1922 жылы Хауард (Коворд, Говард, Кауард) Картер 20 жылдық археологиялық ізденісі нәтижесінде Ежелгі Египеттің Жаңа патшалық дәуірінің 17 әулет өкілі Тутанхамон перғауынның мазарын тапқан болатын. Бұл сол кезең ғана емес қазіргі күнге дейін Ежелгі Египет тарихын зерттеуде ашылған үлкен жаңалықтардың бірі болып саналады. Тутанхамон перғауынды Ежелгі Египетте б.з.б. XIV ғасырының 40-30 жылдары немесе кейбір деректерде XIV ғасырдың 30-20 жж. билік құрған делінетін патшалардың қатарынан. Хауард Картердің археологиялық жаңалығына дейін Тутанхамонның өмірде болғандығы жәйлі күдік келтірушілер көп болған. Оған себеп 1922 жылғы Хауард Картердің ашқан жаңалығын Тутанхамон перғауынның өмір болғандығына күдігін сейілтті. Жалпы, Хауард Картерді маманданған археолог деп айту қиын. Нақты мамандығы суретші. Египет жеріне археологиялық зерттеу экспедициясына суретші болып келген. Алайда 1891 жылдан бастап Египет жеріне келуі оны археология мен египтология саласының ең үздік ғалымдарының қатарына қос
Ежелгі Египет тұрғындарының өмірі туралы Тутанхамон табытханасы қандай сыр шертеді?
9 ноября 20249 ноя 2024
21
2 мин