Осман империясы мен Ресей мемлекеті арасындағы тартыс 12 рет соғысқа алып келіп, Қырым, Кавказ, Украина жерлерінің қолдан-қолға өтуге ықпал етті. Бұл соғыстар 1568 жылы басталып, арагідік 1918 жылға дейін созылды. Ресей мемлекеті теңіздерге шығу үшін Еуропалық Швеция мен Азиялық Иран мемлекетімен қалай соғысса - Осман империясыменде солай соғысты. Осы соғыстар тізбегі арасында айтулы соғыстарының бірі 1700-1713 жж. соғыс. Кейбір тарихшылар бұл соғысқа Осман сұлтаны ІІІ Ахмедке Қазақ ханы Тәуке ханның жазған хаты себепкер болды дейтіндерде бар. Жалпы, Стамбұл мұрағаттарынан Қазақ ханы Тәуке ханның Осман сұлтаны ІІІ Ахмедтен көмек сұрап жазған хаты табылған. Осман сұлтаны ІІІ Ахмед 1703-1730 жж. билік құрған. Ал Қазақ ханы Тәуке хан 1680-1715/18 жж. билік құрған. Әрине, тарихшылар арасында ІІІ Ахмед сұлтанның Ресей мемлекетіне соғыс жариялауына Қырым ханы Дәулет Керей ІІ себепкер болды дейтіндерде бар. Жалпы, 1700-1713 жж. орыс-түрік соғысына Ресей мемлекетінің Осман империясынан Қара те
1700-1713 жылғы орыс-түрік соғысы. Ресей патшалығының жеңілу себебі:
5 июня 20245 июн 2024
4
2 мин