дейін бірнеше ірі мемлекетермен соғысқаны белгілі. Киев русімен, Хорезмшах мемлекетімен, Моңғол империясымен соғысқаны белгілі.

Орыс халқының Игорь жорығы дастанында - Игорь князьдың осы қыпшақтардан жеңілісі баяндалады.

Бірақ Киев русімен, Хорезмшах мемлекетімен, Моңғол империясымен соғысқан қыпшақтар ұжымдасқан түрде емес бытыраңқы түрде соғысты.

Венгрияға қоныстанған Котян хан мен Грузияға көмектескен Артық хан қыпшақтардың бір бөлігін ғана басқарған.

Бәлкім, ортағасырлық қыпшақтарды айтқан кезде бір атаумен белгілі бірнеше этнотопты немесе бірнеше хандықты не тайпалық бірлестікті атаған жөн шығар.

Жалпы, тарихта қыпшақтардың қоныстанған жерін парсыша Дешті-Қыпшақ атап, Орал тауымен Еділ мен Жайық өзендері арқылы шартты түрде Шығыс және Батыс Дешті-Қыпшақ деп бөледі. Екі бөлікке орналасуына байланысты руларды орналастырады. Бәлкім, әрбір рудың басшысы хан аталған шығар.

Осы қыпшақ деп аталған тайпалардың шаруашылық жағынан далалы аймақтарда мекендеп көшпелі өмір сүруі - олардың, Еуразия құрлығының далалы аймақтарын мекендеуге әсер етті. Сондықтан болса керек - орыс деректерінде оларды далалықтар. Яғни половшылар деп атаған

сурет ғаламтордан алынды