Найти тему

🌿🌷☘️ «Мал өсірсең 🐑 🐏🐑 қой өсір, табысы оның көл-көсір» Қытай Қазақтары 🌿🌷☘️

🕌 🇰🇿 🌿🌷☘️ «Мал өсірсең 🐑🐏 🐑 қой өсір, табысы оның көл-көсір» 🌿🌷☘️ 🇰🇿 🕌

Ертеректе дәрi тапшы болса, қазiр удай қымбат, химиялық құрамына да сенуге болмайды. Осындай сәтте халық медицинасында баяғы заманнан келе жатқан қазақи емнiң түрi- кәдiмгi қойдың емдiк қасиеттерi жайында бiлген де артық болмас.

■Терiге түсiру — қой терiсiмен жел, құз, құяң ауруына шалдыққандарды емдеген. Ол үшiн семiз қойды бiтеу сояды да, оған ермендi бүрiмен қоса қайнатып, суын терiнiң iшiне құяды. Науқас адамды шешiндiрiп, 2-3 сағаттай сол терiге орап қояды. Бұл әдiс «терiге түсiру» деп аталады. Терiге түскен адам жылы оранып жатып, 2-3 күндей сорпа iшiп күтiнуi керек.

■Қой құйрығы — жөтелдi басып қақырықты түсiредi. Тұмаудан кейiнгi созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке ерiтiп iшедi. Суық тиген баланы да құйрық маймен сыласа, жазылып кетедi.

■Қойдың жыны — буын, тiзе сырқырағанда, қолданады. Жаңа сойылған қойдың қарнын жынымен қоса алып, оны ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейiн қарынның үстiңгi жағын тiлiп, науқастың екi аяғын жынға батырып, жылылап орайды.

Ыдыстағы су салқындай бастаса, үстiне ыстық су құю керек. Булаудан шыққаннан кейiн жылы киiнген дұрыс.

■Қойдың өкпесi — жөтелдi тоқтатып, несеп жолдарының жұмысын реттейдi, iсiктi қайтарады. Егер жас қойдың өкпесiн тiлгiлеп, сiрке суы қосылған суға қайнатып, күнде екi-үш тiлiмнен жесе, қақырықты түсiрiп, өкпе демiкпесiн басады.

Қойдың тоқ iшегiн сәбидiң көкбауыры ауырғанда шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйiнде кiндiктiң үстiне қойып, сыртынан орап қояды. Егер iшектiң жылуы бәсеңдесе, торсыққа жылы су құйып, iшектiң үстiне қояды. Бұл емдi бала терлегенше бiрнеше рет қайталайды.

■Қойдың қарны — асқазан, iшек жолдарының дертiне, әйелдер ауруына, құяңға қолданады.

Науқас адамның екi аяғын көсiлтiп, ыңғайлап отырғызады да, жаңа сойылған семiз қойдың қарнын жылы күйiнде оның құрсағына қойып, сыртынан орап тастайды.

Бiраздан соң науқас ағыл- тегiл терлейдi. Терi қалмас үшiн екi-үш сағаттан соң киiмiн ауыстыру қажет. Бұдан кейiн де бiрнеше күн сорпа iшiп күтiнген жөн.

■Қой өтi — шаштың арасына ұсақ бөртпе түскенде қолданады. Шашты тақырлап алып тастап, басты сабындап жуғаннан кейiн бөртпенiң бетiн су қосылған өтпен сүртсе, бөртпе тез жазылады.

■Қойдың жiлiк майы — туберкулезбен ауырған әлсiз адамдар, жиi ауыратын жас балалар жесе, мың да бiр дауа.

■Жаңа сойылған қой етi — жұқалап тiлiп, жығылғанда пайда болған iсiкке тағып тастаса, iсiк тез қайтады әрi жара iрiңдемейдi. Шиқанға, сыздауыққа таңса, жара аузы ашылады.

■Қойдың етiн күйдiрiп, күлiн сiрке суына езiп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанын басады.

■Етi сылынып алынған қойдың сүйегiн шауып, ұзақ уақыт қайнатып, сорпасын мөшел балаға үнемi iшкiзсе, нәресте тез оңалады. Бұл ем сынықтың тез бiтуiне де көмектеседi.

-2

Бұрындары «әкесі қойшы ғой» немесе «қойшының баласы» деген кәдімгідей беделді атау болған. Оған қоса үлкендер «...қой бағып, құйрық жеген озар» деп қойшы баласының бағасын арттырып отырған. «Кезінде қой баққан шопандарыңның түкірігі жерге түпсейтін», «қойшы болып, құйрық май жегенге не жетер, шіркін?!» деп, өткенді еске түсіріп, аңсап отыратын қартты да жиі көреміз қазір.
«Қой шаруашылығы – екінші тың» деп ұрандатып, мектеп бітірген түлектердің қой бағуға, қырқуға шыққан қызыққа толы кезеңдері аға ұрпақтың күні кешегідей есінде. Жастық шағы жайлы сұрай қалсаң «біз қырықтыққа барғанда, шіркін...» деп бастайды әңгімесін. Шынымен де ата-бабамыз ежелден мал бағып, соның ырыздық-несібесіне кенелген. Бұл шаруашылық ешқашан сұраныстан шықпайтын, құнсызданбайтын, әрдайым өнім беріп тұратын кәсіп.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алма ғайып кезеңде қой шаруашылығының кенжелеп қалғаны жасырын емес. Бірақ соңғы уақытта қайта жанданған кәсіп тұрғындардың тұрмысының жақсаруына дем бере бастады. Мәселен 2018 жылы қой мен ешкінің санын қосқандағы саны 75705 болса, дәл қазір 138 487 басқа жетіп отыр. Бұл көрсеткіш соңғы бесжылдық үшін жаман болмаса керек.

Десе де саны артқанымен, нақ осы түліктің өнімдерінің қолданыс аясы әлі де болса тар. Өзімізге белгілі, көбіне-көп тек етін ғана пайдаланамыз. Деректерге сүйенсек, әлемде қойдан басқа бір де бір жануар ол сияқты сан түрлі өнім бермейді. Атап айтқанда, жүні, елтірі, терісі, қозы және қой еті, сүті – әлемдегі ең қымбат рокфор ірімшігі және құйрық майы.

Түліксіз тұрмысын елестете алмаған бабаларымызға қой кисе киім, жесе тамақ болды. Оның тұрмыстағы пайдасы түйе мен жылқы жануарынан да артық десек те болады. Жер ыңғайы мен шөпті де аса көп талғамайтындығын да дана халық білген. Мына бір дерек кімге де болса қызық болар. Аша тұяқтың осы түрі әлемде өсетін 800 шөптің 560-ын қорек ететін көрінеді. Ал қоймен салыстырғанда, ірі қара мал 420, жылқы 415 шөп түрімен қоректенеді екен.

Осыдан-ақ малдың ішіндегі көл-көсір табысқа кенелтетіні – қой екенін ұғу қиын емес. Ғалымдардың дәлелдеуінше, қойдың еті де сүті де адамның ағзасына күш-қуат беруден бөлек, дертке шипа бола алады. Тізбектеп көрейік. Қой етінің құрамында су – 68 процент, ақуыз – 17,3 процент, май – 13,6 процент, көмірсутегі – 0,5 процент болып түзіледі.

Бұған кальций фосфор, темірді қосып қойсақ, ғалымдардың «қой етінің талай дертке дауа» деп отырғанының жаны бар екенін бағамдаймыз. Мұндай деректерді тізбелеп отырған генетиктер қой етінің бүйрек қызметін бекемдеп, белсіздіктің алдын алатынын баса айтып отыр.

Қазақтың ежелден келе жатқан бір дәстүрі, ол жас босанған әйелге міндетті түрде бір қойды байлап оны қалжа етіп сою. Бұл – босанған әйелдің белі тез бекіп, сүйектері жылдам қатаюы үшін әуелден жасалынып келе жатқан ғұрып. Ауыр дерт меңдеген сырқаттарды, көз тиген баланы, ағза қорғанышын, яғни иммунитетін жоғалтқан адамды да қойдың етімен, сорпасымен емдеуді жөн көрген.

Қимылсыз мешел болып қалған балаға қойдың сүйегін қайнатып беріп, оның сорпасын ішкізіп отырған. Бұдан соң баласына көз тисе қара қойдың терісіне салу арқылы баланың бойындағы тіл-көзді алған. Абайсызда жылан немесе басқа уытты жәндіктер шағып алса, жаңа сойылған қойдың қаракесек етін сол шаққан жерге таңу тәсіліне жүгінген. Өкпесі ауырған адамға да осы өнімдерден ем-шара жасаған.

Созылмалы жөтелге шалдыққан сырқатқа қойдың өкпесін беру арқылы ем қолданған. Бұдан соң жиі несеп сындыратын балаларды қойдың терісіне салған. Қойдың майының өзі қаншама дертке дауа. Бұл туралы аудан түрғыны Шырынхан апа:

– Қойдың құйрық майы көптеген ауруға ем. Жөтелді басып, қақырықты босату үшін құйрық майды шыжғыртып, 50 г мөлшерінде ыстықтай ішеді. Тұмаудан болған созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке қосып ішеді. Балаларға тұмау тиіп жөтелгенде, алқымды, алақанды, табанды қойдың жылы майымен сыласа, сауығады. Ішуге және денедегі тері ауруына қолдану үшін қойдың майына дәрі өлтіреді.

Қойдың майы ағзадағы суық тию процесінің алдын алатындықтан, әжелеріміз бен аналарымыз жаңа туған нәрестесін қойдың майымен сылаған. Қойдың жілік майын қолқасына қақырық жиі жиналатын адамдарға беру арқылы бабаларымыз кезінде өкпедегі құрт ауруының алдын алған, – дейді.

Мұнымен қоса, қойдың сүтін ашыту арқылы жасалатын сусында адамның бойындағы қажетсіз микробтарды жойып жіберетін қасиет бар екен. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, дәрігердің көмегіне жүгінеміз. Мейлі ғой. Шипасын көріп жақсы болып кетерміз. Бірақ химиялық қоспалардан тұртын дәрі ауырған ағзамызға ем болғанымен, екінші бір ағзаның жұмысын әлсірететіндігін дәрігерлердің өздері де ескертеді.

Қазақ терiсі, құйрығы, жүні, өкпесi, тоқ iшегi, қарны, өтi, жiлiк майы, сүйегi – міне осылардың барлығының ауруға мың да бір ем екендігін бірнеше ғасырлар бұрын біліп, тұрмыста пайдаланды. Иә, таза табиғи өнімге не жетсін. Осы тұста оқымай-ақ, көшіп-қонып, табиғатпен етене байланыса жүріп, ғалым, философ, дәрігер болғандықтарына таңданбасқа шараң жоқ.

Жесең – тағам, ауырсаң – шипа, кисең киім болатын берекелі жануардың жыл сайын құны да артып келеді. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын жаңа туған қозы 500 теңгеге бағаланса, қазір кемі 10 мың теңге тұрады. Қойдың да пұлы сондай. Алдағы уақытта да төрт түліктің бағасы артпаса төмендемейтіні бесенеден белгілі. Сондықтан екі қолға бір күрек таппай, жұмыс іздегендер ата кәсіпке бет бұрса әбден болады. Білген адамға бейнетіне зейнеті татитын мал шаруашылығы – кәсіптің төресі.

Қазіргі кезде бақташылар мен қойшылардың еңбегі бағаланбайтыны рас, бірақ сол төрт түлікке барлық адамзат тәуелді ғой. Сондықтан, еті – уыз , сүті – бал, жүні – жібек, елтірісі алтын болып саналатын берекесі мол қой шаруашылығы ешқашан кенжелеп қалмауы керек.

-3

ҚОЙ БАСҚАРҒАН ҚАСҚЫРЛАР.

Қауымдықта шаншылған әр құлпытас –
Бабалардың қайыспас тұлғасындай.
Мұнда жатыр ерлік пен ерендіктің
Ғұмырлары, ұзарған мың ғасырдай.

Өрлік, ерлік бойына жинап алып,
Талай ғасыр куәсі сырға қанық.
Желге тосып маңдайын, күнге қақтап,
Аспан сүйеп тұрғандай нұрға малып.

Аты әлемге тараған тектіліктен,
Ұрпақ едік тараған Көк түріктен.
Ұйқылы-ояу біз жүрміз әрі-сәрі,
Арыла алмай мимырт ой, көп күдіктен.

Бізде бүгін түрліше ағымдар бар,
Күлді-көмеш тірлік те, жалын да бар.
Тереңдік пен берендік қанында бар
Үнділерде мынадай қағида бар:

«Бір отарға қасқырдан басшы қойса,
Қой қасқырға айналып кетеді екен.
Қой басқарса үйірін қасқырлардың,
Қасқыр байғұс қой болып кетеді екен».

Күндер кешіп келеміз өрісі кең,
Жарқырайды шын алтын көп ішінен.
Көк аттыға жақпайды ит үрісінен
Байға малай жағады жүрісімен.

Заман жалын тарайды күнге қарап,
Жесір жасын төгеді жерге қарап.
Елін жауға бермеген, жерін дауға
Қонай батыр, ер Төлеп, Асау, Барақ.

Үлкендердің тілегі түгенделді,
Кішілердің мүддесі көгенделді.
Орындығы биіктің көздеріне
Құрт-құмырсқа көрінер төмендегі.

Қайнап-қайнап зығырдан, буға айналды,
Асқақ арман адасып, мұңға айналды.
«Түлкі боғы – түсіміз» шынға айналды,
Тамылжыған тәтті әуен шуға айналды.
Хандарымыз жалданып, құлға айналды...

-4

Қойшы жыры.

Мен қойшымын елге есімі ұғымсыз,
Өмірді білмеймін еш ұғымыңсыз.
Үрейлі түндерде күзетте тұрам,
Ғарыштарға да тесіліп үнсіз.

Айқайдан тау мен жаңғырады аңғар,
Сол үннен тайсап абдырап аңдар.
Мен үшін әсте бұйым есепсіз,
Бөрілі түндер мен қарлы борандар.

Басқанда қатал тағдыр күйіне,
Ғаламға дейсің мәңгі кім ие.
Құба құм дала күңіреніп жатады,
Байғыз үнімен зарлы дүние.

Кей кезде көркем керіліп өңір,
Кеткенде кешем серілік өмір.
Сайын далада сағым жортқанда,
Ап бара жатады мені бірге нұр.

Жалғасып жатар әнім таңға алғы,
Айықтырамын жабырқау хәлді.
Желменен жалғыз жолдаймын сәлем,
Сары жонда жүріп сағынсам жарды.

Бөлініп көрмедім думанды ортадан,
Құмармын құзар шыңдар мен саған.
Құздарға салып шыңдадың өзің,
Өкпем жоқ титтей туған жер саған.

Жасыл шар бозға өзгеріп барады,
Ойласаң жасың көзге лық толады.
Табиғат ана зар жұтты бүгін,
Адамның санасын езбелік тонады.

Көңілге көктем сәнін сызбаған,
Жігерсіздерге жаның сызданар.
Реңсіз өмір жатады сөніп,
Алысты көрмей жалынсыз жанар.

Өткізсем де үнсіз ақпа ғұмырды,
Аңсаймын мәңгі ақ таңды нұрлы.
Кім білсін менің аңқау әлемге,
Тыныштық тілеп жатқандығымды.
Ақ қарға оранған ақпан мұңымды…
Мен қойшымын…

-5

ҚОЙ
– Төрт түліктің біріміз,
Қой деген біз түріміз.
Желеп-жебеп жүретін
«Қамбар ата» –
Піріміз.
Сонау шақтан,
Мұқымнан,
«Папаха» жасап тұтынған,
Елтіріні Кавказда
Алар біздің тұқымнан.


Қасқырлар мен қойлар
Қойларға күн көрсетпеді Қасқырлар,
Талай желке қиылды.
Қорғау жағын қарастырды басшылар.
Қойлар үшін тиімді
Кеңес құрып жиылды.
Көп бөлігі Қасқыр еді кеңестің,
Барлық Бөрі бірдей жыртқыш емес-тін.
Талай момын Қасқырды мен білген де ем,
Ондай мысал естен шыға қойған ба?
Отарға тым жақынырақ жүргенмен,
Тоқ кезінде тиіспейтін Қойларға.
Онда неге кеңеске қатыспасын ол мына?
Керек десе, кінәлаймыз Қойды да,
Қасқыр мүлдем жау емес қой ойлыға.
Ну орманда басталды сол кеңес те,
Болды ұсыныс, пікірталас, егес те.
Ақырында ойлап тапты заңды олар,
Былай десек, сондағы сөз дәл болар:
«Егер Бөрі бұзылып,
Шапса отарға қызығып,
Оны Қойлар қамалай,
Бет-жүзіне қарамай,
Сүйреп жүріп болсын сотқа баратын,
Ормандағы маңайда».
Еш нәрсе жоқ заңға қосып, алатын,
Әлі күнге көріп келем: алайда,
Дегенімен, Қасқырға ешкім тимеді,
Салса-дағы ойранды.
Керісінше, олар әлгі Қойларды
Тоғайларға сүйреді.

-6

-7

-8

-9

-10