Қырғызстан Посткеңестік елдердің ішіндегі Тәжікстан секілді Ресеймен тығыз байланыста. Ресей мемлекеті әскери жағынан одақтасы ғана емес инвестиция салушы басты мемлекеттердің бірі. Қырғызстан Ресей мемлекеті кіретін Кедендік Одақ, ЕАЭҚ, ТМД, ШЫҰ кіреді. Содан болса керек Қырғызстанда Ресейдің ықпалы басым. Қант қаласында Ресейдің әскери базасыда бар. Ресейге кеткен мыңдаған еңбек мигранттары Қырғызстан бюджетіне миллиондаған кіріс алып келеді. Қырғыз саясаткері орысша еркін сөйлейді, тіпті қырғызша сөйлегенде орысша сөздерді қосымша сөз арасында қолданатындығы бар. Қырғыз саясаткерлерінің басым бөлігі ХХ ғасырдың бас кезіндегі қырғыз халқының әкімшілік бірлесуін Ресей коммунистерімен байланыстырады. Қырғыз саяси өміріндегі саясаткердің басым бөлігі өз мемлекетінің дамуын Ресеймен байланыстырады. Әрине, қырғыз саясаткерлерінің және саяси көзқарастағы азаматтарының ішінде Ресей мемлекетінің қабылдамайтындарыда бар. Олардың арасында либерал-демократтар, әсіре ұлтшылдар, демократтарда бар
Қырғыз оңшылдары елін Ресей-Украина соғысына араластырмақ
6 сентября 20246 сен 2024
2 мин