Жалпы, Иран ислам республикасының біздің түсінігіміз қабылдай бермейтін қоғамдағы мемлекет десек қателеспейміз. Бұл оның діни жүйедегі мемлекет есебінде ғана емес сонымен Иран халқының көпшілігі ислам дінінің шиіттік бағытын қоғамдық ұстанатындығымен, Бейсенбі, Жұма күндері демалыс күндерімен ерекшеленеді. Галстук тағуға ресми тыйым салынған. Күнтізбенің бірнеше үлгісімен өмір сүреді. Мемлекеттің ресми дипломатиялық басшысы президент саналғанымен рахбар аятолла одан жоғары тұрады. Жалпы, Иран қоғамының ерекшелігін қопара беретін болсаңыз - зайырлы қоғам мен қазақи ұлттық қоғамға мүлде өзгеше дүниелерді табуыңыз мүмкін.
Иран 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін өзін 360 градусқа мүлде өзгертіп жіберді. Билік Ислам революциясының жүзеге асырған шиіттік бірлестіктің қолына көшті.
Ресми либералдық, социалистік, социал-демократиялық, коммунистік партияларға тыйым салынған. Ирандағы саяси партиялыра Батыс саяси ұғымындағы партия түсінігінен өзгеше. Партия деп тіркелген саяси бірлестіктің көбісінің үйлестіруші орталығы жоқ. Бірақ қоғамға өзіне ниеттес бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әсер етеді. Иранда тіркелген саяси партиялардың барлығы шиіттік бірлестіктің ағымын елестетін сияқты. Ешбірі, саяси билікке ұмтылмайды. Рахбар билігін қолдайды. Партия жетекшілері президент әрекетін сынамайды. Тек партияға ниеттес бұқаралық ақпарат құралдары ғана сынайды.
Ирандағы саяси қайраткерлердің көпшілікке танылуы үшін ұтымды ойларымен қалыптасқан жүйеден саяси шешім шығара алуымен көрінеді.
Жалпы, Иран ислам республикасының саяси жүйесі жабық. Төменнен жоғары билікке келуіне көп кедергілер бар.
Ислам революциясынан кейін Иран билігі өзін шахтық абсолюттік монархияға және қаржылай демеушілік білдіріп келген алпуыт мемлекеттерге өзін қарсы қойған болатын. Осы әрекетімен Иран Ислам республикасы көптеген алпауыт мемлекеттермен қарым-қатынасы тұрақты, достық ниетте емес.
Иран Ислам Республикасы 1948 жылы Таяу шығыста құрылған Израиль мемлекетін мойындамайды. Енді бұл саяси идеологиялық қарсы тұру. Тіпті, Таяу Шығыстағы ықпал ету аймағын кеңейту шиіттік мемлекеттер мен қауымдастықтарға қолдау көрсету, Ислам үмбетінде өзін орнықтыру әрекеті болуыда мүмкін. Жалпы, бұл Иран ислам республикасының Израиль мемлекетін мойындамауын бірнеше контексте қабылдауға болады. Бірақ Иранда тұратын еврей қауымдастығы Израиль мемлекетімен ресми қарым-қатынас орнықтырған. Ирандық еврейлерде парламентте өз өкілі бар. 1980-1988 жж. болған Иран-Ирак соғысында Израиль мемлекеті Иранға қолдау көрсетті деген әңгімелерде бар. Жалпы, Иран мен Израиль арасында қарым-қатынас өте күрделі әрі түсініксіз.
1979 жылы Иранда орныққан теократиялық режим елде президенттік-республикалық жүйені орнықтырды.
Жоғары басшы рахбарды - азынаулақ діни кеңес сайлап, жыл сайын ұзартып отырады. Ал президентті тікелей халық сайлайды. Өкілеттілігі 4 жыл, бір рет ғана сайланады. Қазіргі кезге дейін Иранның екі президенті қызметтік бабында қаза тапқан. Иран Ислам Республикасының екінші президенті Мохаммад Али Раджай 1981 жылы қастандықпен өлтірілген.
Екінші болып қызметтік бабында қаза тапқан Иран Ислам республикасының президенті Ибрахим Райси болды. Оның ұшағы кеше 19 мамырда Әзірбайжан мемлекетінен дипломатиялық келіссөздерден келе жатқан апатқа ұшыраған болатын.
Жалпы, Иран президентінің ұшағының апатта ұшырағанын кешеден бері халықаралық ақпараттық құралдар мен ирандық арналар жариялаған болатын.
Иран президентінің қайтыс болғандығы туралы ақпаратты шетелдегі оппозиялық шахтық ақпараттық құралдар жеткізген болатын. Кейін Украиналық блогерлер мен Еуропалық және американдық арналар жарыса жазған болатын.
Ақпараттық ресурстар ұшақтың апатта ұшырауын - израильдың барлау мекемесімен, түркия мен әзірбайжанмен тіпті америкамен байланыстырғандарда болды.
Израиль арнайы барлау мекемесі Иран президентінің апатқа ұшырауына қатысы жоқтығын мәлімдеп үлгерді.
Бүгінге дейін ұшақ құлаған Иран аймағында арнайы құтқару операциясы жүргізілген болатын. Ирандық ақпарат құралдарында президент тірі болуы мүмкін деген жорамалда айтылған болатын.
Ұшақ құлаған аймақ ауа-райының қолайсыздығынан құтқару жұмыстарын жүргізу оңай болмады.
Ұшақ ішінде болған азаматтарды іздеуге Ирандық Жарты ай қоғамы мен арнайы күштік құрылымдарда жұмылдырылған болатын.
Бүгін 20 мамыр күні Ирандық ириб, мехр, ирна ақпараттық құралдары президенттің қайтыс болғандығы жайлы ақпаратты бірауыздан жариялай бастады.
1960 жылы дүниеге келген Ибраһим Раиси 1979 жылы Ирандағы Ислам революциясын тікелей жүзеге асырушы ортаңғы деңгейлі революционерлердің қатарында болған. 1981 жылдан бастап прокуратура саласында қызметтен бастаған бұл тұлғаның мамандығы жайлы нақты ақпараттар жоқ. Оның саяси оппоненттері Ирандағы қылмыскерлер саяси оппозияға қатаң жаза үкімін шығарушылар қатарында болған дейді. Ибраһим Раисидің президенттіке билікке келуін рухани көсем рахбар аятолла Әли Хомейни діни билікті қатайту үшін қойған кандидаты деп есептейтіндер бар. Жалпы, оның президенттік қызметке сайлануына сенімсіздікпен қарап, сайлау қорытындысымен келіспейтіндер көп. Ибраһим Раисиді президенттік қызметке келуін кездесоқ деп қарастыратындарда бар. Ибраһим Райси Иран Ислам Республикасында қазіргіге дейін болған 8 президенттердің ішіндегі ең құпиялылығы көп адамдардың бірі.
Ибраһим Раиси - Ирандағы шиіттік қауымдастық радикал қанатының өкілдерінің бірі болған.
Жалпы, Ирандағы саяси жүйе өте күрделі - ресми түрде саяси партияларға тыйым салынғанымен олардың қоғамдағы орнын саяси ассоциациялар мен қауымдастықтар, бірлестіктер басқан.
Ибраһим Раиси билік құрған 2021-2024 жж. Иран қоғамы үшін өте күрделі кезеңдердің бірі болды.
Иранда аятолла Әли Хомейни мен президент Ибраһим Раисидің биліктен кетуін талап еткен бұқралық толқулар болып өтіп, Махси Аминидің өліміне қарсылық науқаны "ар полициясының" жойылуына әкелді. Иран ресми түрде Израиль мемлекетімен қақтығысқа түсті. Иран мен Израиль мемлекеттері бір-бірінің аумағын атқылады. Иран алғаш рет Израиль мемлекетіне қарсы соққы берді.
Бірақ экономика тұрақталмай, өсім байқалмады.
Иран мемлекеті Украина жанжалына бейресми араласушылардың қатарынан табылды. Ресейді ұшқышсыз аппараттармен қамтамасыз етті.
Иранды президенттік лауазымдық қызмет атқарған кезде - Ибраһим Раисиді келесі мемлекеттің жоғарғы басшысы рахбар аятолла болады деген жорамалдарда айтылып жатты.
Әзірбайжанды Қарабахтағы конституциялық тұрақтылықты еңгізу әрекетіне тікелей қолдау көрсетпей Армениямен одақтасу әрекеті байқалды. Иран тарапы Әзірбайжанмен шекаралық қақтығысқа барып қала жаздады.
Иран мемлекеті көпұлтты мемлекет. Парсыдан кейінгі саны жағынан көп ұлт - әзірбайжандар. Ирандағы әзірбайжандар - Иранда бірнеше мәрте өз әулетін орнықтырып, өз мемлекетінде құрған халық.
Сондықтанда Ирандағы ішкі және сыртқы саяси жағдай өте күрделі - оған Ауғанстан, көрші араб елдеріндегі жағдай, халықаралық саяси тартыстар, мұнай бағасының біресе түсіп - біресе көтерілуі өте қатты әсер етеді. Иранның ішінде күрдтердің, әзірбайжандардың, арабтар жағдайы - бұқаралық наразылықтардың бір шеті ғана.
Бүгінгі Ирандағы құтқару операция біраз жайттарды нақтылап берді - Иран президентінің қайтыс болғандығын растап, оның ұшақ ақауынан апатқа ұшырағандығын айттылды. Президент ұшағының апатқа ұшырауына ауа-райы қолайсыздығы мен тікұшақтағы механикалық ақауы, тікұшақтың дұрыс еместігі (техникалық жағынан), тікұшақтың ескіргені (Иран президенті отырған тікұшаққа 50 жыл болған) себепкер болғандығы айтылуда. Яғни, президент ұшағының апатқа ұшырауына - өзге елдердің әсері жоқ деп пайымдауымызға болады.
Иран қоғамы не күтіп тұр? Райси қазасы Иранға және Таяу Шығысқа қалай әсер етеді?
1. Ибраһим Райсидің қайтыс болуымен Иран билігіндегі революцияны тікелей ұйымдастырушылар қатары биліктен кетіп, билікке жаңа буын келуі мүмкін.
2. Райси кезіндегі бұқаралық толқулар - жаңарған азаматтарды билікке әкелуі мүмкін.
3. Иранда жалпы баяу болмаса да - саяси жаңару кезеңі басталады.
4. Жаңадан сайланған президент - Ауғанстан мен Палестина мәселесіне жаңа көзқарас әкелуі мүмкін.
Иран ислам республикасының уақытша міндетін атқарушы вице-президент Мохаммад Махбирдің ел президенті болып сайлануы да сайланбай қалуыда мүмкін.
Әзірше Иран ислам республикасында бірде-бір вице-президент ел президенті болып сайланбады. 69 жастағы халықаралық қатынастар мен менеджмент саласының докторы атағы бар Мохаммад Махбир аса қоғамға танымал саясаткер емес. Президентке кандидатар діни ғұламалар кеңесінің құптауын алуы керек
Сурет ғаламтордан алынды