Найти в Дзене

Қырғызстандағы "қызғалдақтар" революциясы

Посткеңестік елдер арасында Қырғызстан мемлекет басшысы мен билеуші партияның революция арқылы күшпен ауысуы жағынан көш бастап тұр. Қырғызстанда президенттердің барлығы дерлік күшпен ауысты десек қателеспейміз. Тек Роза Отунбаева ғана билік тапсыруы бейбіт өтті. Қырғызстан тұңғыш президенті Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Сооронбай Жээнбеков халықтың бұқаралық наразылығы арқылы биліктен кеткен болатын. Қырғызстанда билікті жиі ауысуын сарапшылар - экономикалық тұрақтанбауына көреді. Бірақ қырғыз валютасы көрші елдерге қарағанда тұрақты. Бәлкім, мәселе халықтың көптігі жер аздығы болар. Қырғызстан халықтың көбеюімен шығатын мәселелерді ретке келтіре алмай жатыр. Билік президенттік басқарудан - парламентке ауысып еді нәтиже бермей, қазір қайтадан президенттік жүйеге келмеді. Әліде Қырғызстанда билікті күшпен алуға ниетті күштер бар. Қырғызстандағы осынау биліктің күшпен жиі ауысуының басы 2005 жылы басталған "қызғалдақтар революциясынан" басталады. Бұл революциядан 15 жыл бойы билікте о

Посткеңестік елдер арасында Қырғызстан мемлекет басшысы мен билеуші партияның революция арқылы күшпен ауысуы жағынан көш бастап тұр.

Қырғызстанда президенттердің барлығы дерлік күшпен ауысты десек қателеспейміз. Тек Роза Отунбаева ғана билік тапсыруы бейбіт өтті.

Қырғызстан тұңғыш президенті Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Сооронбай Жээнбеков халықтың бұқаралық наразылығы арқылы биліктен кеткен болатын.

Қырғызстанда билікті жиі ауысуын сарапшылар - экономикалық тұрақтанбауына көреді. Бірақ қырғыз валютасы көрші елдерге қарағанда тұрақты. Бәлкім, мәселе халықтың көптігі жер аздығы болар. Қырғызстан халықтың көбеюімен шығатын мәселелерді ретке келтіре алмай жатыр.

Билік президенттік басқарудан - парламентке ауысып еді нәтиже бермей, қазір қайтадан президенттік жүйеге келмеді.

Әліде Қырғызстанда билікті күшпен алуға ниетті күштер бар.

Қырғызстандағы осынау биліктің күшпен жиі ауысуының басы 2005 жылы басталған "қызғалдақтар революциясынан" басталады. Бұл революциядан 15 жыл бойы билікте отырған Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев биліктен кетуге мәжбүр болды.

ТМД-дағы ресейлік сарапшылар бұл төңкерістің артында американдықтар тұр деп айтқан болатын.

Сенуге болады, олай деп қабылдамасақта болады. Жалпы Қырғызстандағы "қызғалдақтар революциясына" сыртқы фактордан қарағанда ішкі фактор шешуші рөл ойнағанға ұқсайды. Қырғызстандағы үш революцияны сырттан қаржыландырды не әсер етті деу қиындау. Мемлекет кішкентай. Орталық Азияда аса бір шешуші рөлді атқармайды. Тәжікстанмен шекаралық даулы мәселелері бар. Олар енді ғана ретке келтіріп жатыр.

14 жыл бойы Қырғызстанда (1991-2005 жж) билік бір әулеттің қолына шоғырлануы баяу болса да жүріп жатты. Президент сайлау науқанын әкімшілік ресурстар арқылы жүзеге асырып отырды. Билік пен халық арасында алшақтауы байқалды. Президент өз билігін ұлы Айдар Ақаевқа беру жүйесін бастап кеткен болатын. Айдар Ақаев белсенді саясатпен араласып, әкесінің сүйеушісі болды. Жалпы, сол кезде де қазіргі кезде Ақаевтар Қырғызстан саясатында белсенді рөл ойнаған болатын. Қазіргі кезде Асқар Ақаев 19 жылдан Қырғызстанға қайтып келгенімен, саясатқа белсенді араласпайды. 19 жыл ішінде оның қызы Бермет Ақаева саясатқа белсенді түрде араласып отырған. Қазіргі кезде Бермет Ақаева Қырғызстан саясатында белсенді саясаткерлердің бірі.

Асқар Ақаев кезінде оның әйелі Майрам Ақаеваның кадрлық тағайындауларға жиі араласқандығы айтылады.

14 жыл бойы президент әкімшілігі елді Асқар Ақаев төңірегіне біріктірудің орнына кландық олигархияның өсуіне жағдай жасағандығын байқатады.

Мемлекет экономикасының қозғаушы ресурстық қазба байлықтың жоқтығыда - халықтың кедейленуіне әкелді. Халық әлеуметтік жағдайдың жақсармауын президенттен көре бастады. Аумақтық даму дисбалансы байқалды. Оңтүстікте экономикалық өсім баяу жүрді. Мемлекет астанасы орналасқан солтүстік дамып, оңтүстік кенжелеп қалды.

2005 жылғы парламент сайлауында оппозиция мүшелерінің кандитатураларының тіркелмей қалуыда саяси даудың басталуына себепші болды.

Парламент сайлауында президенттік партияның жеңіске жетіп, оппозиция мен оңтүстік аймақтардың кандидатурасының өтпей қалуы халық наразылығына әкелді.

Сайлау қорытындыларын қайта қарау бойынша жалпыхалықтық наразылықтар басталды. Наразылыққа шыққан азаматтар Асқар Ақаевтың биліктен кетуін талап етіп, президент шетелге кетуге мәжбүр болды.

Наразылыққа шыққан адамдардың қолында қызғалдақ гүлінің болғандығы айтылады. Осыған байланысты революция - "қызғалдақтар революциясы" болды делінеді. Ресейлік сарапшылар төңкерісті американдықтар қаржыландырғандықтан өздерінше "қызғалдақтар" революция деген атау берді дейді өзге посткеңестік елдердегі революциялармен байланыстыру үшін (Грузияда 2003 жылы "раушан гүлдер" революциясы болды). Наразылыққа шығушылар Бішкектегі парламент үйінің жанындағы гүлзарларды өсіп тұрған қызғалдақтарды жұла отырып, бір-біріне беріп - халықтың билікке жақындығын көрсеткісі келгеннен кейін революция - "қызғалдақтар революциясы" деп аталды деген жорамалда бар. Наразылықты ұйымдастырушылар қарсылықтың елді біріктіруші символын іздеп қызғалдақтарды гүл дүкендерінен алып таратты деген жорамалда бар. Жалпы, бұл төңкерістің неге "қызғалдақтар революциясы" деп аталды дегенге жорамалдар көп. Барлығыда шындыққа біраз жақын келеді

-2