Қараша айында қараңғы ерте түседі ғой. Сағат кешкі алтыдан бастап көшенің бәрі көк түске батып, түнді қарсы алуға дайындалады. Сол жылы қараша айының басында қатты аяз соқты. Қар да жоқ, жаңбыр да жоқ, бірақ аязбен бірге көтерілген Шығыстан келген жел біраз адамды тоңдырды. Шаңды да көтеріп үлгерді. Бірақ салқын көп тұрмады да, бір екі аптадан кейін күн сынды, жел басылды, сосын бір күні жапалақтап қар жауды. Күн жылынғандай болды. Даланы, көшелерді, аулаларды аппақ қар басты. Сырт кәдімгі әп әдемі, ертегідей, болып тұрды ғой негізі сол сәттерде. Бірақ ол да ұзаққа созылмады... Күн жылып, қард ери бастады. Сосын аздап жаңбыр жауғандай болды, одан кейін қайтадан аяз соқты... Сүйтіп күні кеше ақ болып жатқан кілем бір шеті ақ, бір шеті сұр, бір шеті балшық аралас қоңыр түстерге боялды, бір шеті су боп еріді де сұр және балшық араласқан мұзға айналды...
Осылай Атырау Желтоқсан айын бастап, жаңа жыл қарсы алуға бет бұрған кезі еді.
Қаланың бір кеңес үкіметінен қалған «хрущевка» деп аталатын үйлердің қатар қатар болып орналасқан мөлтек ауданыны. Әр үйдің алдында трансформатор. Әр үйдің алдында екі немесе үш терек. Анда мында табылған орындарға қойылған көліктер. Алыстан естілетін үлкен қаланың дыбыстары. Түн жамылған аула уақыт өткен сайын тынышталып келуде. Жарқырап жанып тұрған терезелердің де саны азаюда.
Сол жерде тұрған корпус үйлердің бірінде, төртінші қабатта орналасқан бір пәтердің жарығы түннің бір уақытына қарамастан әрі сөнбей тұр. Нақты айтып кетсек, ол Ғылыми зерттеу институтының инженеры Сансызбай ағамыздың шаңырағы, шаңырағының кухнясының жарығы еді. Онда Сансызбай ағамыз және оның жұбайы Айман бір біріне қарама қарсы сол асүйдің қақ ортасында орналасқан устелдің басында отыр еді. Дәлірек айтқанда Санзыбай ағамыз жұбайының әңгімесіне құлақ түріп отыр еді, тағы да дәлірек айтқанда Сәке Айман апамыздың наразылығын тыңдап отыр еді және оның небір небір қиын сұрақтарына шама келгенше жауап беруге тырысып отырған жағдай еді... Келесі бөлмеде болса кереуетінде дөңбекшіп, ұйықтай алмай, сары уәйымға түсіп, әрлі берлі аунап, неше түрлі ой ойлап жатырған жетінші сынып оқушысы Азамат еді. Оның жасөспірімдік ақылында бүгін тым көп зат араласып кетіп, миы, жалпақ тілмен айтқанда, кәш болып кеткен ғо. Мектепте де оңай күн болмаған ғой, онымен қоса үйіндегі әке-шешесінің алаңдаушылығы, жалпы үйдегі мазасыздық берілді. Мәселе ақша жетіспеушілікте жатыр. Тамақ бар, жылу мен свет бар деген сияқты. Оған қоса киім-кешек дегендер бар. Анда ақша жинайды, мында тапсыру керек... Бәрі қосылып ақшаға келіп тіреліп тұр. Әйтеуір үлкендердің бір біріне ашуланып айтқандарынан Азаматтың түсінгені осы еді. Үйде ақша жетіспей жатыр екен. Ол тақырып туралы жайлап мектептегі достарының әңгімелерінен тың тыңдап қарап еді Азамат, олардың көбінің үйіндеде шамамен тап сондай проблема екен. Жанұя бюджетінің көлемі ортақ тақырып екені айдай анық...
Ішкі жасөспірімдік қиялдары мен уайымдары да бар оның үстіне...
Қалай болсада, аяғында Азамат сағат ондарда жатып қалған еді, бірақ сағат он екіден кетті, бірақ әлі ұйқы жоқ, былай домалайды, былай домалайды... Жардың әрі жағынан, әкесі мен шешесі отырған кухнядан естілетін тек «бу бу бу». Сол «бу бу бу» сөздері түсінксіз болсада, тақырыбы белгілі– үйдің қаражат жоспары, яғни ақша туралы әңгіме. Осы «бу бу бу» мен ортақ уайым Азаматқа ұйқы беретін емес. Ақырында Азамат шалқасынан жатты да, бүгінгі өтіп кетіп бара жатқан күнді есіне түсірмек болды. «Қалай өтті күн? Не істеппін бүгін? Қалай болды?» деген сұрақтарды ойлады. Есіне еп ерте тұрып алып, тамағын ішіп алып ән тыңдағаны есіне түсті. Сол кезде кеудесі романтакалық сезімге толғаны бар еді. Сосын Азамат бір кішкентай белгіше значок бар еді, соны рюкзагына тағып қойып, біраз айнаның алдында тұрғаны да бар. Таңертеңгі қараңғымен, көшенің бойымен, хрущевкалардың арасыменен мектепке барғаны есіне түсті. Күн керемет басталып жатыр еді негізінде. Жақсы әңгіме, ойын, күлкі... Содан екінші сабақта, Геометрия болып жатқан кезде, Азамат аяқ астынан, күтпеген жерде «Үш» бағасын алып қалды. Одан көңіл күйі әбден түсіп кетті ғой кәдімгі. Кімге ренжірін білмей қалды ғой. Тақтаға шығып еді, сабақты қалай жақсы оқысада, берілген есеп дым түсініксіз болып көрінді ғой... Түкте шеше алмай былай тұрды, былай тұрды, бірнеңе жазды, аздап айтқандай болды... Сосын қалды бәрі өз жайына. Мұғалім төменгі бағаны қойды. Неден көңіл түсті: өзінің білімсіздігінен бе? Мұғалімнің бағасынан ба? Әлді өзіне қатты ұнайтын Жаннаның алдында ұят болғаны ма? Енді қалай болсада, болатын іс болды. Одан кейінгі сабақтар жақсы өткендей болды. География сабағы дұрыс болмады: мұғалім өз шаруасыменен кетіп қалды бір жерге. Сынып қатты салқын болғанмен, сыныптың іші жайлы. Сабақ бойы Азамат достарымен жақсылап әңгіме соқты. Сүйтіп кеш те келді. Оқушылар тарады. Азамат бір сол күнге қойған үлкен миссиясын орындады: ол шауып барып Жаннаның орындығын партаның үстіне қоюға көмектесті. Жанна жымиып күлді. Одан басқа қандай қуаныш керек болды Азекеңе? Соған көңілі толып, шаршағанын сезіп, Азамат та жаяу үйіне қарай кетті. Бұлтты күн, аспан сұп сұр, жерде қара және сұр еріген қар, балшық та, шалшық та бар. Қаланың бәрі бір сұр түске боялған тәрізді. Азамат бір көңіл күй болмай, қиялдап, ойланып жәймендеп жүрді. Үйге жақындаған кезде жолдан самса сатып алды. Соны жеп тұрып үйдің қасындағы құрылыс алаңына қарады. Биік сұр түсті қисық қоршау. Әрі жағында бір қара түтін көрінеді. Стройканың ортасында үлкен құбыжыққа ұқсас тіреу свайларын қағатын қондырғы жұмыс жасап жатыр. Қатты гүрс гурс еткен тарсыл естіледі... Свайға қарап тұрғанда Азамат бір есіне жаздың шуақты күнін есіне түсіріп еді... Тап осы қоршау, тап осы құрылыс алаңы. Бірақ күн шақырайып тұрған еді. Әкесі Азаматқа «Лига Чемпионов» ойынын, финалын қарауға Еуропаға барамыз!» деп айтып қалған еді. Сол себептен Азамат сол свай соғылып жатқан стройкаға қарай берді. «Болады ма ол, болмайды ма... Еее...» деп ойланды ол. Тұрып тұрып кетті үй жаққа қарай... Сол болды бүгінгі Азаматтың күні негізі. Осы келді оның есіне. Азамат тұрды да, терезенің алдына келді. Аула тып тынып, қараңғы. Трансформатордың артында балабақша, соның қақпасының қасында қисайған көше шамы. Жерде балшық аралас еріп жатқан қар. Аспанда бұлттар. Азаматтың көзінің алдына Еуропадағы стадион келді, стадионға кіріп жатқан футболшылар елестеді, олар, әрине, Азаматқа қол былғап сәлем жолдайды... Сол сәтте Азамат кухнядан үлкендердің қатты шыққан дауыстарын естіді. «Әй, сен де бір болмайтын заттарды армандайды екенсің!» деп өзіне риза болмады да Азамат мектепке дайындығын тағы да бір тексермек болып, сөмкесін ашып қарады. Оның ішінде дәптер мен кітаптар текшеленіп салулы тұр. Және де Жаннадан екі күнге оқуға алған кітап жатыр. Соны Азамат шығарып алып қолында біраз ұстап тұрды. Кітаптан ерекше жағымды иіс келді. Азамат жайлы сезімге толды да, кітапты кері салып тастады. Сосын кереуетке жатып алды да, бірден ұйықтап кетті.
Қараша айының соңғы жұлдыздарында қар екі күн бойы жауды. Жер аппақ болды. Бірақ қар Жаңа жыл мейрамына дейін тұрмады. Жаңбыр жауды. Балшық болды. Сосын жел тұрды, онымен жер де кепті. Жылдың аяғына дейін жер қарсыз, құп құрғақ болып, сырт аяз болып, жел Шығыстан соғып тұрды.