Ресей Федерациясының Страврополь өлкесінде, Астрахань облысында, Дағыстан, Шешенстан, Қарашай-Шеркес автономиялық Республикаларында шашыраңқы қоныстанған ноғай халқы бастауын ХІІІ ғасырдан алатын ежелгі халықтардың бірі. XV ғасырда Еділ мен Жайық, Кавказ жерінде өз мемлекетіде болған. Бұл мемлекет XVII ғасырда ішкі жағдайға байланысты қалмақ шапқыншылығына тойтарыс бере алмай ыдыраған болатын.
Ресей империясы тұсында Ноғай зиялы қауымы мұсылман дінін таратушы жәдидшіл жаңа білім беруді насихаттаушылар қатарында болды. Ресей империясындағы ноғай халқының басым бөлігі шашырай қоныстанып,( отарлық билік оларды шашыратып жіберуді мүмкін) әртүрлі аймақтарды қоныстана бастады. Христиан дінін қабылдаған, Ресей империясының казачество қатарында әскери қызмет атқарған ногайбактар бөлігіде болды. Ресей Федерациясында Ногайбактар деген халық әлі бар. Бірақ олар өздерін Ноғай халқының бір бөлігі емес бөлек этнос санайды. Ногайбактар Челябі облысында мекендейді. Ногайбактардың бір бөлігі өздерін татарларға жатқызады.
Ал әкімшілік әскери қысымға төтеп бере білген бөлігі Кавказдың солтүстігінің жазық даласында қалып қойып, көшпелі мал шаруашылығы айналысады. Бұл қазіргі Дағыстан автономиялық Республикасының солтүстігі мен Страврополь өлкесінің шығыс жағы. Бұл аймақта Ноғай даласы аталатын географиялық аймақ бар.
Ноғай халқы осы аймақта өздеріне ұлттық аумақтық автономия талап етуде.
Неге екені белгісіз, кеңестік кезеңде ноғай халқының аумақтық автономиясы құрылмады.
Кеңестік кезеңде ноғай халқымен саны пара-пар эвенкілер өздеріне аумақтық автономия құра білді. Бәлкім, ноғай зиялы қауымының саяси элитасы кеңестік кезеңде өз халқына автономия талап етпеген болар. Мүмкін, талап етіп Сталиндік репрессия қуғын-сүргініне тап болған болар.
Ноғай халқының аумақтық автономиясының жоқтығынан Ресейдегі ноғай тілі тек асхана, үй ішіндегі тірлік тілі деңгейінде қалып қойды.
Ноғай тілінде жарыққа шығатын басылымдарда аз.
Ноғайлар талап етіп жүрген аумақтық автономия оларға не береді:
1. Ноғай халқының әкімшілік саяси жағынан бірігуіне жол ашады.
2. Ресей Федерациясының аясында Ноғай халқының мәдениетін дамытуға қаржы бөлінетін болады.
3. Ноғай халқы әкімшілік жағынан қоныстанған аймақта - ноғай тілінде ақпарат тарататын арна ашылуы мүмкін. Қазіргі кезде ноғай тілінде түсірілген не таспаланған фильмдер жоқтын қасы.
4. Ноғай халқының зиялы қауымы, ғылыми ортасы қалыптаса бастайды.
5. Ноғай тілінде сабақ беретін мектептердің саны артып, ноғай тілінде сабақ беретін мектептердің инфрақұрылымы жаңаруы мүмкін.
6. Ноғай тілінде сабақ беретін ұлттық жоғары оқу орындары ашылуы мүмкін.
7. Ноғай халқы топтасқан елді-мекендерді дамытуға қаржы бөлінуі мүмкін.
Ноғай халқына аумақтық жағынан әкімшілік автономия талап етіп, өтініш білдіріп жүрген белсенді топтар өздерін Ресейден бөліну мақсатын қоймайды. Бірақ әзірше, Ноғай халқының аумақтық автономия мәселесі федералдық үкімет не саяси партиялардың қолдауын таппай келе жатыр
Сурет ғаламтордан алынды