Найти тему

Неліктен КСРО-да саяси өзгерістер мен индустрияландыру үнемі білімді көтерумен қатар жүрді?

КСРО өзінің түпнегізін дамыған Еуропа елдерінен әлдеқайда артта қалған Ресей империясынан басталғаны белгілі.

Тарихтан белгілі Ресей империясында индустрияландыру жүрмегені. Бірақ Ресей империясын индустрияландыру нышандары байқалғаны белгілі. Оралда завод-фабрикалардың шоғырланғаны тобы болды. Дегенімен, Ресей империясы аграрлық мемлекет болды. Ресей империясының аяғын басқан мұрагері саналған КСРО 1925 жылы индустрияландыру үрдісін бастаған кезде Еуропа мен АҚШ-тан 50 жылға артта қалып қалған еді. Тіпті Жапония империясы ХХ ғасырдың басында өзін индустриялдық мемлекет ретінде таныстырды. Ал КСРО өзін индустрияландыру үшін бастапқы кезде шетелдік мамандарға тәуелді болды. КСРО өзін индустрияландыру үшін Германия мен АҚШ-тан жұмысшы күшін шақырды.

КСРО-да үнемі маман тапшылығы сезіліп, шетелдерді индустрияландыру жарысында қуып жете алмаумен болды.

Сондықтанда КСРО-да индустрияландыру басталған кезде ұлттық республикаларда жоғарғы оқу орындары бірге салынды.

Кеңес азаматтарының білімін көтеру саяси өзгерістер мен индустрияландыру жағдайында аса керек болды.

Кеңес Одағында басталған Сталиндік индустрияландыру басым түрде ауыр шаруашылығын құрбандыққа шала отырып, өз күшіне сүйенуге бағытталғанымен - американ, герман мамандарын шақыруға мәжбүр болды.

КСРО көлік құрылысын дамытуға - АҚШ-тың "Форд" компаниясы қолдау көрсетті. Американ архитекторы КСРО-дағы ірі су қоймалардың сызбасын сызды. АҚШ банктері КСРО-ға қарыз ақша берді.

Хрущевтік индустрияландыру кезеңінде де КСРО - АҚШ-тан үлгі алуға тырысты. КСРО ауылшаруашылығын индустрияландыруда АҚШ-тан үлгі алуға тырысты.

Брежнев кезіндегі индустрияландыруда КСРО көлік құрылысы Еуропалық көлік құрылысынан үлгі алды. Оған КСРО-да ВАЗ автокөлігінің Италиялық ФИАТ компаниясының үлгісімен шығарылғаны.

КСРО-ның социалистік экономикамен капиталистік елдермен бәсекеге түсе алмауы - мамандарды үнемі даярлықтан өткізуге себепкер болды.

КСРО индустрияландыруы - адамның шығармашылығын қолдауға емес оған қосымша жұмыс орнын тауып беруге бағытталған социалистік экономикаға бағытталғанымен тығырыққа тірелді.

КСРО-ның техникалық жоғарғы және арнаулы оқу орындары жыл сайын миллиондаған мамандарды шығарғанымен олардың жұмыс істейтін орындарындағы техникалардың жаңаруы баяу жүрді.

КСРО - әлемдік саяси өзгерістер мен индустрияландыру жағдайында өз өнеркәсібін көтеру үшін мамандарды даярлауды үздіксіз жүргізгенімен саяси-экономикалық кедергілерге тап болып отырды.

КСРО-да жұмыс орнын жаңарту оны қайта жарақтау, жаңа техниканы тәжірибеге еңгізу жылдар бойғы шешімін таппаған мәселелердің бірі еді. Себебі, өндіріс орындарының табысы мен тапсырысы үнемі партиялық басшылыққа тәуелді болды. Кеңес экономикасы экстенсивтік жағдайда дамуыда жұмыс орындарында индустрияландыруға кері әсерін беріп отырды

-2

-3

Суреттер ғаламтордан алынды