Найти в Дзене
Askar Yessengeldin

"Алғашқы баға" отрывок

Нурик подъезден шығып үлгеріп жатқан дәл сол сәтінде оңға және солға қарап үлгергенше «О! Нурик! Вратарь бар уже!» деген Аманжанның шын қуанышқа толы дауысын естіді. Команда жинаудан жалықпайтын Аманжан балаларды уйдің алдындағы кір жаятын темірлердің қасына жинап, түгелдеп жатыр екен. Нурикты көріп ол қолын былған жанына шақырып алды. - Кел, кел бол! – деп асықтырды. Нурик келіп бәрімен қол беріп амандасты. Амандасып-қал сұрасуға уақыт бермей, Аманжан бірден шаруаға кірісті: - Қара, Нурик! Дони мен Муха защитаны ұстайды, железно ғо! Сен воротаны қарайсы, бетон ғо! Так! Мирас бар алда, мен ортада жүремін. Қазір Бикош шығады. Бикош! Бомбардир ғо, біздің Бикош! Заменада Айбол, Марат... Ануар келеді чуть позже... Бикош шаршаса Айболмен ауыстырып демалтып аламыз... Или Айболмен Бикошты шығарып, Мирас пен Бикошты демалтамыз... Болды... Бәрі өз орнын білсе болды емес пе? Ема... Балдарекей! Мерекенің дворынан жеңілуге болмайды. Бұл вопрос принципа ғой! Жыртумыз керек. Дұрыстап ойнаумыз керек.

Нурик подъезден шығып үлгеріп жатқан дәл сол сәтінде оңға және солға қарап үлгергенше «О! Нурик! Вратарь бар уже!» деген Аманжанның шын қуанышқа толы дауысын естіді.

Команда жинаудан жалықпайтын Аманжан балаларды уйдің алдындағы кір жаятын темірлердің қасына жинап, түгелдеп жатыр екен. Нурикты көріп ол қолын былған жанына шақырып алды.

- Кел, кел бол! – деп асықтырды.

Нурик келіп бәрімен қол беріп амандасты. Амандасып-қал сұрасуға уақыт бермей, Аманжан бірден шаруаға кірісті:

- Қара, Нурик! Дони мен Муха защитаны ұстайды, железно ғо! Сен воротаны қарайсы, бетон ғо! Так! Мирас бар алда, мен ортада жүремін. Қазір Бикош шығады. Бикош! Бомбардир ғо, біздің Бикош! Заменада Айбол, Марат... Ануар келеді чуть позже... Бикош шаршаса Айболмен ауыстырып демалтып аламыз... Или Айболмен Бикошты шығарып, Мирас пен Бикошты демалтамыз... Болды... Бәрі өз орнын білсе болды емес пе? Ема... Балдарекей! Мерекенің дворынан жеңілуге болмайды. Бұл вопрос принципа ғой! Жыртумыз керек. Дұрыстап ойнаумыз керек... Алдындағыдай күліп, несерьезно жүрсек болмайды... Солардың біреуі Бикош қо. Бірақ мен оған өзім түсіндіріп айтамын бар ғо... Түсінігі поняткасы бар бала ғо... Нормально ойнап тастау керек...

Аманжанның ойынға деген жүріс-тұрысы балаларға да берілді, бәрі шабыттанды, Мекенің дворынан жеңілмеу деген үлкен миссия болып көрінді.

- Сосын! Сосын бар ғо... Ертерек барып бастап кету керек негізінде бар ғо... Базаның артындағы поле ғо... Қараңғы түсіп кетсе проблема анда... Дұрыс көрінбейді...

- Кештің күйіне қарағанда явно қараңғы болады ғо... – деп Нурик күмәнін айтты.

- Қорықпасайшы... – деп Аманжан оған да жауабын берді. – Мерекенің өзімен бүгін мектепте сөйлесіп келе жатырмын ғо. Оның паханы сол базада жасайды ғо. Оларда свет бар ғо қосуға болатын. Соны қосқызамын...

Деп айтып Аманжан мәз болды...

- Базар жоқ, мықты...

- Мықты...

- Әңгіме жоқ...

Деп балалар баға берді...

- Базар жоқ... Жеңуге болады бар ғо... – деп Аманжан қорытындылады...

Нурик шабыттанды, жүрегі соқты, бойына энергия кірді. Қалтасынан қолғабын киіп, тексеріп қарады. Жаңағы Аманжанның айтқан балалары қосылды: Ануар келді, Марат та келді, Айбол да келді. Бір сәтте «О! Бикош шықты!» деген естілді. Шеткі подъезден үстіне «Роналдо» деген жазуы бар футболка киіп алып, өзіне риза болып, күлімсіреп Бикош деген бала да шығып командасына қарай жүрді.

Бір сәтте Аманжанның түрі өзгеріп кетіп:

- Э! Бикош, мынау не? Аяғыңа не киіп шыққансың? – деп сұрақ қойды.

Сол бойда бәрі Бикоштың аяғына қарады. Бикош аяғына қара түсті, кезінде жылтыр болған, мектепке, мерекеге арналған қара туфли киіп шыққан екен.

- Мынау не? Бутсы неге киедің? Мынауыңмен қалай жүгіресің? – деп Аманжан сөйледі.

- Э! Фигня! Ойнай беремін мен! – деп Бикош, қара бәтеңкені мәселе көрмей балалармен амандаса берді.

- Жоқ! Сен енді біздің основной нападающийсің ғо. Сен мынаумен тайып жүрмисің бе? – деп Аманжан қоймады.

- Тшшшоқ! Жоқ! Спокойно ойнай беремін! – деп таңдайын қағып Бикош жауабын берді.

- Мынау жаңа класста киіп жүргенің бе? – деп Аманжан сұрады.

- Жоқ! Мынау ана жылғы ғо. Бутсы жыртылып қалды. Соны пока киіп тастаймын деп... Саспа дим! Саламыз голды! Тарс-тарс еткізіп! – деп Бикош ыржиды да өзі өзінің аяғына, туфлиларына қарап мәз болып, көңілі толып ыржиды.

Бикоштың өзінің өзіне сенімділігі Аманжанға жақсы әсерін бергендей болды. Аманжан:

- Ал! Болды! Кеттік, балдарекей! Ойнап тастайық! Кеттік базаның полесына! – деп командасын жетеледі.

Балалар команда болып көрші мөлтек ауданға жолға шықты. Алда Аманжан, оң жағында қолғабын қолына ұстаған Нурик, сол жағында Бикош, оның екі көзі қара туфлиінде... Арт жақта қалғандары...

- Так! Бикош! Сен бар ғо, иә, көп алдамаш! Доп алдың ба – гол сал! Жабық па бәрі – пас бер! Алдап жүрме, түсіндің бе? – деп Аманжан сөйледі.

- Окей ғо! Саспа! – деп Бикош жауап берді.

Сосын Аманжанның назары Нурикке ауды:

- Сен бар ғо, иә, Чилаверт... Доптан қорықпаш! Сосын бірге бір шығып қалсаң көзіңді жаппа, секірме, очкоңды жап! Сосын бар ғо да... Нурик, е... Ойланып, далаға қарап тұрмаш, иә ма? – деп насихаттады.

- Аха! Түсінгендей болдым! – деді Нурик.

- Алдында очкосынан өткізіп үш гол тығып жібердім ғо, кхе-кхе, кхе-кхе... – деп Бикош күлді.

- Ол саналмайды ғо... Прикол ұстап жүрген ойын ғо... – деп Нурик ашуланып Бикошқа қарады.

- Білмеймін мен ештеңе... Ничего не знаю... Доп өткіздім ғо... – деп Бикошта қоймады.

- Так! Балалар! Қоямыз приколға тығуды! Дұрыстап настрой жасайықша бар ғо... – деп Аманжан кірісті.

Артта келе жатқан Дони Мирасқа қарап:

- Сөйлей береді, сөйлей береді... – деп сыбырлады да күлді...

Аманжанның командасы күбір-күбір сөйлеп, тактиканы талқылап, «База» деп аталып кеткен ескі ғимараттың жанында орналасқан футбол алаңына көп кешікпей жетті.

Футбол алаңының жағдайы осындай екен. Алаңның оң жағы уақ тас араласқан сары топырақ, ал сол жағы ескірген асфальт. Жуан даттанған темірден жасалған екі қақпа жерге жуан сыммен бекітілген. Тор жоқ. Ол да голдың болғанын немесе болмағанын анықтауды қиындатады. Бір қақпа аздап биіктеу, бірақ қисық орналасқан. Ал басқа қақпа жерге кіріп кеткеннің себебінен аздап аласалау. Сол себептен командалар ауысып ойнайды... Аманжанның командасы келген кезде, Мерекенің командасы алаңда жүр екен. Балалар амандасты, бір біріне төбелесіп кетейін деп тұрған жаулар сияқты ала көздерімен қарады, жат көрді. Мерекенің өзі де менсінбей қарағандай болды да, суық амандасты. Екі команда да ұту үшін жан беруге келген екенін көрсетті. Бірақ ол жайт көпке созылмады. Тезірек ойында бастап кету үшін тезірек бас қосып біраз қиындықтарды шешуге тура келді. Мәселе неде десеңші... Күндіз канализация жарылып, су көл болып, алаңның бір шетін басып кеткен екен. Онымен қоса, «көлдің» суынан қашып, үлкендер көліктерін алаңның бір жағындағы қақпаның дәл қасына қойып тастаған екен... Сол мәселені бірігіп шешіп тастауға балалар бірден кірісті. Аманжан мен Мереке, екі капитан, тез ақылдасып алды да, жұмысқа кірісті.

- Так! Сендер мына бұтақтарды алып суды қуыңдар! Сендер машиналарды тебіңдер, сигнализация қосыңдар! Сендер құм себіңдер... – деген командалар оңға-солға кетті.

Балалар жұмысқа кірісіп кетті. Біреу су сыпырып жатса, басқасы: «Аға! Машинаға доп тиеді қазір» деп айқай-шумен көліктерді қуып жатыр екен. Бикош Мерекенің командасындағы екі баламен бірігіп алып, үлкен картон тауып алып, үстіне құм жинап алып, балшықтың үстіне төгіп жатыр екен.

Он-он бес минуттың ішінде шаруа бітіп кетті де, бір санаулы минуттарда екі команда қайтадан бір біріне ала көздерімен қарап, жат көріп, алаңның екі жағына шығып, қарама қарсы болып тұрып алды. Ортада Аманжан мен Мереке.

- Так! Келістік қо, да? Екі тайы отыз минуттан! Бес минут перерыв. Бір тайым, ворота ауысамыз. Солай ма? Міне саған, осыны поленың шетіне қойып қоямын! – деп Аманжан қалтасынан үлкен пейджерге ұқсайтын, белбеуге тағатын сағат алып шықты.

Аманжанның осындай идеясы бәрінің көңілінен шықты. Ал Аманжан болса өзі өзіне мәз болып, асықпай сағатты алаңның шетіндегі тастың үстіне қойды. Екі жақ дайын болды. Нурик қақпасына тұрды. Алаңның шетінде екі жақтың заменада отырған балалары. Бәрі ойынға дайын. Аманжан ортада, аяғы допта. Базаның шарбағының үстінде сол базада жұмыс жасайтын ағалар көрермен боп орналасқан. Бір сәтте ойын да басталды... Ойын басталды, шаң көтерілді, айналаның бәрі айқайлаған балалардың дауыстарына толды, доп былай да былай ұшты. Пастар жермен қысқа қашықтыққа, ауамен алаңнын бір шетінен басқа шетіне кете берді. Шаршағандар алаңның шетіндегілермен ауысып жүрді. Жақсы соққылар жасалды: бірі бағанаға соғылып, бірі бағананы жалап өтіп жатырған болса, біраз соққы далаға кетті. Мерекенің командасының соққылары жойқын болды. Сағынғали деген бала сол аяғына допты ыңғайлап алып қақпаға бағыттап еді – Нурик оны керемет қағып тастады, сол сәтте Мура дегені жерге түскен допқа бірінші үлгеріп келіп, тағы тепті, Нурик осы жолы қолымен қағып алды. Аманжан «Уф!» деді. Бикош алдан доп сұрады. Допты лақтырып жіберіп Нурик алаңның шетіне қарады. Заборда отырған ағалар естері кетіп ойын қарауда, заменадағылар алаңдағыларға айқайлауда... «Шіркін-ай, осы допты тірегендерімді көріп, поленың шетінде Айгүл тұрса ғой... Сосын ойыннан кейін маған су берсе, сосын ойынды айтып, екеуміз үй жаққа кетсек қо... Не деген өмір болар еді...» - деп Нурик ойлап, қиялдады.

- Допқа қараш! Э! Нурик! Далаға қарап ойланба деп айттым ғо саған, сен бала! – деген Аманжанның жан айқайы Нуриктың ойын қақ ортасынан бөлді.

Ойын одан әрі қызды. Алаңдағылардың бәрі жан алысып, жан берісіп ойнады. Нурик өзін Франциядағы Марсель қаласындағы «Велодром» атты стадионында жүргендей сезінді. Забор, ескі үйлер, балшық, шаң, жердегі тастарды көрмеді... Жан жағынан тек биік трибуналарды, мыңдаған көрермендерді көрді. Аяғына туфли киіп ойнап жүрген Бикош, Патрик Клайверт болып көрінді. «Патрик Клайверт» қазақшалап «Басқа! Басқа шығар!» деп айқайлайды екен... Тап солай қиялдап балалалардың бәрі жүрсе керек сол алаңда...

Екі жақ та барын салып ойнады, айқын басымшылыққа ешқайсы ие бола алмады. Бірақ Мерекенің командасы бірінші таймда Нуриктың баққан қақпасына екі гол салып үлгерді... Одан Аманжанның ұжымы мұңаймады, одан сайын бар шеберлігін алаңдағы тартысқа салды. Ойынға дейінгі күліп, сызылып, созылып жүрген балақайлар жоқ: бәрінің беттерінде жинақылық, бір біріне бір үйдің балалары секілді қарап қояды. «Міне, Мико!», «Аман, оң жаққа!», «Кеттік, бас, Дони, шығар!» деген айқайлар Нурикке анық естілуде...

Сүйтіп бірінші таймның аяғында Дони алыстан допты қарсыластын қақпасына шығарып еді, Бикош баспен соғып, есепті екі де бір қылды. Сол салынған голдан кейін Аманжанның сағаты бірінші тайм мәресіне жетті. Мерекенің командасы сол екі де нөл есебін ұстап қала алмағаннан «Әттеген-ай!» десті, ал Бикош болса екі қолын көтеріп, мәз-мәйрам болып «Гол в раздевалку! Көрдіңдерме! Айттым ғо, басқа шығарып тұрыңдар» деп қуанышымен бөлісті. Оған қатал қараған Аманжан болды, қалғандары шаршап, асықпай алаңнын шетіне қарай келіп, капитандарын ортаға алды.

- Балдар! Нормально! Нормально! Нормально ойын. Бикош жақсы! Тек басында көп алдап кеттің, - деп Аманжан сөз алды.

- Әй, енді ашылмайды ешкім. Ашылыңдаршиш оңнан, солда... – деп Бикош жауап қайтарды.

- Жақсы! Оның бәрі мелочь қо... Ең бастысы план бар бізде. Қазір екінші таймда Дони екеуміз боламыз защитада! Алға ходтан сразу Бека, Бикош, Мирас үшеуі шығады. Бикош артқа келмесең болады. Мирас ортаға дейін тартыл. Бека, сен более или менее свежийсың, сен артқа қайтып көмектесіп кетіп тұр, жарайды ма? Түсінікті ғо? Ал кеттік!

Аманжан сөзін аяқтап заборда отырып, футбол тамашалап отырған ағаларға айқайлады:

- Аға! Аға! Свет қосасыз ба?! Свет!

Ағалардың біреуі забордан секіріп түсті де бір жерге жүгіріп кетіп еді, бір неше минуттан кейін алаңға қарай базаның ауласынан жарық түсті. Балақайлар «О!» деп қуана қалды. Енді алаңнын шеттері әлі қараңғы болып қала берсе, орта жақтарына жасылдау болып келген жарық түсіп тұрды. Командалар қақпаларын ауыстырып, ойынның екінші таймын бастап кетті. Ойын екі есе қызды, балалар бар күшін ойынға салды. Нурик те алаңдағы доптан көзін алмай қарап тұрды, ойыншыларды мұқият бақылады. Түннің қараңғылығының, бір жанып-сөніп дірілдеп тұрған прожектордың жарықтығының, көтерілген шаңның арасында жалт етіп жан алып, жан берісіп жатқан достарын көрді: бірде допты арқасымен жауып жатқан Дони көрінді, бірде қапталмен шауып бара жатқан Мирасқа көзі түсті, қарсылас командасының қорғаушыларын итеріп, жидесінен тартқанға қарамай допқа ұмтылып жатқан Бикошты көрді... Балалар жарады. Мерекенің командасы екінші таймда тағы бір гол салып, есепті үш те бірге жеткізді. Бірақ көп кешікпей Бикош гол соғып есепті үш те екі жасады. Ойын әбден қызып кеткені соншама, сол жердің тұрғындары заборда отырған ағаларға қосылып, алаңның шетіне жиналып, ойын қарауға кірісіп кетті. Жанкүйерлер екі жаққа бөлінді: бірі Мерекенің командасын қолдаса, қалғандары Аманжанның командасының жағына шықты. Сүйткенше, екінші тайм да аяқталуына жақындады. Мерекенің командасы қорғанысқа кірісті, алға шықпай есепті сақтап қалуға тырысты. Аманжан «Балдарекей! Ойнап тастайқшы! Ойнап тастайқшы! Салып тастаймыз!» деп айқайлады. «Мико, секір – жетеді сенің бойың! Бека! Жетесің, бас аяғыңды!» деп рух беріп жүрді. Өзіде ақ тер, көк тер болып шаршады, киімінің бәрі топыраққа былғанды... Алаңның шетінен біреу «Минута! Бір минут қалды!» деп айқайлады... «Ұстаймыз! Ұстаймыз!» деген Мерекенің жан айқайы шықты.

Бір сәтте Бикош бір ойыншыны алдап өтті де, Мирасқа пас берді, Мирас бірден допты тоқтатпастан Бикошқа қайтарды, Бикош та бірден Мирасқа бас жеткізді. Сүйтіп допты тоқтатпай бірден пас беріп, Бикош пен Мирас қарсылас командасының қорғанысын жарып өтті. Ақырында Бикош тағы бір паспен Мирасты қақпаның алдына шығарып берді, Мирас тек аяғын салып қалып, допты қақпаға бағыттап жіберіп, соңғы секундтарда есепті теңестірді...

Гол әдемі болды. Өзінің бақытына сенбегендіктен Мирастың көздері бақырайып кетті, сақсиған тістері шығып кетті. Өзі «Гол! Гол! Гол!» деп бар дауысын шығарып жан айқайын шығарды! «Гол!» деп Аманжан айқайлап Мирасқа қарай жүгерді! Команданың бәрі гол салған Мирасқа қарай жөнелді! Мирас болса алаңның шетіне шығып, мәз болып, күліп, айқайлап, секіріп, екі құшағын жайып тұра берді, командаластарын қарсы алып...

Шіркін-ай, Алланың жаратқан сынақтарға да, үрейге де, қайғыға да, ойландыратын заттарға да толы бір кем дүниесін айтсаңдаршы... Сол қарбалас пен асығыстықтан тұратын дүниені секундтарға, минуттарға, сағаттарға бөліп, сол өлшемдердің ортасына әдемілеп бақытқа бөленген сәттерді де салып қойдың ғой, Жаратушымыз. Сол сәттерге кезігіп қалған жан не деген құт, береке, шаттық сезеді десеңізші, Жарықтық-ау! Қазақтың жазық даласының қақ ортасында, жазық даланың құшағында, мұхиттың ортасындағы жарқыраған арал тәрізді боп орналасқан Атырау деген елдімекенді аспаннан, бұлттардың жүзетін биіктіктен сол сәтте бір көруге мүмкіншілік болса ғо, шіркін-ай! Сол сәтте Батыс жағындағы көкжиекті тамашалап, өткен күнді аяқтап, батып кеткен күннің көгілдір, қызғылт, күлгін түсті ізінің кереметін сүйсініп шығарып салсақ, жайлап, асықпай түннің құшағына батып кетіп бара жатып, жарық оттарын жағып үлгеріп жатқан қаланы көрсек, көзіміз бен көңіліміз қандай ләззат алатын еді... Сол қаланың төрт бұрышты қорап қып салған, бірі бірінен айнымайтын ескі үйлердің ортасында, бір тілші, бір жазушы, бір спортшы, бір жаттықтырушы білмейтін, мүлдем естімеген, жартысы асфальт, жартысы сары топырақ болған, екі түрлі қисық қақпалары бар футбол алаңында он шақты бала не деген бақытқа, не деген қуанышқа, не деген шаттыққа бөлініп жатырғанын Ел қайдан білсін? Әлем қайдан білсін? Осы емес пе өмірдің бір сыры?! Осы емес пе өмірдің түсініксіз құбылысы?! Осы сәттер емес пе осы алаңдағы шаң-шаң болған балақайлардың мәңгі есінде қалатын сәттері?! Қазақтың қара домалақ балақайлары-ау! Қуаныш келгенде қуаныңдар, өздеріңді шектей көрмеңдер, жынығыңдар, жүгіріңдер, еркелеңдер, бақытты сәттерді мәре-сәре болып кешіңдер. Сендерді алда не күтіп тұрғанын бір Алла біледі ғо... Жидесінде «Роналдо» деген жазуы бар, «Айттым ғо! Туфлимен де пас шығара беремін!» деп айқайлап, Мирасты құшағына бірінші алғысы келіп, жүгіріп келе жатқан Бексултан атты, Елде «Бикош» деген есіммен танымал бала алдында спортшының карьерасы күтіп тұрғанын, бірнеше жылдардан кейін футбол әлеміндегі жұлдыз болатынын, Қазақ Елінің алғашқы Европа клубына кеткен футболшы болып, кейін ауыр жарақат алып, карьерасын жалғастыра алмай, Еліне оралып, беделді кәсіпкер болған Аманжанның көмегіменен Атырау қаласында футбол мектебін ашатынын сол сәтте қайдан білсін?! Есепті теңестіріп, төбесінен түскен бақыттың кесірінен тілі тек «Гол! Гол! Гол!» деп айқайлауға келіп тұрған, көкке секіріп, құшағына командасының бәрін түгелімен салып алғысы келіп тұрған Мирас деген бала мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы үлкен университеттердің бірінде инженерлік мамандық алып, оқуын бітіріп ауылына оралатынын, сосын мұнай кен орындарының бірінде құбырды қысыммен тексеру жұмыстары кезінде бір келеңсіз жағдайдың себебінен қаза болатыны сол кезде екі ұйқтаса да түсіне кірмейді ме екен?! Шаршағанның кесірінен достыран жете алмай, бірақ «Защита бетон болды!» деп шарылдап үлгеріп келе жатқан Дони деген бала жиырма жыл өткен соң әлемге танымал болған кино түсіру маманы атағына ие болып, әлемдегі бар премиялардың жеңімпазы болған, талай адамды жылатқан, ғаламторда миллион рет қаралған мықты киноны әлемге паш ететіні туралы армандап көрді ме екен десеңізші...

Ал әзірше шаң мен топырақ көтерілген алаңның қақ ортасында Аманжанның командасы Мирасты жан жағынан келіп құшақтап, қысып, айқайлап бір қалыпта қатып тұрып қалды. Қарсылас команда «Өөөй!» деген дыбыстар шығарып, біраз ойға толып тұрып, сосын кейін «Нормально! Нормально! Барады!» деп тарай бастауға дайындалып, Аманжанның командасының балаларымен қоштасуға асықты. Балалар қол алысып, рақмет айтып, бірін бірі құшақтап та үлгеріп, үш те үш болған нәтижеге риза болғандай болды.