Ақтан Керейұлы
Мен қашанғы жүйрігің
Қалағандарың сөз болса,
Қалағандарың сөз болса,
Мен жырлауға бір құмармын,
Шұбалаң құйрықта шұбармын,
Шапқан аттай саулаймын,
Жанған оттай қаулаймын,
Неғылғанмен де дер күнім,
Бұлдырағанда таудаймын
Екі атысқанда жау болса
Арасында бір панамын
Мен ақбауырда кер жорғай
Əдемі басқан аяғын
Қарасаң көзің жеткісіз
Жылмиып жатқан даламын,
Жорытқан атқа жеткізбес
Ұзын бауыр саламын
Жоғарыдан аққанай Жайықпын
Теңізге құйған аяғын
Шығыстың қатты желімен
Ылайланып ағамын
Сөйлемеймін мен неге
Қашаннан да мен өзім
Саржақ бір туған баламын
Сөйлесем сөзді табамын
Сөйлей сөйлей аламын
Көпшілік сөйле дегенде
Іркілмеймін жел сөзге
Кеудедегі ғой білгенді
Алдыңа төгіп саламын
Қаумалап халқым келгенсін
Селдетпей топан жел сөзді
Көрінбейін бекерге
Меніңде айтқан сөздерім
Таңдайыңа татымас
Абылда менен Нұрымнан
Дəніккен жұртым шекер жеп
Мен Адайдың Ақтаны
Сөйлесем сөзім тақталы
Бөгесе бөгет бермейтін
Қара таудың ақпары
Сөйлей сөйлей берейін
Сөз жүйесінде көрейін
Əріден б