Найти тему

Лабасы атауының топонимдік мағынасы жайлы жорамалдар

Жетісу өңірін алып жатқан Жетісу облысы мен Алматы облысында Лабасы атауымен екі жер бар. Бірі Жетісу облысының Көксу ауданында орналасса, екіншісі Алматы облысының Райымбек ауданында орналасқан.

Тәуелсіздік алғаннан кейін ұжымшар, кеңшарлар тараған тұста бұрыңғы атаулар қайта орныққаны белгілі. Бірақ Жоңғар шапқыншылығы кезінен орныққан деген атаулар бойынша даулар әліде тоқталмаған. Солардың бірі Лабасы атауы. Көксу ауданына қарасты төрт ауыл - Мәмбет, Талапты, Жамбыл, Еңбекшіқазақ ауылдарын біріктіріп отырған округтің Лабасы атауының мағынасы журналистер, өлкетанушысымақтардың, әңгіме болсын деуші үшінші жақтан жеткізушілердің арасында көп талқыланатын тақырыптардың бірі десек қателеспейміз. Тақырыпты қозғаушы адамдар елді-мекен атауын жоңғар-қалмақтарға теліп, біраз жерге апарып тастайды. Бұл әңгіме біресе тоқтап, біресе қайта жанданып отырады. Біраз ізденушілер бұл атаудың мағынасын іздеп Ресей империясының отаршылдық кезеңіндегі орыс зерттеушілерінің еңбегіне де сүйенеді. Ол еңбектерде Лабасы атауы Жоңғарлардың ғибадатханасына байланысты шыққан делінеді. Ал Қазыбек Тауасарұлының "Түп тұқияннан маған дейін" еңбегінде Лабасы атауы жоңғар батырының есімі делінеді. Қазыбек Тауасарұлының еңбегін фолькхистори жанрында жазылған дейтіндер бұл жорамалды мойындамайды. Бұл екі жорамалданда басқа жорамалдарда баршылық олар Лабасы атауы мүлде басқаша түсіндіреді. Енді осы барлық жорамалдарды талдап көрсек

1. Лабасы атауы - Жоңғардың будда дінінің ламаистық бағытының ғибадатханасының атауына байланысты шыққан.

2. Лабасы атауы - Жоңғар не қалмақ батырының есіміне байланысты шыққан.

3. Лабасы атауы - Жоңғар хонтайшысы Цеван Рабданның қызы Лабаның есіміне байланысты шыққан.

4. Лабасы атауы - өзен жағасы деген мағына береді.

Бұдан басқа Лабасы тауы - 1930 жылдардағы карталарда Албасу деп көрсетілген, Лабасы деп өзгертілген дейдіндерде бар. Бірақ оны Ресей империясының зерттеушілерінің жазбасы жоққа шығарады.

Осыдан оншақты жыл бұрын Қазыбек Тауарсарұлының "Түп тұқияннан маған дейін" еңбегін зерттеуші журналистер Лабасы деген атау тек Көксу ауданында ғана кездеспейтіндігін айтып, Лабасы атауы - Жоңғар батырының есімімен пайда болмаған деген жорамал айтқан болатын. Еділ бойын мекендейтін қалмақтардың Жетісу жеріне келуіде ғажайып.

Лабасы атауы - ғибадатхана байланысты шыққандығын жазған Ресей империясының зерттеушілер өз уақытында осы храмның қирандыларын көргендігін айтып өтеді. Кейінгі зерттеушілер осы түсінікті өз еңбектеріне сілтеме ретінде кіргізген. Бірақ Лабасы ғибадатханасы болды делінген жерге археологиялық зерттеушілер ешқандай құрылыстың ізін таппаған. Әрине, құрылыс бірнеше ғасырда жоқ болып кетуі мүмкін, себебі орыс зерттеушілері оның қирандыларын ғана көрсе. Дегенімен, Семей жақтағы осы жоңғарлардың Абылай кит ғибадатханасының қирандылары әлі сақталған.

Лабасы атауын - жоңғар ғибадатханасымен байланыстыруға қарсы шығатындар, ғибадатхана Лабасы тауында орналаспағандығын мысалға алады.

Отарсыздану үшін бұрыңғы басқыншылық заманның атауларын ауыстырудан бастау керекпіз дейтіндер Лабасы ауылдық округінің атауын ауыстыруға бастама көтеріп, біраз шығармашылық ізденістер жасап көргені бар еді. Себебі, Көксу ауданындағы Лабасы атауын Жоңғарлармен байланыстыру Райымбек ауданында да байқалып, ол жердіңде топонималық атауын өзгерту мәселесі қарастырылған болатын.

Бір қызығы моңғол, ойрат, жоңғар атаулары Қазақстанда толып жатыр. Лингвистік зерттеушілер Баянауыл, Бурхан, Шыңғыстау, Боғда, Шамалған, Қаскелең, Іле, т.б. атауларды осы халықтармен байланыстырады. Бұл атаулардан толық арылу керек па ол жағын әлі талқылау керек. Қазақтарда моңғол-ойрат-жоңғар тілдерінен еңген есімдерде баршылық.

Дегенімен Лабасы топонимына оралсақ, елді-мекен атауының мағынасын ашудағы жорамалдардың ішінде лингвистік ұғымдарды сараптай отырып, Лабасы атауын - су жағасы, өзен бойы деп аударған Телғожа Жанұзақтың "Тарихи жер-су аттарының тарихының түптөркіні" деген еңбегінде айтылатын жорамалы дұрыс сияқты. Себебі, Телғожа Жанұзақ ғалым, оның еңбегі 2010 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі тіл комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған. Телғожа Жанұзақ өзінің еңбегінің 154 бетінде Лабасы атауына лингвистикалық талдау жасап анықтама береді. Телғожа Жанұзақ топонимикалық атаулардың мағынасын ашатын бірнеше еңбектер жазған. Оның КСРО кезіндегі докторлық лиссертациялық жұмысы "Основные проблемы проблемы ономастики казахского языка" деп аталады. Телғожа Жанұзақ топонимка мен ономастика мәселесі бойынша бірнеше еңбектер мен монографиялардың авторы.

Әрине, Көксу өзенінің бойында XVIII ғасырда жоңғарлар будда дінінің ламаистық бағытының ғибадатханасыда болмады деп айта алмаймыз. Оны жоққа шығару қиын. Дегенімен Лабасы атауы жоңғар шапқыншылығына дейінде болуы мүмкін. Жоңғарлар Лабасы атауын өзіне иемденіп алуы мүмкін жергілікті топонимдік атауды ауыстыра алмай. Орыс зерттеушілеріде ғибадатхана қирандыларын көріп, Лабасы атауы жоңғар-ойрат тілінен еңген деп топшылаған болар. Әрине, бұл мәселені әліде зерттеу керек

Сурет ғаламтордан алынды