Ауғанстанды мекендейтін қазақтар ХХ ғасырдың бас кезіндегі Кеңес Одағында ұжымдастыру салдарынан басталған кездегі шаруалардың көтерілісі кезінде ауып кеткен қазақтар ұрпағы. Әрине, қазақтардың Ауғанстан жерін алғаш рет қоныстануын ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары Ресей империясының отаршылдығынан қорқып, ауып кетті жорамалда бар. Ауғанстан жерін мекендеген қазақтардың басым бөлімі 70-80 жылдары социалистік жүйе орнаған кезде АҚШ, Пәкстан, Түркия, Иран елдеріне кеткен. Солардың ішінде Ауғанстан король әулетіне келін болып, ханшайым дәрежесін алған Сардарбекқызы Асия ханымда болған. Ауғанстан жерінде қалып қойған қазақтардың басым бөлігі 90 жылдары тарихи Отанына оралған. Бірақ қаржатының жетіспеушілігі мен өзінің қалауы бойынша қалып қойған отбасылар баршылық. Қазіргі кезде шамамен 3000 адам қалған. Ауғанстанды мекендейтін қазақтардың саны 1 млн дегенде нұсқада бар. Ауғанстандағы қазақтардың басым бөлігі Ауғанстандық Түркістан деп аталған солтүстік Балх, Құндыз уәлаяттарында тұрады. Ауғанста