Найти в Дзене

Ұлттардың пайда болуы жәйлі Бромлей теориясының артықшылығы мен кемшілігі

Жер бетіндегі ұлттардың қалыптасуы бірнеше теориялар бар. Олар бір-бірін жоққа шығарады не толықтырып тұрады. Сондай теориялардың бірі КСРО кезеңінде Миклуха Маклай атындағы этнология және антропологиясы ұсынған дуалистік теория. Ұлттардың қалыптасуы туралы теориялардың біразы халық пен ұлт ұғымын бөлек қарастырып, этникалық бірізділігі бойынша бірігіп бір жерде отырған халықтар мәдени жағынан жоғарылауы ұлт дейді. Әрине, ұлт деңгейіне жету үшін халық мемлекет құрып, ұлттың дамуына саяси-экономикалық жағынан мәдениетін көтеруі керек дейді. Яғни, өз алдына саяси түрде бірігіп мемлекет құрмаған халықтар ұлт деңгейіне жетпеген дейді. Сөзсіз, мұндай ұғымдар біраз ұлттардың зиялы қауымы қарсы шығатындығы белгілі. Тіпті халықты ұлт деңгейінен жоғары қоятындарда бар. Керісінше халықты ауыл, қала мемлекет деңгейінде қарастыратындарда бар. Осындай көзқарастардың тартысы негізінде барлығына әмбебап түсінік бола білетін ұғымды Кеңес ғылымы Ю. Бромлей тұжырымы негізінде ұсынған болатын. Кеңес тари

Жер бетіндегі ұлттардың қалыптасуы бірнеше теориялар бар. Олар бір-бірін жоққа шығарады не толықтырып тұрады. Сондай теориялардың бірі КСРО кезеңінде Миклуха Маклай атындағы этнология және антропологиясы ұсынған дуалистік теория.

Ұлттардың қалыптасуы туралы теориялардың біразы халық пен ұлт ұғымын бөлек қарастырып, этникалық бірізділігі бойынша бірігіп бір жерде отырған халықтар мәдени жағынан жоғарылауы ұлт дейді.

Әрине, ұлт деңгейіне жету үшін халық мемлекет құрып, ұлттың дамуына саяси-экономикалық жағынан мәдениетін көтеруі керек дейді. Яғни, өз алдына саяси түрде бірігіп мемлекет құрмаған халықтар ұлт деңгейіне жетпеген дейді.

Сөзсіз, мұндай ұғымдар біраз ұлттардың зиялы қауымы қарсы шығатындығы белгілі.

Тіпті халықты ұлт деңгейінен жоғары қоятындарда бар. Керісінше халықты ауыл, қала мемлекет деңгейінде қарастыратындарда бар.

Осындай көзқарастардың тартысы негізінде барлығына әмбебап түсінік бола білетін ұғымды Кеңес ғылымы Ю. Бромлей тұжырымы негізінде ұсынған болатын.

Кеңес тарих ғылымының этнологиясын саласын зерттеуші Ю. Бромлей өзінің тұжырымын С. Широгоровтың тұжырымын толықтыра отырып ұсынды.

С. Широгоровтың тұжырымы этникалық эволюционизмге негізделді. Яғни, ұлт болып қалыптасу үшін этникалық қауымдастық ұзақ тарихи формациялардан өту керек. Этникалық қауымдастықтың саяси деңгейі осы тарихи формациялардағы кездескен қиындықтар арқылы өсіп отырады. Ұлт өзу дамуында техникалық деңгейлерге жете отырып, өзге этникалық топтарға қысым түсіруі мүмкін.

Бұл тұжырымды Ю. Бромлей этникалық топ ұлт болып қалыптасуы үшін

1. бірыңғай мәдениет, бірыңғай тіл, бірыңғай діл

2. мемлекет

Ю. Бромлейдің тұжырымы бойынша этникалық қауымдастық өзін-өзі ұлт деңгейіне шығару үшін өзін-өзі дамыта алу керек. Этникалық қауымдастық өзін-өзі жетілдірген деңгейі өз мәдениет, тілін, дінін дамыту. Ол үшін әлбетте саяси билік керек. Яғни мемлекет.

Бромлейдің тұжырымы бойынша ұлт өзін тек мемлекет аясында ғана дамыта алады.

Әлбетте, бұл тұжырыммен келісуге болады. Саяси ерік-жігерін мемлекет құруға жеткізген этиникалық қауымдастық өзінің мәдениеті, тілін, дінін саяси билік арқылы жетілдіре алады.

Алайда, Ю. Бромлейдің тұжырымдамасымен мемлекет құра алмаған этникалық қауымдастықтар келісе алмайтындығы анық.

Бірақ саяси түрде өзін-өзі жетілдірген этникалық қауымдастықтар өз мемлекеті үшін күресетіндігін айтып өткен жөн. Артықшылығы осыда.

Ал кемшілігі болса - өз мемлекетін құрай жүрген не шағын этникалық топтар ұлт деңгейіне жетпеген болып табылады. Ұлт деңгейіне жетпеген этникалық қауымдастық өз деңгейін басқа өзінің ұлттық мемлекетін құра алған мемлекеттерген даму деңгейін кенжелетіп қалған болып саналады.

Қазіргі кезде мемлекеттердің біразы бір ұлттың саяси ерік-жігері нәтижесінде құрылмағанын ескерген жөн. Көп ұлтты мемлекеттерде бар. Боливия, Босния және Герцоговина сияқты

Сурет ғаламтордан алынды