Қазақстан Республикасындағы облыс орталықтарының көпшілігі дерлік өзен бойында орналасқандығы белгілі. Тіпті бірнеше облыс Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының орталықтары Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Мұндай реттен Жетісу облысы, бұрыңғы Талдықорған облысыда қалыс қалған емес. Жетісу облысының орталығы - Талдықорған қаласы Қаратал өзенінің бойында орналасқан.
390 шақырым ұзындықты алып жатқан Қаратал өзені өзінің бастауын Күнгей Алатауынан бастау алатын Текели, Шажа өзендерінен алады. Текелі мен Шажа өзендерінің қосылған жері Қаратал деп аталады. Қаратал өзені Ескелді, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласын басып өтіп, Балқаш көліне құяды.
Қаратал өзенінің топонимдік мағынасы жайлы бірнеше жорамалдар бар
1. Қаратал өзені ағып өтетін жерлерде тал ағашы өседі. Осы тез өсетін ағаштың төменгі бөлігі өзен суының әсерімен балшықтарды жинақтап, ылғал сақтап қара түске енеді. Сондықтанда Қаратал өзенінің атауы қара түске енген ағаштардың түр-сипатына байланысты қойылған.
2. Қара дегеніміз - көне түркі тілінде көп, бұқара дегенге келеді. Яғни, жағалауында көп тал ағашы көп өсетін өзен
Сурет ғаламтордан алынды