Барокко стилі - XVI ғасырда Италиядағы Қайта өрлеу уақытында пайда болған архитектуралық стиль. Борокко стилінің пайда болуына Италиядағы Қайта өрлеу дәуірін қаржыландырған христиан дінінің католик діні мен оған қолдау көрсеткен қаржыгерлер себепкер болды. Борокко стилін тудырушы сәулетшілер - жергілікті бай азаматтардың талғамына шығу үшін классицизм стиліне балама түрде осы борокко стилін әкелген болатын. Жалпы борокко стилі тек сәулет, архитектурада ғана емес сурет, дизайн өнерінде қамтыды. Бір қызығы осы борокко сөзінің шығуы жайлы әліде тартыстар бар. Біреулер Борокко сөзін - португал тілінен шығарса, екіншілері - француз, үшіншілері - латын, төртіншілері - түрік тілінен шығарады.
Архитектуралық Борокко стилі өзін Классизм стиліне қарсы қойғанымен бұрыңғы Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыстарды қайталайды. Бағаналар, тіреуіштер, күмбездер Барокко стилінің негізгі көрінісі.
Барокко стилінде салынған сурет туындыларында көбіне христиан дінінің католик бағытының аңыздарының көріністері басым.
Барокко стилінде тігілген киімдер көбіне - патша сарайлары мен бай-бағландардың салтанаттығын паш ету кең таралды.
Барокко стилі - ауқымдылықты, сән-салтанаттылықты, өзгерісті байқатады
Сурет ғаламтордан алынды