Көкжөтел қоздырғышы – Bordetella pertussis бактериясы. Инфекция ауа-тамшылы жолмен беріледі. Ауру жыл бойы кездеседі, бірақ көбінесе жаз айларында жиі тіркеледі. Көбінесе 10 жасқа дейінгі вакцина алмаған балаларда кездеседі. Адамдардың шамамен жартысында инфекция симптомсыз өтеді, бірақ олар инфекцияның көзі болуы мүмкін. Көкжөтелдің үш кезеңі бар: катаральды кезең, пароксизмалды кезең және аурудың басылу кезеңі. 1.Катаральды кезең. Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 1-2 апта. Аурудың белгілері осы кезеңде ЖРВИ-дің белгілері сияқты : жөтел, мұрыннан су ағу, температураның сәл көтерілуі мүмкін. ЖРВИ - да ауру бастапқы кезеңде бала қатты ауырып, 4-5 күннен кейін сауыға бастайды, ал көкжөтелде керсінше 6-7 күннен бастап өршей түседі. ЖРВИ кезінде мұрыннан бөлінетін сұйықтық 3-4 күнде қоюланып, түсі жасыл бола бастайды, ал көкжөтел кезінде ол көбінесе сулы,түссіз күйінде қалады. 2.Пароксизмалды кезең. Катаральды кезеңнен кейін пароксизмалды кезең келеді, оның ұзақтығыорташа 2-ден 8 а