Желшешек қоздырғышы,яғни тудырушы — желшешек және белдемше теміреткіні қоздыратын вирус герпестің 3-типі. Адам алғашқы жұқтырғанда желшешек пайда болады.Жазылғаннан кейін де вирус жұлын жүйке түйіндерінде қалады, ал ондаған жылдардан кейін белдемелі теміреткі ретінде көрінуі мүмкін. Қалай жұғады? Вирус ауа-тамшы жолымен немесе бөртпелермен тікелей контакт кезінде жұғуы мүмкін. Желшешекпен ауырған адамда бөртпе пайда болғанға дейін шамамен 1-2 күн бұрын, аурудың барлық элементтері қабыршақпен толығымен жабылғанға дейін, шамамен 8-10 күнге немесе соңғы бөртпелерден кейін 5 күнге дейін жұғады. Желшешекпен ауырған адамнан инфекция ауа-тамшы және контакт жолымен жұғуы мүмкін, ал белдемше теміреткімен ауырған адамнан инфекция тек контакт арқылы беріледі. Вирус өте жұқпалы. Үйде байланыста болған жағдайда инфекцияға балалардың шамамен 80-90% жұқтырады, ал мектепте бір сыныпта 40%-ға дейін жұқтырады. Желшешектің инкубациялық кезеңі көбінесе 14-16 күнді құрайды және 10-нан 21 күнге дейін