Герпангина – бұл дене қызуының көтерілуі және ауыз қуысының кілегей қабаттарында пайда болатын бөртпелермен көрінетін жедел өтетін инфекциялық ауру. Аурудың тарихи атауына қарамастан, оның герпес вирустарына ешқандай қатысы жоқ. Аурудың қоздырғыштары ретінде энтеровирустардың 20-дан астам серотиптері болуы мүмкін, көбінесе Коксаки А тобының вирустары, сирек жағдайда Коксаки В тобының вирустары және эховирустар. Жиі 7 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, бірақ кейде жасөспірімдер мен ересектерде де болуы мүмкін. Көбінесе жазда және күзде кездеседі. Ауру әлемнің барлық аймақтарында таралған. Герпангина қалай жұғады? Балалар вирусты лас қол,шомылу немесе ауа-тамшы жолымен жұқтырады. Аурудан кейін вирус нәжіспен бірнеше апта бойы шығуы мүмкін. Аурудың алғашқы белгілері пайда болады? Инкубациялық кезең 1-ден 10 күнге дейін созылуы мүмкін, көбінесе 3-5 күн. Клиникалық көрінісі? Ауру әдетте дене қызуының көтерілуінен басталады, көбінесе жоғары болады. Үлкен балалар тамақтың ауырғанына