Мұсылман жыл санауы бойынша һижраның 870 жылы Керей сұлтанның Қозыбасы жайлауында халық өкілдері жиынымен хан атанып, Қазақ хандығының құрылғандығы тарихтан белгілі. Бұны ортағасырлық тарихшы Үндістандағы Ұлы Моғол империясының саяси қызметкері Моғолстан мемлекетінен шыққан Қазақ халқының Дулат тайпасының әмірлерінен тарайтын Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" (абд-Рашид ханның тарихы) еңбегінде Қазақ хандығының құрылу тарихы мен уақыты баяндалады. Қазақ хандығының жоғарғы билеушілері аталған хандар Шыңғыс ханның Жошы ұлынан тарағандықтан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан монархиялық басқару десек болады. Бірақ Қазақ хандығының билікті иелену жүйесі көрші мемлекеттерден біраз ерекшеленеді. Қазақ хандығында мүлде басқа. Қазақ хандығында билікті иелену үшін - барлық ру-тайпалардың мақұлдауына ие болу керек. Қазақ хандығында билік - әкеден - балаға берілуі сирек. Қасым хан, Шығай хан, Есім хан және Кіші жүз хандары Әбілқайыр мен Айшуақ хандар ғана билікті ұрпағына бере білген.
Қазақ хандығының басқару жүйесін - қазіргі түсінікпен қарастырғанда қандай монархиялық басқару жүйесіне жатқызуға болады?
29 мая 202429 мая 2024
3
3 мин