Найти тему

ХІІІ ғасырда құрылған моңғол империясы мемлекетінің құрылуын - мемлекеттердің пайда болуы жайлы теориясы аясында талдау

1. Теократиялық. Бұл теорияға сәйкес мемлекет — Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан.

1.11242 жылы жазылған авторы белгісіз "Моңғолдың құпия шежіресі" кітабында Шыңғыс ханның, моңғолдардың және моңғол империясының құрылуын моңғол халқының анимистік және тотемистік түсінігімен байланыстырады. Тылсым дүниемен байланыс жасайтын бақсылардыңда рөлі айтылады. Темучинге Шыңғыс атағын берген бақсы қойғандығы тарихтан белгілі. "Моңғолдың құпия шежіресі" кітабында бірнеше мәрте бурхун, бурхун тауы атауы кездеседі. Бурхан атауы - моңғолша құдай, жаратушы деген мағына береді. Туғанда қолына қан ұстап туыпты деген түсінікті тылсым дүниемен байланыстырды. Жалпы шарадан шыққан сәбидің барлығы дерлік қолына қан жұғып шығады.

2. Даостық моңғол пірәдары, жазушы Лувсанданзан өзінің "Алтын тобчи" кітабында моңғол халқының пайда болуын, Шыңғыс ханның дүниеге келуін, Моңғол империясының құрылуын даостық түсінктермен байланыстырады. Кітапта даостық түсінктер басым.

Әрине, Лувсанданнан басқа авторлар Шыңғыс хан құрған Моңғол империясын құрылғандығын өздерінше түсіндіруге тырысты. Көптеген авторлардың еңбегінде Шыңғыс ханның өз мемлекетін құруға Жаратушының әсер еткендігі айтылады.

2. Психологиялық. Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Бұған бір адамнан билікке жету ұмтылысы мен өзгелерден билік құру үлгісін көшіру әрекеті жатады. Бұл теорияға сәйкес халық психологиялық түрде мемлекет құруға дайын болған кезде ұжымдасады.

Темчин моңғол мемлекетін құру үшін шамамен 20 жыл уақытын соғыста өткізген. Осы соғыста жеңген Темучин өзінің әулетін билікке орнықтырды. Әрине, Шыңғыс хан құрған Моңғол империясының құрылысына көрші елдердің басқару стилі әсер еткені анық. Тарихтан белгілі Моңғолдар өз мемлекетінің басқару үлгісін Керейт, Найман, Қытайлық мемлекеттерге үлгі етіп құрғаны.

3. Күштеу теориясы. Бір тайпаның - екінші тайпаны бағындыруы, бір халықтың - екінші халықты бағындыруынан мемлекет құрылады. Темучин басқарған моңғолдар көрші тайпаларды бағындыру үшін 20 жылдам астам уақытын жұмсаса, 1206-1259 жж. моңғолдардың үздіксіз көрші елдерді, мемлекеттерді бағындыру соғысына ұласты. Моңғолдар үстемдікке ие болып, оларға бағынған халықтар оларға ақшалай салық төлеп, империяны қорғау үшін әскери жасақтар беріп тұрды.

4. Табиғи құқықтық теория. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, тендік, еңбек жасау т.б.)- Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды.

1206 жылы Шыңғыс ханның басшылығымен моңғол империясы құрылмай тұрып, моңғол тайпалары бытыраңқы өмір сүріп, протомемлекеттік жағдайда өзге елдердің теперішін көріп отырған. Моңғол мемлекетін құруға тырысқан Шыңғыс ханның бабасы Кабуыл қаған Цзинь патшалығымен азаптап өлтірілген, Шыңғыс ханның әкесі Есуһей бахадүрді меркіттер улап өлтірген. Моңғол тайпалары біресе Керейттердің, Цзинь, таңғұт патшалығының құрамында болған.

Бұл теорияға сәйкес моңғолдар өзге елдердің бодандығынан азапталып, өзге елдермен теңдік жағдайды аңсап өз мемлекетін құрды.

5. Патриархалдық теория. Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы — монарх. Темучин 1206 жылы Шыңғыс хан атанбай тұрып, әкесінен қалған моңғолдың боржігін руының көсемі болған. Ол далалы аймақтарда үздіксіз болып тұратын шапқыншылықтан өз отбасын, руын, тайпасын, елін сақтап қалу үшін үздіксіз күрес жүргізгені белгілі. 1206 жылы Моңғол империясы құрылған тұста Шыңғыс хан өзін барша моңғолдың әкесі, патшасы ретінде таныстырып, өзін орнықтыруға тырысқаны белгілі.

6. Л. Гумилевтің пассионарлық этногенез теориясы - сыртқы факторлардың әсерімен 500-700 жыл аралығында күн сәулесінің бір жерге қатты түсу, әсер ету үрдісі бар. Осы үрдіс аумақтағы географиялық жағдайлар мен ұлттардың мінез құлқына әсер ете бастайды. Қуаңшылық, өзен-сулардың тартылуы, астық тапшылығы, халықтардың азаюы, үздіксіз соғыс. Осы жағдайды реттеу үшін бір халықтың, тайпаның көтерілуі байқалады. Оянған халықтың ішінен өзге халықтарға әсер ете алатын тұлғалар шығады. Мысалы: Ғұн империясы (Мөде шаньюй), Түркі қағанаты (Бумын қаған), Моңғол империясы (Шыңғыс хан), Жоңғар хандағы (Батыр қонтайшы). Тарихтан белгілі Ғұн, Түркі, Моңғол империясы мен Жоңғар хандығы Моңғолия жерінде құрылған

7. Географиялық теория. Империялар құрылуы мен халықтардың көрші елдерге үздіксіз шапқыншылық жасап тұруына осы халықтың мекендеген географиялық ортасы әсер етеді. Викингтердің, Моңғолдардың мекендеген ортасы ауа-райы жағынан қатаң болды. Қысы суы, жері егістікке бейімді болмады. Егістікке бейімді болмауына олардың Арктикаға жақын орналасуы әсер етті. Ірі тайпалардың өзен бойында қоныстанып алуы - кішігірім тайпалық бірлестіктердің жағдайын қиындатып, тіршілігін өзгелерден тартып алумен қамтамасыз етті. Қатаң климаттық жағдайда мекендеген тайпалардың мінезіде қатал болып, өз тіршілігін қамтамасыз ету үшін соғысуды ғана біледі. Соғысты жай ғана меңгеріп ғана қоймай, жетік меңгеріп, үнемі жетілдіріп отырады. Ресурстардың аздығы соғыстарды үнемі жойқын деңгейде жүргізуді мәжбүр етеді.

Викингтер Скандинавия түбегінің қатаң ортасынан шығып Гренландия, Солтүстік Америка. Англия жерінен дейін жорық жасап тұрған. ІХ ғасырда Скандинавиялық тайпалар кішігірім жасақтармен Шығыс Еуропа жеріне кіре бастаған болатын.

Осындай үрдісте Шыңғыс хан құрған және оның ұрпақтары басқарған Моңғол империясының жорықтарына тән

Суреттер ғаламтордан алынды