Терлеу организмнің қалыпты қызметі, денеде 2-4 млн тер бездері бар. Көпшілігі алақанда, табанда, маңдайда, қолтықта орналасқан. Терлеу арқылы организм салқындайды. Бала терлеуі себептері : ✅Терморегуляция орталығы жетілгенше, яғни денедегі ыстық пен салқынды реттейтін орталық дамығанша 1 ай мен 6 жас аралығында терлеу қалыпты. ✅ОРВИ кезінде: температураны түсіру үшін және токсиндер шығару үшін. ✅Нерв жүйесінің қозуы, эмоция,жылау : бұл кезде ересектерде алақан терлесе балаларда бас,мойыны терлейді. ✅Ауа температурасы жоғары. ✅Баланы қалың киіндіру, орап тастау. ✅Гормондар. ✅Қимыл-қозғалыс. ✅Зат алмасу аурулары, журек аурулары, бұлар тек 1-3%жағдайда ғана. Рахит, Д витамині жетіспеуі,бұл жағдайда тек терлеу емес, басқа да клиникалық белгілер болады. Кеңес : 1️⃣ Егер бала қатты терлейтін болса, үнемі бөлме температурасын бірқалыпты, 22 С қа дейін болу керек. 2️⃣ Жүгіріп, секіріп ойнаған кезде терлеу қалыпты,қорқып қажеті жоқ. 3️⃣Сонымен қатар емген кезде, бөтелкемен тамақтану кезінде