Ресей Федерациясының тарих оқулықтарымен шетелдік және көршілес елдерде соның ішінде біздің мемлекетте оқытылатын мектеп оқулықтарында Мәскеу қаласын 1147 жылы Киев князі Юрий Долгорукий салдырған дейді.
Мәскеу қаласының салынуы туралы орыс халқында жиі тараған аңыздардың бірі Юрий Долгорукий түсінде Мәскеу өзенінің жанынан құбыжық көрген-мыс. Шіркеу қызметкері бұл түсті бұл жерде салынатын қала үлкен мемлекеттің астанасы болады деп тұспалдап береді. Юрий Долгорукий түсінде көрген жерде қала салдырған дейді.
Бұданда басқа аңыздар бар. Солардың біразы Юрий Долгорукийге аян берілгендігін айтып, қаланың салынуын Киев князі Юрий Долгорукиймен байланыстырады.
Мәскеу қаласының нақты салынған делінген уақыты да бар. Ол 1147 жыл. Мәскеу қаласында қаланы салдырушы Юрий Долгорукийге үлкен ескерткіште орнатылған.
Мәскеу қаласының салынуына күдік келтіретіндер уақыт пен оның салушысы Юрий Долгоркукийге күдік келтіреді.
Әрине, бұл қаланың салынуын фолькхисторий жанрында айтылатын Қыпшақ ханы Мәскеу ханмен байланыстыруды нақты деректермен дәлелдей алмаспыз. Бірақ Юрий Долгорукийдің қаланы салмағанын екі дәлел келтіре аламыз.
1. Юрий Долгорукий Киев Русінің княз тағына 1149 жылы отырғаны.
Әрине, бұған қарсы пікір білдіретіндер Юрий Долгорукий Киев тағына отырмай тұрып, Ростов-Суздаль иелігінде билік құрып, князьдық атақ алған дейді. Сол уақытта Мәскеу қаласын салдыртты дейді. Бұл жайлы Ипатьев жазбасын мысалға алады. Онда шамамен 6685 жылы, христиан күнтізбесі бойынша 1147 жылы Юрий Долгорукий Новгород-север князі Святославты Мәскеуге шақырады.
Бұл жазбаға күдік келтіріп, сенім білдірмейтіндер Юрий Долгорукий туысқандарын Мәскеу қаласына емес, Мәскеу өзенінің бойындағы өзі тартып алған иелікке шақырды дейді.
1147 жылы Мәскеу қаласы салынған жоқ, тек Мәскеу топонимі, өзен атауы алғаш рет тарихи деректерде айтылған деп уәж келтіреді.
Егер, Мәскеу қаласын Юрий Долгорукий салса - онда Киев князі емес Ростов-Суздаль князі Юрий Долгорукий салған болар дейтіндер бар.
2. Юрий Долгорукийден бұрынырақта Мәскеу қалашығы болған. Ростов-Суздаль иелігінде билік құрып отырған Юрий Долгорукий Мәскеу өзенінің жағасындағы Кучка есімді боярдан қалашығын тартып алған соң, өз туысқандарын осы жерге шақырған дейді.. Юрий Долгорукийдің Мәскеу жерін Кучка есімді адамнан тартып алғандығы тарихи деректерде жазылған. Бұл жайлы сол баяғы Ипатьев жазбасы мысал бола алады.
Мәскеу қаласы көне замандарда Кучка деп аталған.
Осы екі мысалды негізге ала отырып, біраз адамдар Киев князі Юрий Долгорукийдің Мәскеу қаласын салдырмағанын айтады.
Әркім, бұл уәждемелермен келісе ме өзі біледі.
Ғаламтор беттерінде Мәскеу қаласын христиандарға қолдау білдірген Алтын Орда ханы Меңгу-Темір хан салдырды дегенде жорамал бар. Себебі, Мәскеу қаласындағы шіркеулік ғимараттардың біразы Алтын Орда ханы Меңгу-Темір ханның кезеңінде салынған.
Шындығын, бір Құдай біледі. Бәлкім, Мәскеу қаласы Қытай Халық Республикасының астанасы Пекин қаласы сияқты бірнеше мәрте салынған болар. Қытай тарихында Пекин қаласының Шыңғыс хан бастаған моңғолдар шапқыншылығынан кейін Юань императоры моңғол ханы Құбылай хан салдырғаны белгілі. Бұл кезеңде Пекин қаласы Ханбалық деп аталды. Солай сияқты Мәскеу қаласы бірнеше рет салынған болар, бірнеше адамның ұйғарымымен.
Ресей тарихшылары А. Г. Векслер Мәскеу қаласының тарихы 1000 жылдан асатындығын айтса, археолог А. В. Куза Мәскеу қаласының негізі ХІ-ХІІ ғасырларда қаланған дейді
Сурет ғаламтордан алынды