Найти тему

Көксу өзенінің топонимдік анықтамасы жайлы жорамалдар

Көксу өзені Күнгей Алатауының мұздықтарынан бастау алатын Қаратал өзенінің сағасы. Қазан, Қараарық өзендерінің бірлескен бөлігі осы Көксу өзенін түзеді. Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандарын басып өтеді. Негізгі бөлігі Көксу ауданымен өтеді. Көксу өзенінің жағалауы Іле, Сарқан, Қаратал, өзендерінен флораның көптігімен ерекшеленеді. Көксу өзенінің жағалауында таулы-қыратты жері басым болғанымен ағаштар көп өскен, тоғайлы жерлеріде бар. Көксу өзенінің аңғарында егістік алқаптар көп. Әрине, егістік алқаптардың басым бөлігі Кеңестік кезеңде игерілгенімен Көксу өзенінің ирригациялық бөлігі саналатын Лабасы ауылдық округіндегі ХІХ ғасырда орыс деректерінде Шаңшаңырақ аталған Мәмбет ауылында орналасқан бөлігіде бар.

Көксу өзенінің топонимдік мағынасы жайлы әліде біртоқтам жоқ. Тек жорамалдар бар.

1. Көксу - жағалайындағы жасыл желекті өскіндер көп болғандығынан шыққан.

2. Көксу - көк аспан тіркесіне сәйкес бастауын биік тауларынан алатындықтан - жоғары тау жақтан ағатын өзен деген мағына береді-мыс.

3. Көксу - көктен, яғни аспаннан жаңбыр арқылы молаятын өзен.

4. Көксу атауы - өзеннің ішіндегі балдырларға мен тастағы қыналарға байланысты түстің өзгеруіне байланысты шыққан атау болуы-мыс.

5. Көксу өзенін биіктіктен ракурсқа байланысты қарап тұрсаңыз - өзен суы көкшілдеу болып тұрады.

Әрине, Көксу өзенінің түсін көкпеңпек деп айта алмаймыз. Бірақ Қаратал өзеніндегі балшыққа (ил) байланысты өзгерген түсіне қарағанда ашықтау.

Ұзындығы 205 шақырым

Сурет ғаламтордан алынды