Сіздердің біразыңыз 2012 жылы Ақан Сатаев түсірген "Жау жүрек мың бала" фильмін көріп шыққан боларсыздар. Бұл фильмде жоңғар шапқыншылығының қазақ дәстүрлі көшіп қонуына әсер еткендігін жақсы көрсетілген. Фильмнің басында тау етегінде орналасқан далалы жерде қоныстанған қазақ ауылына жоңғарлар шабуыл жасап, Сартай батырдың әке-шешесін өлтіріп кететіндігі бар. Ал кейін Сартай батырдың есейген шағы орманды жерде қоныстанған атасының ауылында өскендігі баяндалады. Фильмде Сартай, Таймас, Қорлан үшеуі бірігіп таулы орман аңғарынан түсіп жоңғарларды өлтіретіндігі бар. Бұл жоңғар шапқыншылығынан бассауғалаған қазақ ауылдарының Орта және Кіші жүз аймақтарына ауыспай, көрші елдерге кетпей қалған қазақ ауылдарының қиын тағдырының көрінісі. Яғни, өз қауіпсіздігін ойлаған қазақ ауылдары биік таулардың етегімен орманды алқаптарға барып паналауға мәжбүр болғандығын жақсы көрсетілген.
2003 жылы Болат Құлымбетов басшылығымен түсірілген "Сардар" фильмінде де "Жау жүрек мың бала" фильміне ұқсас оқиғалар көрсетілген. Әрине, екі фильмде екі түрлі тарих тұлға тұлға Сардар батыр мен Хангерей батырдың (әулеті) тарихы көрсетілгені болмаса қазақ-жоңғар соғысы жақсы суреттелген.
Әрине, "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деген атпен қалған жоңғар шапқыншылығы аталмыш тарихи фильмдер көрсеткендерінен қарағанда салдары ауыр болғандығы белгілі.
Жоңғар шапқыншылығы Алтай, Тарбағатай, Жетісу жерін мекендеген қазақ ру-тайпаларын ата-бабасынан бері мекендеп отырған жері тастап Сырдария бойына, Түркістан қаласының маңына көшуге мәжбүр еткен. Кейбір қазақ тайпалары Ресей империясының әскери бекіністерінің маңына қоныстануға мәжбүр болды. Бірақ Ресей империясы тарапы өз бекіністерінің қауіпсіздігін ойлап көшпелі қазақ ру-тайпаларын жақындатпауға тырысқан.
Хиуа және Қоқан хандықтарының аумағына уақытша бассауғалап кеткен қазақ ру-тайпалары қайта күш жинап елге оралуға мүмкіндік алған.
"Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" жылдары дәстүрлі қазақ ру-тайпаларының маусымдық көшіп-қонуы өзгеріп, Жетісу жері 30 жылдай Жоңғар хандығының құрамына уақытша қалып қойған. Жетісу жеріне ойрат тайпалары уақытша қоныстанып, қазақ ру-тайпаларын Сырдария бойына ығыстырған.
"Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама" жылдары қазақ ру-тайпалары үнемі өзінің қауіпсіздігін ойлап қоныстанып отырған жерін ауыстырып отырған. Бір рудың халқы келесі рудың жайылымдық жеріне келіп паналауы сол кездің көрінісі болған.
Бұл қиыншылықтан қазақ ру-тайпалары біріге отырып, жасақ құрып жол тапқан
Сурет ғаламтордан алынды