Ай, балалық шақ ау, балалықтың көңілді неше түрлі түске бояйтын сәттер ау. Бір ашуланып, бір достасып, бір төбелесіп, бір құшақтасатын кезеңдерді ұмытуға кімнің шамасы жетеді екен. Күш шақырайып, көше улап шулап тұрған сәтте тап тар боп көрінетін сыныптың ішінде қотыр партада отыру оңай болушы ма еді?! Осы жерде отырғандардың бәрі де шығарма жазуға емес, далаға шауып ойнап кетуге дайын жандар еді ғо... Медет те сол Алексеймен бір двордың балалары емес пе... Кешке аулаға шығып Медет Алексейді көріп «бородач» деп келемештейтін еді. Оның себебі Лешаның бетінің оң жағында кішкентай бір шаш сияқты бірнеңе шошайып тұрушы еді. Соны қырақ көзімет байқап қойған Медет енді Лешаға тыным бермеуші еді. Алексей Бровкин да ерінбейді ғой, тырқыратып оны қуады артынан. Медет ұстатады ма? Біреуі қашып, біреуі қуып бірнеше мөлтек аудандарды кесіп өтіп, ақ тер, көк тер болады. Сосын әйтеуір Медет қолға түскесін, Леша жұдырығымен «И! Чо ты И!» деп Медетті салып салып жібереді. «А! А! А! Все! Все!» деп дым