Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында фашистік блок (Антикоминтерндік пакт) елдері мен антифашистік блок елдері арасында коллаброционистік күштер, бірлестіктер, адамдар көптеп саналған.
КСРО өз тылындағы жауға ниеттес Германия мемлекетімен байланыс орнатқан шпиондық барлау күштерімен күресу үшін Қорғаныс комитетінің ішінен СМЕРШ қарсы барлау мекемесін құрған болатын.
Соғыс жағдайында өзге елдің азаматтарын өз жағына шығару өте тиімді құрал. Осы жағдайды Антикоминтерндік пакт елдері соғыс барысында мейлінше пайдаланған.
Антифашистік елдерге ниеттес болған не олардың құрамында болған көптеген елдердің азаматтары Германия не Жапония құрамында соғысуға мүдделі болған.
Бір жағынан бұл сатқындық. Бірақ соғыстан кейін Жапон жағында соғысқан Үндістан, Бирма азаматтарын еліне қайтқанда батыр ретінде қабылдаған.
КСРО құрамындағы Украина КСР тұрғындары соғыс кезінде екі жақта соғысқан.
Фашистік Германия өздеріне тұтқынға түскен КСРО азаматтарын мейлінше пайдалану үшін коллабриоционистік күштер құрған. Әліде бұл мәселе тақырыбын зерттеу посткеңестік елдерде табу. Тіпті Еуропа елдерінде бұл мәселені қозғау өте сараптамалық нақтылықты қажет етеді. Словакияда Германия жағында соғысқан словак күштеріне баға беруде бір тоқтам жоқ.
Бұл мәселені Ресейде қозғау көптеген кедергілерге тап болуы мүмкін. Бұған Ресейдегі Германиялық Фашизмге қарсы соғысқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен олардың ұрпақтары бірауыздан қарсы шығатындығы анық.
Кеңестік кезеңде де Германия жағында соғысқан, ниеттес болған адамдардың тағдыры өте ауыр болған. 1943 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесінің президиумының жарлығы бойынша Германияға жағына шығып кеткен адамдардың отбасы ЧСИР лагеріне қамалған.
Бірақ соғыс уақытында КСРО аумағында миллиондаған адамдар Германия әкімшілік бірлестігіне қызмет етіп, әскери құрамаларымен полициялық бөлімшелерінде қызмет еткен. Бұл үрдістен КСРО құрамындағы РКФСР аймағыда қалыс қалмайды.
Тарихтан белгілі қалмақ және шешен-ингуш автономиялық республикалықың аумағына герман барлау күштері еніп, арандатушылық әсер еткені. Кеңес билігі аталмыш халықтарды Сібірге, Қазақстанға зорлықпен күшпен жер аударып, тек 1950 жылдың ортасында ғана қайта қоныстануына рұқсат еткен.
Бірақ тікелей соғыс қимылдарына атсалысқан коллаброционистік ірі күштер осы РКФСР аймағында жасақталған. Мұндай ірі күштердің РКФСР аумағында құрылуына - соғыс қимылдарының аталмыш аймақта кеңінен жүргізіліп, тұтқындардың осы аймақта көптеп түсуі еді. РКФСР аймағында құрылған коллаброционистік күштердің ең ірісі А. А. Власов басқарған РОА бірлестігі, оның құрамында 120-130 мыңдай адам болған. Брянск облысында аумағында құрылған антибольшевиктік, антикеңестік Локот республикасын құрған РОНА бірлестігінің құрамында 8 мың әскері болып, жарты миллион адам тұратын аймақты бақылаған. РОНА бірлестігі өздерінің Кеңес өкіметіне қарсы қарсылығын 50 жылдардың басына дейін жалғастырған. Саяси эмигрант А. Смысловский құрған Русланд әскери бірлестігінде 6-10 мыңға дейін адамдар болған. Мұндай соғыс жағдайында РКФСР тұрғындары мүше болған коллабриоционистік бірлестіктер жетерлік РОА, РОНА, Русланд олардың ең ірісі. РОА, РОНА, Русланд секілді бірлестіктер РКФСР қарамағында 20-30 болған.
Соғыс жағдайында өзге елдің құрамында соғысты дегенде - түрлі жауаптар таба аламыз. Бірақ ақтай алмаймыз. КСРО соғыстан кейін Германия мен Жапония жағында ниеттес болып соғысқан азаматтарына сот процестерін жүрігізіп, айыптап, үкім шығарып, тарихи бағасында берген.
Сондықтанда болса қазіргі кезде Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыстағы коллабрациоцистік қозғалыстардың тарихын зерттеу бойынша жаңа еңбектер шықпаған. Тарихшылардың сатқындар санатындағы адамдардың әрекетіне баға беруге дауалай қоймайды. Бірақ аталмыш тақырыпты ұрпақ арасындағы ұлттық келісімге келу үшін баға беруге шақырушылар бар. Олар А. А. Власовтың Мәскеу қорғанысына қосқан үлесіне баға беріп, антикеңестік әрекетіне тәуелсіз баға беруге шақырады. Ұлы Отан соғысы жылдарында А. А. Власов секілді қарама-қайшылыққа толы тұлғалар жетерлік. Солардың біразы Германия жағында КСРО-ға соғысқан не насихат жүргізген.
Қазіргі Ресей мемлекеті құқықтық, саяси, тарихи тұрғыдан Екінші дүниежүзілік соғыстағы коллаброционистік күштердің тарихын қайта қарауға дайын ба? Ол жағы белгісіз? Жоқ, жеңімпаздық жағдайында коллабрионизм тарихын айту ұят па?
Германия басшылыққа алған нәсілшіл фашистік идеологиямен оған соғыс жағдайында ниеттес болған адамдардың әрекетін ақтай алмаймыз. Бірақ тақырыпта кеңестік кезеңде қойылған бағадан тыс жаңаша баға керек шығар. Ресей азаматтарына аталмыш тақырыпты жылы жауып қоймай, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында арамызда коллабриоцистік күштер, бірлестіктер болған деп мойындай білу керек шығар. Кейін жаңаша ойларда туар. Жаңаша бағада келер. Әйтпесе, Ресей тарихшылары Ұлы Отан соғысында коллаброционистік күштерді атағанда РКФСР қарамағында жасақталған күштерді үстірт айтып өтеді. Тек әскери кинолар мен деректі фильмдерде бірлі жарым айтылады. Әйтпесе, біз тек украиндық ОУН-УПА, Орта Азиялық - Түркістан легионы, Балтық елдерінің - Орман бауырластығы бірлестігінің тарихын ғана білеміз
Сурет ғаламтордан алынған