1945 - 1946 жж. Германияның Нюрнберг қаласында өткен Екінші дүниежүзілік соғысты тұтандырушы Германия саяси элитасына қарсы бағытталған сот процесінде фашистік идеология айыпталған болатын.
Келесі жылы Токио қаласында соғысты тұтандырушы Жапония империясының әскери-саяси қызметкерлеріне қарсы сот процесі басталып, осы сот процесінде Жапон ұлтшыл милитаристік идеологиясы адамзатқа қарсы деп айыпталды.
Осындай сот процесстері Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия, Италия, Жапония мемлекеттерін қолдаған елдерінде болып өтті. Тек соғыстан дер кезінде шыға білген Испанияда өтпеді.
1945 жылы 8 мамыр күні Германия қарулы күштерінің бас штабы антифашистік коалиция елдерінің алдында тізе бүккендігін жариялады. Құжаттық қол қою басында 7 мамырда кейін 8 мамырда екінші мәрте жасалды. 8 мамыр 23:01 жасалған қол қою КСРО уақытымен 9 мамырға сәйкес келді.
Еуропа елдерінде 8 мамыр "Еуропа күні" немесе "фашизмді жеңген күн" деп бекітілді.
Бұл күн 1922 жылы Италия ресми идеология болып бекітіліп, кейін Германия, Испания елдерінде дамыған фашизм идеологиясы қарсы күрескен азаматтардың ерлігін есте сақтауға бағытталады.
Германияда 1933-1945 жж. орныққан нәсілшілдік идеология осы фашизм идеологиясының бір бағыты болып табылады.
Бұл мереке Еуропа елдерінде "Еуропа күні" немесе "фашизмді жеңген күн" деп аталғанымен бірқатар елдерде "азат ету күні", "фашизмнен азат ету күні", "ұлттық бірлік күні" деген атаулармен аталады
Сурет ғаламтордан алынды