Найти в Дзене

Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді?

Ежелгі Мысыр (Египет) елінің тарихында бірнеше әйел перғауын патшайымдар болған. Солардың ішіндегі жеке дара билік құруымен Хатшепсут патшайымға тең келетіні жоқ. Кейде тарихта Хатшепсутты Ежелгі Мысырдың (Египеттің) алғашқы патшайымы деп қате түсінік айтылады. Бірақ оның алдында Нейт, Нимефа, Хентхаус, Анхесенпепи, Нейтхикрет, Собекнефру, Ашотеп, Ахмос-Нефертари сынды перғауын патшайымдар болған. Тіпті осы тізімдегі Собекнефру перғауын патшайым тарихта қолтырауындар патшайымы деген атпен қалған. Ежелгі мысырлықтардың пайымдауынша қолтырауын өзендер мен көлдердің жебеушісі саналып, тіршіліктің бастауы деп қабылданды. Бірақ Хатшепсут патшайым перғауынның өзіне дейінгі әйел перғауындардың артықшылығы билікті абсолютті негізде жүргізіп, өз есімін құрылыстар жүргізумен қалдырған болатын.

Хатшепсут перғауын б.з.б. XV ғасырда Тутмос ІІ - ден билік басына келген тұлға. Хатшепсут есімі Ежелгі Мысыр (Египет) тарихында Карнак, Дэр эл-Бахри қалаларындағы құрылыстармен есте қалған. Сонымен Хатшепсут есімі көршілес Пунт еліне шабуыл жасауымен есте қалады. Бәлкім, Хатшепсут патшайымға қалалардағы храмдар салуға қаржы жетпеген болар. Хатшепсут патшайымның Пунт еліне жіберген экспедициялық корпусы жеңіспен оралып, бағалы тастар мен құлдарды әкелген болатын.

Әрине, Пунт елінің әскері Мысырдың (Египеттің) шекаралық аймағын мазалаған болар. Сол қауіптен елін аман сақтау мақсатында Хатшепсут патшайым Пунт еліне жорық жасаған болып қалар.

Нақты айту қиын. Бірақ Ежелгі Мысырдың (Египеттің) Жаңа патшалық дәуірінің 18 әулетінің өкілі ретінде ата-бабалары жүргізген мемлекетті дамыту әрекетін әріқарай жалғастырды. Оның әкесі Тутмос І Алдыңғы Азияға дейін шабуыл жасаған. Бәлкім, Хатшепсут патшайым өз мерейін үстем етіп, мемлекет аймағын кеңейту мақсатында Пунт еліне шабуыл жасаған болар.

Хатшепсут патшайым кезінде әйел адамның билік отыруы тұрақты болмаған сияқты. Себебі, ол өзіне ер адамның сақалын жабыстырып алып, өзін ерекше тұлға есебінде таныстырған. Ол ежелгі Мысыр (Египет) патшайымдары арасында ең ұзақ басқарған патшайымдардың қатарында. Ол Мысырды (Египетті) 22 жыл басқарған. Кейін Ежелгі Мысырдың (Египеттің) соңғы патшайымы Клеопатра ғана Хатшепсут патшайыммен билік құру жылымен теңескен

-2

Суреттер ғаламтордан алынды