Жөтел, диагноз емес, бір симптом, яғни белгі, организмнің қорғаныс қабілеті. Сау адамда да жөтел болады.Тыныс жолдарына, өкпеге жиналған шырыш, қақырық, бөгде заттарды сыртқа шығару үшін жөтел пайда болады. Жөтелдің қызметі - өкпені тазарту. Жөтел белгілі бір ауруға байланысты болады : -баланың мазасын алатын ұзақ жөтел -куркілдеп жөтелу -сырылды жөтелу -"ит үрген" сияқты жөтелу(лающий) -жеңілдік әкелмейтін жөтел -қақырықты жөтел -ысқырықты жөтел -2-3 күннен ұзақ жөтел. Қандай ауруларда жөтел болуы мүмкін : ▪️жоғары тыныс жолдарының инфекциялары ▪️бронхиальды астма, аллергиялық реакция ▪️көкжөтел(коклюш, паракоклюш), жалған круп ▪️механикалық тітіркену (бөгде затпен). ▪️жүрек аурулары, кіші қанайналым шеңбері бұзылысында ▪️өңеш ауруларында. Емі Бірінші себебін анықтау керек. Оны дәрігер анықтап, ем тағайындайды.Туу себептеріне байланысты :антибиотик, антигистаминді дәрілер, жөтелге 2 түрлі топ дәрілері бар: ✔️Жөтелге қарсы, ол мидағы орталыққа әсер етеді. Наркотикалық, наркотикал