Найти в Дзене

Неліктен Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Батыс елдері КСРО-ға сенбеді?

Екінші дүниежүзілік соғыс басталар шақта Еуропалық елдерде әжептеуір дипломатиялық сенімсіздік болғаны белгілі. Еуропаның дамыған елдері келе жатқан үлкен соғыстың болатындығын байқап, өздерінің қарсыласын не фашистік Германия не коммунистік КСРО болатындығын білмей жатқан шақ еді.

КСРО-ның Испаниядағы социалистік қозғалысқа көмектесіп, азамат соғысында Республикалық тарапқа әскери қолдау көрсетуі - Испанияға көршілес Франция билігін шошындырып, теңіздің арғы жағындағы Ұлыбритания тарапын ойландырып қойды.

Германиядағы фашистік қозғалыстың билікке келмей тұрып-ақ КСРО Еуропа елдеріндегі коммунистік партияларға қолдау көрсетіп, ішкі ісіне белсенді араласып жатқан еді. Ірі капитал иелері мен билеуші топтар Еуропадағы коммунистік қозғалысқа қарсы тұра алатын қандай топ болса қолдау көрсетуге мүдделі болды. Осы әрекетімен әсіресе Германия капиталистері Гитлерді билікке әкелді. 1919 жылы Миланда пайда болған Италиян ардагерлерінен құрылған фашистік қозғалыс 15 жылдың ішінде Еуропадағы ірі саяси күшке айналды. Бұл қозғалысты қолдаған қаржыгерлер бұл қозғалыс Еуропаны үлкен соғысқа итермелейтіндігін білмесе керек.

КСРО мемлекетінің соғыстан кейінгі Германияның ішкі ісіне белсенді араласуымен Испаниядағы азамат соғысына әскери қолдау көрсетуі, Польша мемлекетін мойындамауы, Чехословакия мемлекетінің жария одақтасуына айналуы - басқа мемлекеттерге қауіп КСРО-дан келетіндігін байқатқандай болды.

КСРО барлау қызметінің бұрыңғы Ақ гвардия өкілдеріне қастандық ұйымдастыруыда - Еуропалық еркін ойлы азаматтарды біраз сескендіріп қойды.

КСРО тарапының 1939 жылғы 23 тамызында Германия тарапымен жасалған өзара шабуыл жасаспау пактісі негізінде КСРО өз құрамына Балтық елдерін қосып, Финляндияға басып кіріп және Румынияға қарасты Буковина аймағын тартып алуы Еуропалықтар ашуландырды. Бірақ Ұлттар Лигасыда, Еуропалық алпауыт елдер еш қарсылық көрсете алмады.

Әрине, Кеңес тарихында бұл әрекет КСРО-ның өзін-өзі қорғау әрекеті деп түсіндірілгенімен, өзге халықтардың емін-еркін өмір сүруімен санасу керектігі қарастырылмады. Еуропадағы Кеңес дипломатиясыда өте өршіл, құбылмалы және өзін қауіпті көрсетуіде осы аймақтағы мемлекеттердің КСРО-ға сенімділігін ұялатпады. Кеңес дипломатиясының құбылмалығын ескерген Еуропалық демократтар, енді ғана аяққа тұрып келе жатқан Германиядағы фашизмге КСРО-ны қарсы одақтас ретінде қабылдамады. Керісінше, Германия мен КСРО-ны бір-біріне қарсы қойғысы келді. Бұл, Еуропалық мемлекеттер мен КСРО арасындағы күдікті одан сайын үдете түсті.

Бірқатар мемлекеттер КСРО-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға асықпады.

Бірақ Бірінші дүниежүзілік соғыстан көңілі толмаған реваншистердің әрекеті үлкен соғыстың болатындығын байқатты

КСРО тарапыда Еуропада үлкен соғыстың болатындығын байқай білді. Ол өзіне негізгі қарсыластар ретінде Ұлыбритания, Франция және Польша мемлекеттерін қабылдады.

КСРО мемлекеті Еуропалық мемлекеттердегі саяси-экономикалық жағдайларды өзіне мейлінше пайдалану мақсатында жергілікті коммунистерді қолдап, кәсіподақтарға қолдау көрсетіп отырды.

1929-1933 жж. Әлемдік қаржылық дағдарыс Еуропа мемлекеттеріне оңай соқпады. Қуаңшылық болып, астық шықпай, мал қырыла бастады. Осы жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген Кеңестер Одағы Еуропа нарығын өзінің арзан астығымен және етімен қамтамасыз етуге тырысып, Еуропа мемлекеттерінің азық-түлігін өз бақылауына алуға тырысты.

Бұл жағдай жергіліктің халықтың біразының көңілінен шыққанымен, жергілікті фермерлердің астығы өтпей қалды. Бұған наразы болған фермерлер КСРО мемлекетінің әрекетін қолдамады.

Бұл жәйттар, Еуропалық мемлекеттер КСРО-ны өзінің ішкі ісіне белсенді араласушы, қоғамдық пікірге әсер етуші мемлекет ретінде қарастырды. Мүмкін, КСРО тарапы өзін солай байқатқан болар. Нақтысын айту қиын. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропалық мемлекеттердің КСРО мемлекетінің достық пиғылына сенбеді