Найти тему

Неліктен АҚШ-тағы ХХ ғасырдағы 60-жылдарындағы афроамерикандықтардың азаматтық теңдік қозғалысын дін қызметкерлері басқарды?

ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та афроамерикандықтардың азаматтық теңдік қозғалысы болғаны тарихтан белгілі.

XVII ғасырдың аяғында Солтүстік Американың ағылшын иелігіне арзан жұмыс күші есебінде Африкадан қара түсті нәсілді адамдар еріксіз түрде басталды. Ағылшындар мен жергілікті еуропалық америкалықтар Африкадан келген адамдарды жүздеген егістік плантацияларды игеру үшін ұстады. Бұл адамдардың өздерінде ерікті азаматтық құқығы болмады. 1783 жылы АҚШ мемлекеті құрылған кездеде Африкадан келген қара түсті адамдардың құқығы қорғалмады. Оларды жергілікті американдықтар еріксіз еңбекке пайдаланып, ақшаға сатып, тіпті өлтіріп тастасада құқығы болды.

ХІХ ғасырдың 50 жылдары АҚШ мемлекетінің солтүстігіндегі ерікті жұмыс күші жетпеуінен оңтүстіктегі құлдарды солтүстікке көшіру не азаматтық құқық беру мәселесі қарастырыла бастады.

1861-1865 жж. АҚШ-тағы азамат соғысы афроамерикандықтарға ерік беріп, құлдықты жойғанымен, оларға қызмет көрсету мәселесі шешілмеді.

Бұл үрдіс ХХ ғасырдың 60 жылдардың аяғына дейін жалғасты.

Ақ түсті Еуроидтық американдықтар афроамерикандықтарға қызмет көрсетпей, кафе, мейрамханаларға кіргізбеді. Ақ түсті адамдардың балалары оқитын мектептерге афроамерикандықтарды алмады. Ақ түсті адамдардың афроамерикандық адамды өлтіріп кету үрдісіде байқалды. Афроамерикандықтарға қарсы бағытталған нәсілшіл террористік ұйымдарда болды. Билік түрде мәселелерді желеу етіп, еуропойдтар мен афроамерикандықтардың некесін тіркемеді.

Афроамерикандықтардың көлікке мінуіде үлкен мәселе болды.

Оқшауланған афроамерикандықтар өзіндік аймақтарда тұра бастады. Билік оларға арнап мектептер мен шіркеулер салып берді.

Осы жағдай афроамерикандықтар саяси жағынан біріктіре бастады.

Шіркеу қызметінің афроамерикандықтар иерархиялық өсуге мүмкіндік беруі - үлкен аудиторияларды жинақтай алатын уағызшылардың пайда болуына әкелді. Бұл үрдіске ислам дініне кеңінен қолдау көрсетті.

Әлемдік діндердің қасиетті кітаптарында айтылатын адами теңдік, мейірімділік мәселесі афроамерикандықтардың кең қолдауыне ие болды.

Азаматтық теңдік сұраған афроамерикандықтар ақ түсті еуропойдтықтарға қызмет көрсететін кафе, мейрамхана, аурухана, бассейнге жаппай баратын қозғалысты тудырды. Өзінің өміріне қауіп төнетіндігіне қарамастан ақ түстілерге қызмет көрсететін қоғамға көліктерге мінді.

Осылайша афроамерикандықтардың азаматтық теңдік қозғалысының басында діни бірлестіктер келді.

Әрине, бұған дейін афроамерикандықтардың азаматтық теңдік жолындағы қозғалысына коммунистерде басшылық жасамақ болған. Мысалы, афроамерикандықтардың азаматтың теңдік қозғалысының саяси басқаруға тырысқан коммунист Анжела Дэвисті барлығымыз білеміз. Бірақ АҚШ-та коммунистерге қарсы бағытталған науқан кезінде Анжела Дэвис тұтқындалып, афроамерикандықтардың азаматтық теңдік қозғалысын саяси басқару тоқтап қалды. Билікті монополиялаған республикалық және демократиялық партиялар бұл мәселеге баяу жауап берді.

Осылайша, афроамерикандықтардың азаматтық еркіндік қозғалысының басына діни қызметкерлер келді. Баптист Мартин Лютер Кинг, мұсылман Малкольм Икс осы қозғалыстың басында тұрды. Екі тұлғада қастандықпен өлтірілді.

Бірақ қозғалыс тоқтамай, Американдық афроамерикандықтарға азаматтық еркіндік әкелді.

Американдық афроамерикандықтардың азаматтық еркіндік қозғалысы діни бірлестіктер арқылы жүргізілгеннен болар, зорлық-зомбылыққа шақырмай, үнділік М. Гандидің күш көрсетпей қарсыласу қозғалысына үндес болды

Сурет ғаламтордан алынды